География Материктер мен аралдар 5-сынып

 5-сыныпта өткізілген бұл сабақта материктер мен аралдар жайлы , мұхиттар туралы оқушыларға жаңа мәліметтер берілді.Картамен,глобуспен , интерактивті тақталарды кеңінен қолдану арқылы түсіндірілген бұл сабақ оқушылар үшін өте қызықты болды.Топқа бөлу арқылы өткізілген бұл сабақта топтық жұмыс та,жеке және де жұптық жұмыс та жасалды  5-сыныпта өткізілген бұл сабақта материктер мен аралдар жайлы , мұхиттар туралы оқушыларға жаңа мәліметтер берілді.Картамен,глобуспен , интерактивті тақталарды кеңін...
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:5 «а»

Сабақтың тақырыбы : Материктер мен аралдар

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушылардың құрлықтар,аралдар туралы түсініктерін қалыптастыру.Құрлықтарды салыстыра отырып оларға сипаттама беруге және глобус пен картадан таба білуге үйрету,топтық жұмыста жолдастық көмекке баулу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар материктердің ерекшеліктері туралы білім алады,аралдардың пайда болу жолдарын ұғынады,топтық жұмыста жолдастық көмектің маңызын түсінеді

Түйінді идеясы: Материктер де,аралдар да жердің ажырамас негіздері

Сабақтың әдіс- тәсілдер,жұмыс түрі:Ыстық орындық,Мағынаны таны,Білім шырағы

Ресурстар : Интерактивті тақта, оқулық, маркер, шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.

Бағалау: Жұптардың өзара бағалауы,топтық бағалау.

Сабақтың барысы:

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Кіріспе

1.Мұғалім амандасады, оқушыларды түгендеу

.О,Жер-ана!

Кең пейіл,құшағың кең!

Саған көңіл бұлқынар күш ағынмен,

Сағынышты қанат қып саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен!Бұл өлең шумақтары туралы не айта аламыз?

2. Үй тапсырмасы "Ыстық орындық"әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастырады.

3.»Жерді сипатта» оқушылардың қолындағы алма немесе жұмыртқаны аршыта отырып ,жердің ішкі қабаттарына сипаттама жасату.

1.Оқушылар амандасады,ізгі тілек білдіреді ,бұл өлең жолдары үйге берілген тапсырма «жермен» байланысты екендігін түсіндіреді

2. Ыстық орындық әдісімен топтар сұрақтарға жауап беріп үй тапсырмасына шолу жасайды.

3 Алма немесе жұмыртқаның әр қабатын арши отырып сипаттама береді.

Тұсау кесер


  1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын

«Жер-ананың көктегі жұлдызы бар,

Қүшағына толтырған ұл-қызы бар !

деген өлең жолдары арқылы айқындайды.

2 .Карта және глобус арқылы «ұлдары» мұхиттарды, »қыздары » материктерді корсетіп әр материк пен мұхиттардың ерешелігін оқулықтан табуға тапсырма беру

Қосымша мәлімет береді


3.Аралдар,олардың пайда болуы туралы түсінік береді.Оқушыларға оларды атап картадан табуға тапсырма береді

1.Оқушылар өлең жолдарының мағынасын танып, жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын негізгі түйінді идеясын айтады.

2.Жаңа сабақпен танысады,атластан материктерді табады,оқулықпен жұмыс жасайды.

3.Аралдардың пайда болу жолдарын анықтайды,картадан тауып қандай жолмен пайда болғанын түсіндіреді.

Негізгі

бөлім


«Материктер», «Мұхиттар», « Аралдар» топтарына тапсырма беру

1-топқа Ситтама беру

2-топқа Ерекшеліктерін табу

3-топқа Пайда болу жолдары

2.Зерттеу жұмысын тындайды,пікір білдіріп,қорытындылайды.

3.«Мені сипатта»ойынының шартын түсіндіреді.Алдарында жатқан кескіндерді құрастырып арал немесе материктің атын тауып,сол нысанға сипаттама беру керек.

Оқушылар тапсырманы орындап,алғашқы болғандар оқып түсінік береді,оқушылардың қосымша сұрақтарына жауап береді

2.Талқылайды,пікір білдіреді,қорытындылайды,

3.Кескіндерді тез құрастырып,материк немесе аралға сипаттама береді.

Қорытынды

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

1.Ал енді қай топ «Білім кемесін» алға тартады екен,байқайық.Ол үшін әр оқушы жауап берген сайын алып отырған теңіз тамшыларын санайық ,қай топтың теңіз тамшылары көп болса ,сол топ 1-ші желкенді иеленеді.

2.Жарайсындар,балалар!Енді мен берген «Білім шамын» сөндірмей ,бүгінгі сабақта не үйренгендеріңді бір ауыз сөзбен айтып,келесі оқушыға жалғастыра беріңдер.

3.Мақтау-мадақтау.Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма береді :

Өтілген тақырыпты оқу және кескін картаға материктер мен аралдарды түсіру.

1.Оқушылар алдарындағы теңіз тамшыларын санап ,топ бойынша қанша жинағандарын айтады.

2.Материктер мен аралдар жайлы өз білгендерін айтып,»Білім шамын»жалғастырады

3.Күнделікке бағаларын қойдырады.

Үй тапсырмаларын жазып алады


© 2010-2022