Урок на тему Климат және атмосфера

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Климат және атмосфераның циркуляциясы -сайыс сабақ.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан климаты, соның ішінде атмосфераның циркуляциясы, ауа массалары, ауаның қысымы және желдер туралы алған білімдерін тексеру,пысықтау және толықтыру. Қажет болған жағдайда осы тақырыпқа арналған қалған сабақтарда кемшіліктерді жою, яғни қатемен жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызу.

Дамытушылық. Сабақ барысындаклимат картасымен, оқулықтың мәтінімен , анаграммамен, жұмыс орындау дағдыларын ары қарай дамыту және мәселелерге тереңірек көңіл аудару керектіне нұсқау жасау.

Тәрбиелік. Отанымыз туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі:Сайыс-сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді,

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: тестілеу, сурақ-жауап, карталармен жұмыс орындау,

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климаттық картасы.

Негізгі ұғымдар: атмосфералық циркуляция, ауа массалары, атмосфералық қысым, жергілікті желдер, температураның тәуліктік және жылдық өзгерістері, изотерма.

Номенклатура: Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Жұмысты орындау тәртібі:

  1. Екі топқа бөлінеміз. (мыс:Айгерім тобы: 1.Айгерім,Жақсылық,Ғасыр.Диас. 2-ші топ: Маржан,Тойжан,Кенжеболат)

  2. Топ басшысын сайлаймыз.

  3. Әр сұраққа кезектесіп жауап береміз.(бір кісі екі рет жауап беруге болмайды)бір жауап 1 ұпайдан бағаланады.

  4. Көмектескен үшін 0,5 ұпай

  5. Жауап бере алмаса келесі топ жауап бере алады.

  6. Әр топ өз ұпайларын өз кестелеріне толтырып отырады.

  7. Кесте арқылы өз білім деңгейімізге баға береміз.

Сабақ кезеңдері:

1.Географиялық орны: Қанталапай:

  1. Қазақстанның жер ауданы. 2 724 мың км²

  2. Халық саны 17 млн.

  3. Мәдени астанасы: Алматы

  4. Мемлекет басшысы кім? Президент

  5. Қазақстан неше облысқа бөлінеді? 14

  6. Шекаралас мемлекеттерді ата және картадан көрсет. 5 мемл

  7. Ең биік нүктесі: Хан тәңірі.(6995м)

  8. Экспорттық мүмкіншілігі жоғары қазба байлық. мұнай

  9. Жерінің ауданы бойынша Қазақстан нешінші орын алады? 9-шы орын

  10. Қазақстанның климатын ата. Қоңыржай континентті

  11. 2.Тиісті сөздерді қойыңдар.Географиялық диктант.Тапсырма жазылған үлескі материал таратылады, оны оқушылар орындап болғасын бір оқушы тақта алдына шығып көп нүктелердің орнына қойылған қажетті сөздерді оқып шығады. Жұмыстың дұрыс орындалғандығын тексеру үшін басекелес топтың оқушысы жауаптың дұрыс,әрі толық нұсқасы оқып шығады. Оқушылар өз жұмыстарын өздері тексереді және дұрыс жауап естерінде қалады.

  12. Үлескі материалда:Жер бетінен кері шағылысқан күн радиациасын ......... радиация дейміз.( шағылысқан)

Жер бетіне түсетін күн сәулесінің ......... % -ы атмосфера кері шағылыстырады. (20%)

Қытайдағы Ебінұр көлінен Алакөл көліне қарай соғатын жойқын желді ...... желі дейміз. (Ебі желі)

Воейков белдеуі Қазақстанды батыстан шығысқа қарай .......с.е бойымен кесіп өтеді (50с.е.)

Солтүстік Қазақстанда жылына ......ұдайы ашық күн болады. (120 күн)

3.Желдер мекені-номенклатурасы.бес-бестен( географиялық объект) тақтада географиялық объектінің аттары жазылады. Оқушы жауап беріп болған соң, қарсылас топ дұрыс жауабын беріп көреді. Соңынан мұғалім дұрыс жауабын айтып береді.

1.Каспий теңізінің шығыс жағалаулары

2.Алакөл-Ебінұр

3.Шілік өзені

4.Қаратау жотасы

5.Мұғалжар тауы

6.Жонғар (Жетісу) қақпасы

7.Жетіжол жотасы.

8. 50º с.е.

9.Арал теңізі

10.Балқаш көлі.

4.Климат тақырыбының терминдері . Төрт Термин жазылады, оқушылар жауап бергесін , дұрыс жауаптың табады және анықтамасын береді.

1) А)Транформатор

Ә)Трансформация

Б)Трансформер

В)Транспорт

2) А)Изобара

Ә)Изометрия

Б)Изография

В)Изотерма

5.Бөгде сөзді табыңдар және анықтамаларын айтыңдар. 2 ұпай

А)Изобара

Ә)Изотерма

Б) Изогета

В)Изосистема

6.Анаграмманы шешіңдер:

А) Маткли-климат

Ә)Қансай-Сайқан

Б)Уылда-Дауыл

В)Зобари-Изобаро

Г)Опиктр-Тропик

Ғ)Клонци-циклон

Д)Фермосата- Атмосфера

ІІІ.Сабақ қортындылау және бағалау кезеңі: б

ІV.Үйге тапсырма: §20-22 бойынша қайталап оқып келу.





© 2010-2022