Материктерге саяхат. ойын сабақ (7 класс)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Географиялық кештің тақырыбы: «Материктерге саяхат»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір - бірін сыйлауға адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.

Мұғалім:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

- Бүгінгі ойын сайысқа жетінші класс оқушылары қатысады, яғни әрбір кластан өз класының беделін, кластың намысын қорғауға 6 оқушыдан 1 топ болып шығады.

Сонымен бізде 2 топ қатысады. Бүгінгі «Материктерге саяхат» атты географиялық кешімізді бастаймыз. Олай болса оқушылар күрделі де, қызықты география пәнінен алған білімдеріңіз сынаққа салынып, күш сынасасыздар.

Бүгінгі кешіміз жер шарындағы 6 материкке саяхат жасаймыз. Материктерге саяхат жасау үшін түрлі кедергілерден өтіп материктерге байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек.

Алдымен 2 топ 4 жол өлеңмен амандасып сайысымызды бастайық.

Ендеше бүгінгі «Материктерге саяхат» атты географиялық сайысымызды 6 кезеңнен тұрады.

І. Блиц турнир

ІІ. «Карталар әлеміне саяхат»

ІІІ. «Географиялық жұмбақтар»

ІV. Оңтүстік Америка

V. Ерекше Антарктика

VI. Аустралия қызықтары.

І тур: Блиц турнир. Мұнда барлығы 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)

2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)

3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)

4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)

5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)

6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)

7. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)

8. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)

9. Кофенің отаны қай материк (Африка)

10. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)

11. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519 - 1522ж)

12. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)

13. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді (Анд)

14. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер (үндістер)

15. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)

16. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)
17. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
18. Солтүстік және Оңтүстік польюстерді қосатын сызық (Мередиан)
19. Ең кішкентай құс (Калибри)
20. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)

ІІ тур: «Карталар әлеміне саяхат». Ұпай саны: 5 ұпай Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, картадан көрсету.

1 - топ
1. Батыс Сібір жазығы
2. Босфор бұғазы
3. Сары теңіз
4. Чукот түбегі
5. Гоби шөлі
6. Пиреней түбегі
7. Памир тауы
2 - топ
1. Ұлы Қытай жазығы
2. Малакка бұғазы
3. Жапон теңізі
4. Камчатка түбегі
5. Тар шөлі
6. Үндіқытай түбегі
7. Орал таулары

ІІІ. Солтүстік Америка «Географиялық жұмбақтар» (2-мин)

І -ТОП Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?

Материктерге саяхат. ойын сабақ (7 класс)АФРИКА

Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Бір зат бар дүниеде кұшағы кең,

Ұшқан кұс, жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат, жан - жануар арасында

Мәңгілік өсіп - өніп өмір сүрген. (жер)

II-ТОП Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?

Материктерге саяхат. ойын сабақ (7 класс)С.АМЕРИКА

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

IV. Оңтүстік Америка

Географиялық орны. Жер бедері, пайдалы қазбалары.

20 - Ең биік нүктесі? (Аконкагуа)

30 - Анд тауларын ежелгі инктер қалай атаған? (мысты таулар)

40 - Оңтүстік Американың шеткі нүктелері мен жағалауындағы теңіздерді көрсет!

Халқы және елдері.

20 - Оңтүстік Американың байырғы халқы (Үндістер)

30 - Сыйлыққа 30 ұпай

40 - Еуропа+үндістер=? (метистер)

Еуропа+негрлер =? (мулаттар)

Үндістер+негрлер =? (самболар)

Ішкі сулары.

20 - Дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен? (Амазонка)

30 - Ең биік сарқырамасы? (Анхель)

40 - Аймара үндістерінің тілінде "қалайы алаңы" дегенді білдіретін көлі? (Титикака)

V. Ерекше Антарктика

1-топ. Антарктида материгінің табиғатының ерекшеліктері.

Антарктида материгінің географиялық орнының ерекшеліктері.

2-топ.Материктің пайдалы қазбаларының ерекшеліктері

Материктің жануарларының ерекшеліктері
VІ. Аустралия.

І топ. Сөзжұмбақ.

д

а

р

л

и

н

г

к

а

з

у

а

р

к

о

с

ц

ю

ш

к

о

т

ү

й

е

қ

ұ

с

к

р

и

к

к

о

а

л

а

у

л

у

р

у

к

и

в

и

а

к

а

ц

и

я

1. Муррейдің ірі саласы. Дарлинг
2. Ұшпайтын құс. Казуар
3. Ең биік нүктесі. Косцюшко.
4. Аустралияның эмблемасындағы құс. Түйеқұс
5. Кеуіп қалған өзен арналары. Крик
6. Жалқау, қалталы аю. Коала
7. Ұлттық парк. Улуру
8. Тасман аралындағы құс. Киви
9. Аустралияның эндемик ағашы. Акация

ІІ топ. Картамен жұмыс.
- Үлкен Тосқауыл Рифі
- Косцюшко тауы
- Виктория шөлі
- Карпентария шығанағы
- Сидней қаласы
- Мельбурн қаласы
- Эйр көлі

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022