Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)

Австралияның табиғат зоналарыСабақтың мақсаты: а)Оқушыларға материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай-ақ табиғат зоналарының орналсу заңдылықтары туралы түсінік беру;ә)Оқушылар өздігінен мәтінмен, картамен, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Австралияның өсімдігі мен жануарларының алуан түрлілігін талдай, саралай білуге дағдыландыру;б) Материктің эндемик жануарлар мен өсімдіктерін сақтау, қорғау мақсатында  тәрбие қалыптастыру.Саба...
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §55. Австралияның табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты:

а)Оқушыларға материктің тіршілік дүниесінің өзіндік ерекшелігін және оның себебін, сондай-ақ табиғат зоналарының орналсу заңдылықтары туралы түсінік беру;

ә)Оқушылар өздігінен мәтінмен, картамен, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып Австралияның өсімдігі мен жануарларының алуан түрлілігін талдай, саралай білуге дағдыландыру;

б) Материктің эндемик жануарлар мен өсімдіктерін сақтау, қорғау мақсатында тәрбие қалыптастыру.

Сабақтың оқу жабдығы:

Австралияның табиғат зоналар картасы, интерактивті белсенді, слайдтар, үйлестірмелі құралдар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: топпен жұмыс, картамен жұмыс, баяндау,

Пән аралық байланыс: биология пәні

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Салемдесу, оқушылардың саббаққа қатысын тексеру.

б)оқушыларды топқа бөлу, топ жетекшілерін тағайындау, топтың атын анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Суреттер сөйлейді» ( оқушылар Аустралия материгінің көрнекті жерлерін атап, сұрақтарға жауап береді)

«Суреттер сөйлейді» сұрақтары:

  • Аустралия - жер шарындағы қандай материк? (ең құрғақ)

  • Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстікке қарай қандай климаттық белдеулер алып жатыр? ( субэкватор, тропик, субтропик, қоңыржай)

  • Аустралия материгі жағалауын қандай мұхиттар шайып жатыр? (Үнді және Тынық мұхиттары)

  • Материктегі ең жоғарғы температура қай жерде тіркелді, қанша градус? (+52,8 °с)

  • Қыста материктегі орташа температура қанша градус аралығында болады? (+12 °с +24°с)

  • Материктің жаз айларындағы орташа температура? (+28 °с +24°с)

  • Криктер дегеніміз не? (уақытша кеуіп қалатын өзендер)

  • Аустралиының ең үлкен өзені қалай аталады? (муррей)

  • Материктегі ең ірі көл? ( Эйр көлі)

  • Аустралияда неше артезиян алабы орналасқан? (33)

  • Тасман аралының оңтүстік бөлігі қандай климаттық белдеуге тән? (қоңыржай климаттық белдеу)

  • Криктердің ең ірісі қалай аталады? (Куперс-крик)

  • Аустралия өзендері немен қоректенеді? (ер асты сулары)

  • Муррей өзенінің ең ірі саласы? (Дарлинг)

  • Материктегі жер асты сулары неше метр тереңдікте жатыр? (2000м)

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.

«Қызықты деректерге көңіл аударайық.»

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)Киви жемісі - Кеден инспекторы Жаңа Зеландиядан келген жәшік ішінде қоңыр-жасыл түсті түсініксіз конструкциядағы жүздеген гранат корпустары күңгірт жылтырайды. Әп-сәтте босап қалған қойманы полиция қоршап алып, әбігерге түседі. Терроризммен күрес мамандары келіп жәшіктегі гранат емес кәдімгі киви екендігін дәлелдейді.

Киви - жемісін жинау бүкілхалықтық мереке Жаңа Зеландияда, Те-Пуке-кивидің астанасы, 0 С температура жағдайында киви дәмді және хош иісті күйінде жарты жыл, ал уйдегі тоңазытқышта бір неше апта бойы сақталады, ол 30 елге тасымалданады.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)Эвкалипт ағашы ауыр әрі тығыз сүрегінің өте беріктігі, ол әсіресе кеме жасауда, телеграф бағаналарын, жапырақтарынан дәрі-дәрмек алуда пайдаланады. Тез өседі, ылғал көп қажет етеді. Олар топырақ қабатындаңы суды сорады, сондықтан топырақты жақсы құрғатады. Эвкалипті «безгекке қарсы» ағаш деп те атайды. Эвколипт өскен жерде батпақ болмайды. Сондықтан да безгек қоздыратын маса ұрғынның өсуіне жағдай жоқ. Батпақты жерді құрғату үшін эвкалипті отырғызады.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)Үйрек тұмсық - су астында көрмейді де, естімейді де. Ол су астында бір минутқа жақын шыдай алады, тәбеті адам айтқысыз күшті. Ол күніне 1 кг, яғни өзінің жеке салмағының жартысындай ас жейді, бірақ оның тісі жоқ, ол асты таңдайына ысқылап, ұсатып жейді, 2 см-дей 2-3 ақ дөңгелек жұмыртқа салады, 10 күннен кейін жұмыртқа жарып шыққан балаларын бес ай сүтімен асырайды екен.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)Молох кесірткесі - оның денесіндегі тікенекті бездер ауадағы ылғалды жеткілікті жұтып отыруға бейімделген.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)Коала аюы - эвколиптің жапырағын жеп күнелтеді, 1 ағашты жеп біткенше түспейді, егер қажетті жапырақ болмаса коала аштан өледі, басқа азық жемейді. Жапырақта ылғал жеткілікті болатын көрінеді. Австралиялық тайпа коаланы «су ішпеу» деп атайды, бойы 1 метрден аспайды, салмағы 10 кг жуық. Жаңа туылған баласының ұзындығы 2 см, ал салмағы 5 г болады. 5-6 ай сүт емеді. 2 жылда бір рет балалайды, баласын «қолына алып» тербетіп қамқорлық жасайды екен.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс) Тасман құбыжығы - бұл жануар Аустралияның Тасмания аралында кездесетін бірден-бір жыртқыш аң.Ол көбіне түнде тіршілік етеді.Оның атауы өте қатты шыңғырған қорқынышты дауыс шығаруына байланысты берілген.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс) Динго - Аустралияға еуропалықтардың қоныс аударуымен байланысты көптеген жануарлардың түрлері сырттан әкелінген.Бұл жануардың тез өскені сонша, жабайыланып, қой шаруашылығын шығынға ұшырататын жыртқышқа айналған.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)Кенгуру - Еуропалықтар ең алғаш осы жануарды көргенде оған таң қалған. Ағылшындар аборигендерден бұл қандай жануар деп сұраған кезде олар өз тілінде «түсінбедім» деп жауап берген.Содан бері бұл жануар осылай аталады.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)

Эму түйеқұсы - бұл құс Аустралияның шөл зонасында мекендейді.Ол, құс болғанмен ұша алмайды. Сыртқы пішіні казуарға ұқсайды,өзінің үлкен денесіне қарамастан суда еркін жүзеді.Оның бейнесі Аустралияның мемлекеттік елтаңбасында бейнеленген.

Презентация по географии на тему Австралияның табиғат зоналары (7 класс)

Это сумчатый волк. Хищник желтой окраски. Задняя часть его тела имеет полосатую тигриную расцветку. В первой половине 20 века охотники истребили это существо полностью. Из древних животных сохранились ехидна, хотя и ее потихоньку съедают аборигены и утконос.

ІV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді.Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, үйректұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75 %-ы, ал жануарлардың 90%-дайы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері) де бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады.

V. Бекіту: Сабақты бекіту үшін сәйкестік тесті.

  • Ехидна, қолтырауын, үйректұмсық.

1 метр

  • Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтетін зона

75%

  • Ормандар зонасында өсетін өсімдіктер

Тасман аралы

  • «Ағашсыз» кеңістік деп аталатын жазық

Тропиктік шөл және шөлейт зонасы

  • Шөл

100метр

  • Миндалды, карри эвкалиттері, лавр, араукария, ағаш тәрізді папортниктер, эпифиттер, лианалар

Коала

  • Ең ірі маржанды рифі

Аустралия

  • Тропиктік шөл және шөлейт зонсында өсетін өсімдіктер

Улуру

  • Тау

Тропиктік шөл және шөлейт зонасы

  • Аустралияның «Өлі жүрегі»

90%

  • Жыртқыш аңдары жоқ материк

Саванналар мен сирек ормандар

  • Коала аюының бойы

Налларбор

  • «Түсінбеймін» деген мағына беретін жануар

Ормандар

  • Эндемик өсімдіктер материктің қанша пайызын қамтиды

Эйр көлі


  • Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250мм

Кенгуру

  • Динго, тасман құбыжығы қайда кездеседі

Ылғалды субтропиктік ормандар


  • Эвкалипт ағаштарының биіктігі

скрэб

  • Эндемик жануарлар материктің қанша пайызын қамтиды

Араукария, ағаш тәрізді папортниктер, пальмалар


  • Ағаш кенгуруы, ірі тау кенгуруы,вомбат, казуар, қарақу,киви,ехидна қандай зонаның жануарлары

Үлкен тосқауыл рифі


  • Аустралияның құйын тәрізді соғатын желі

Ылғалды субтропиктік ормандар


  • Сұр кенгуру, вомбат, эму, динго қай табиғат зонасына тән жануарлар

Вилли -вилли

  • Жеміске уқсайтын құс

Виктория


  • Ішкі аудандарда өсетін қалың ну бұталар

Флиндерс, митчелл, ксерофиттер


  • Аустралияда кездесетін жалқау аң

Киви

Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру жануарлар

мен өсімдіктерді түсіру

VІ. Үйге:

  1. §55 оқуға, кескін картаға табиғат зоналарын түсіру.

  2. «Австралия қалталы періште және молох-кесірткесі» тақырыбында хабарлама әзірлеу.

VІІ. Оқушыларды бағалау (топ жетекшісімен бірге).








© 2010-2022