• Преподавателю
  • География
  • Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Мақсаты:Африка материгінің географиялық орнына сипатама беру. Табиғат ерекшеліктеріне тоқталу. Материк жағалауындағы мұхиттар, теңіздермен таныс болу. Африка материгін зерттеген саяхатшылар жөнінде әңгімелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке тәрбиелеу.  Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Түрі: десант сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, картамен жұмыс. Сабақтың  жүрісі.1.Ұйымдастыру                               2.Жаңа сабақ. Табиғатының басты ерекшеліктері:    -  Африка-экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк    -  Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, ұзындығы 6671км.    -  Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7млн км².    -  Африкада ең ірі жануар – Африка пілі тіршілік етеді. Салмағы 7,5 тонна.    -  Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м    -  Ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлі, деңгейі -153м    -  Материк жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар, ауданы 590 мың км²    -  Африкадағы ең ірі көл – Виктория, ауданы 68 мың км², ал ең терең көлі – Танганьика тереңдігі 1470м, Байкалдан кейінгі екінші орынды алады.    -  Материктегі ең ірі сарқырама – Оңтүстік Африкадағы Тугела өзені бойында орналасқан Тугела, биіктігі 933м.
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 29.10.2013жыл

Тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

Мақсаты:Африка материгінің географиялық орнына сипатама беру. Табиғат ерекшеліктеріне тоқталу. Материк жағалауындағы мұхиттар, теңіздермен таныс болу. Африка материгін зерттеген саяхатшылар жөнінде әңгімелеу. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушыларды білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Түрі: десант сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.

Сабақтың жүрісі.1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақ.

Жоспар:

1.Африка материгінің географиялық орны

2.Табиғатының басты ерекшеліктері

3.Африка жағалауындағы мұхиттар, теңіздер

4.Материктің зерттелу тарихы

Африка-алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Еуразиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн км². Табиғатының басты ерекшеліктері:

- Африка-экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк

- Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, ұзындығы 6671км.

- Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7млн км².

- Африкада ең ірі жануар - Африка пілі тіршілік етеді. Салмағы 7,5 тонна.

- Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі - Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м

- Ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлі, деңгейі -153м

- Материк жағалауындағы ең ірі арал - Мадагаскар, ауданы 590 мың км²

- Африкадағы ең ірі көл - Виктория, ауданы 68 мың км², ал ең терең көлі - Танганьика тереңдігі 1470м, Байкалдан кейінгі екінші орынды алады.

- Материктегі ең ірі сарқырама - Оңтүстік Африкадағы Тугела өзені бойында орналасқан Тугела, биіктігі 933м.

Африка жағалауы. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады. Африка жағалауы онша көп тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары - Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Материк жағалауында Канар, Бенгель, Сомали суық ағыстары ағады.

Зерттелу тарихы. XIV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама Басқарған португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған. Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып- білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор. Ол 1849 жылғы бірінші саяхаты кезінде Оңтүстік Африканы батыстан Шығысқа қарай Замбези өзені бойымен кесіп өткен. 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан. Ливингстонмен қатар Генри Стэнли де Африка көлдерін зерттеп, Конго өзені бастауларынан ағысына дейін зерттеген. Орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығым және Орталық африкаға саяхат жасаса, 1926-27 жылдары Орыс ғалымы Н.И.Вавилов 6000-нан астам мәдени өсімдіктер үлгілерін жинақтаған.

ІІІ.Бекіту сұрақтары. Сұрақ - жауап.

1.Африка Жер шарындағы Қандай материк?

2.Африканың ең үлкен аралы қалай аталады? Ауданы қанша км²?

3.Африка материгінің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі және ең төмен орналасқан нүктесін ата.

4.Африкадағы Танганьика көлінің тереңдігі қанша м?

5.Африка қандай мұхиттармен шектеседі?

6.Африканың шығысындағы түбекті ата.

7.Африка жағалауында қандай теңіздер бар?

8.Африканы зерттеген саяхатшылардын есімдерін атаңдар.

9.Давид Ливингстонның ашқан сарқырамасы қалай аталады?

10.Африка көлдерін кім зерттеді?

11.Африканың табиғаты, халқы туралы деректер жинап, 6000 астам мәдени өсімдіктердің үлгісін жинақтаған кім?

12.Материк жағалауларында қандай суық ағыстар ағады?

13.Материктің батыс жағалауында қандай шығанақ орналасқан?

ІV. «Иә - жоқ» ойыны.

1. Африка материгін экватор сызығы кесіп өтпейді.

2. Африка материгінің ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн км².

3. Африка материгінің ең ұзын өзені - Амазонка.

4. Африкадағы ең үлкен шөл - Сахара. Ол Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл.

5. Африкадағы ең үлкен жануар - Африка пілі.

6. Материктегі ең ірі сарқырама - Тугела. Биіктігі 933м.

7. Сахара шөлінің ауданы 8млн км².

8. Виктория - Африканың ең ірі көлі.

9. Материк жағалауындағы ең ірі арал - Шри-Ланка деп аталады.

V.Картамен жұмыс.

Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

VІ.Кескін картамен жұмыс.

Мына географиялық объектілерді кескін картаға түсіріңдер.

Африка материгі, Сахара шөлі, Жерорта, Қызыл теңіздері, Атлант, Үнді мұхиттары, Мадагаскар аралы.

VІІ.Дәптермен жұмыс.

Мына саяхатшылардың ішінен Африка материгінің зерттелуіне үлес қосқан саяхатшылардың аттарын тауып жазыңдар.

Васко да Гама, Джеймс Кук, Руаль Амундсен, Н.И.Вавилов, А.Веспучи, Себастьян Элькано, В.В.Юнкер, Генри Стэнли, Шоқан Уәлиханов, Семен Дежнев, Ф.Беллинсгаузен, М.Лазарев, Давид Ливингстон, И.В.Крузенштерн

VIІІ. Сәйкестендіру.

Африка саяхатшы

Жерорта материк

Генри Стэнли көл

Тугела теңіз

Виктория сарқырама

Мадагаскар арал

Сомали мұхит

Атлант түбек

ІХ. Үйге тапсырма.

Африканың физикалық - географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

Х. Бағалау





«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Африканың физикалық - географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

7 «Б» сыныбы. (десант сабақ)

Африканың физикалық – географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.


Өткізген: география пәні мұғалімі Мырзатаева Фариза


2013 - 2014 оқу жылы

© 2010-2022