Паурочный план на тему Химия кешені

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:___________ Пәні: География Сыныбы: 9 күні:

Сабақтың тақырыбы: Химия кешені

1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Химия өнеркәсібі туралы түсінік беру.

Түсіну: Химия өнеркәсібі өндірісінің дамыған басты салалары туралы түсіндіру.

Қолдану: Химия өнеркәсібінің ірі орталықтарын анықтау және химия кешені құрылымын құрастыру.

Талдау: Химия өнеркәсібінің дамуына әсер ететін факторлар туралы түсіндіру.

Жинақтау: Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы мен шығаратын өнім түрлерін анықтау.

Бағалау: Химия өнеркәсібі тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту.

2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

3. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

4. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;

-сабақтың өткізу жоспарын көрсету.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады

10 минут

Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

Оқулықпен жұмыс:

  1. Қазақстанда химия өнеркәсібінің дамуына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Қазақстанда химия өнеркәсібінің қандай саласы жақсы дамыған?

  3. Неліктен химия өнеркәсібі энергияны, суды, шикізатты көп тұтынады?

  4. Химия өнеркәсібінің түсті металлургия кәсіпорындарымен қандай байланыстары бар?

  5. Химия өнеркәсібінің басқа өнеркәсіп салаларынан басты ерекшелігі қандай?

Картамен жұмыс

Қазақстанда химия өнеркәсібі жақсы дамыған аудандарды анықтаңдар ол жерлерде қай химия өнеркәсібі жақсы дамыған

Сызба құрастыр

*Химия өнеркәсібінің құрылымы* сызбасын құрастырыңдар.

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

20 минут

Негізгі бөлім

Видио көрсетіп Қазақстандағы химия өнеркәсіпінің дамуынның негізгі бағытын анықтату

а)Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

Күкірт қышқылы

Хром қосылыстары

Сентетикалық

Органикалық

б)Оқушыларға мәтінмен танысу тапсырылады

Топтық тапсырма:

I-топ. Химия өнеркәсібі немен жұмыс істейді?

II-топ. Қазақстанда химия өнеркәсібінің қандай салалары дамыған?

III- топ. Химия өнеркәсібінің өнімдерін қайда пайдаланады?

IY- топ. Химия өнеркәсібінің дамуына қандай факторлар әсер етеді?

а)Оқушылар тақырыпты жазып алады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут

Қорытынды бөлім

  1. Қазақстандағы өнеркәсіп саласындағы ең жас сала .

А) отын- энергетика. Б) машина жасау.

В) химия өнеркәсібі. С) металлургия.

2. Химия өнеркәсібі шығарады.

А) саз, гипс, тақта тас.

В) пресс-автомат, бөлшек жасау, рентген аппаратуралары.

Б) дәрі-дәрмек, тыңайтқыштар, залалсыздандырғыш заттар.

С) темір, мыс, мырыш.

3. химия өнеркәсібін орналастыру факторлары.

А) шикізат, су. Б) энергетика, тұтыну.

В) экологиялық факторлар. С) барлығы.

4. Кен химясы өндіреді.

А) фосфарит, тұз, күкірт қышқылы.

В) пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды каучук.

Б) дәрі-дәрмек, тыңайтқыштар, залалсыздандырғыш заттар.

С) саз, гипс, тақта тас.

5. Фосфор тұздары зауыты қайда орналасқан?

А) Таразда. Б) Ақтөбеде. В) Шымкентте. С) Өскеменде.

6. Полимерлер химиясы не шығарады?

А) фосфарит, тұз, күкірт қышқылы.

В) пластмасса, химиялық талшықтар.

Б) дәрі-дәрмек, тыңайтқыштар, залалсыздандырғыш заттар.

С) саз, гипс, тақта тас.

7 . Қазақстандағы ірі фармацевтика зауыты қайда орналасқан.

А) Таразда. Б) Ақтөбеде. В) Шымкентте. С) Өскеменде.

8. Қазақстандағы полиэтилен зауыты.

А) Ақтауда. Б) Ақтөбеде. В) Шымкентте. С) Атырауда.

9. Резеңке бұйымдарының негізгі орталықтары.

А) Ақтауда. Б) Ақтөбеде. В) Шымкентте. С) Атырауда.

10. Химия өнеркәсібі қалдықтарымен ластанған өзен.

А) Нұра. Б) Іле. В) Шу. С) Аягөз.

Картамен жұмыс

Химия өнеркәсібі жақсы дамыған аудандарды кескін картаға түсір

Оқушының жеке пікірі(көзқарасы)

Елдің шаруашылығындағы химия өнеркәсібінің рөлі

Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.

Топтық жұмысты бағалау критерий

Тақырыпты ашу тереңдігі

Тақырып ашылмаған -0 ұпай

Тақырып ашылған, бірақ негізделмеген-1 ұпай

Тақырып ашылған, жалпы негізделген - 2 ұпай

Тақырып ашылған, нақты негізделген- 3 ұпай

Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма



© 2010-2022