Атажұрт 2013-2014 оқу жылына арналған интелектуалды ойын

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты

Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін қорытындылау және халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлері мен тарихи шехірелері туралы жас ұрпаққа үйрету

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.

1-топ Атажұрт 2 топ Күреңбел

«Атажұрт» этнографиялық ойыны мынадай кезеңдерден тұрады.

1.Өткел

2.Белес

3.Бекет

4. Асу

5.Жерұйық

1. «Өткел»

Топ басшыларына сұрақ

«Атажұрт» сұрағы

1 Біз өмір сүріп жатқан дәуір қалай аталады?(Кайнозой)

2 Қазақтың тұңғыш географы кім?(Ш.Уалиханов)

3 Іле Алатауының ең биік нүктесі(Талғар)

4 Ауа қысымын өлшейтін құрал(Барометр)

5 Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?(5)

«Күреңбел» сұрағы

1 Атом стансасы қай қалада орналасқан?(Ақтау)

2 Қазақстанның ең төмен жатқан нүктесі (Қарақия)

3 Қазақстанның табиғат зоналары(Орманды дала, дала, шөл. Шөлейт)

4 Қорқат ата ескерткіші қай жерде орналасқан? (Қызылорда облысы ,Жосалы ауданы)

5 Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға қашан көшірілді?(1997)

2. «Белес»

«Атажұрт» сұрағы

1. Ш. Уалихановтың жерленген жері

Қосымша көмек: Алматы облысы Алтынемел тауының баурайында (Көшен тоғайында)

2. Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп, Каспий теңізіне құятын өзен

Қосымша көмек: Өзеннің ұзындығы 2428 км (Жайық өзені)

«Күреңбел» сұрағы

1 Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі, Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан.

Қосымша көмек: Ежелгі деректерде ол Сугулхан, кейінірек Сулхан деген атпен белгілі (Саудакент)

2 Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жағасында орналасқан. Қаланың іргесі ХІ ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі ХІІ- ХІҮ ғасырлар аралығы, қаланың атауы.

Қосымша көмек: Ақ Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған (Сарайшық)

ІІІ «Бекет»

Бұл бөлімде топ жанкүйерлеріне сұрақ беріледі

1 Матай бидің қарындасы. Көркіне ақылы сай, ескіше оқыған, зерделі, байсалды, тапқыр, сөзге жүйрік, мейірімді жан болыпты. Бүгінде Кербұлақ ауданында бір ауыл сол кісінің атымен аталады. (Шанханай)

2 Ұлы жүз ішінде Дулаттың Ботпай руынан шыққан. Кейбір деректерде ХҮІІІ ғасырдың аяғында бақилық болды десе, тағы бірде Аңырақай шайқасында 1729 жылы жекпе-жекте мерт болған деседі. (Сәмен батыр)

ІҮ «Асу»

Интерактивті тақтадан кесте көрсетіледі, онда 12 терезе болады. Әр топ 6 терезеден таңдайды. Мұнда Қазақстан Республикасы бойынша сұрақтар қойылады.

1 терезе: Көп нүктенің орнына тиісті сөзін қой

Архарлының асуын-ай,

.... тасуын-ай (Кербұлақтың)

2 терезе: Кербұлақ ауданында астықты өңір. (Қоғал өңірі)

3 терезе: Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. (Іле Алатау)

4 терезе: Қербұлақ ауданыдағы қиыршық тас өндіретін елді мекен. (Жоламан)

5 терезе: Жоңғар Алатауының өзгертілген қазіргі атауы (Жетісу Алатауы)

6 терезе: Монғол шапқыншылығы кезінде Қазақстанға келген Қытай саяхатшылары. (Елюй Чу -Цай (1219ж.) мен Чань Чунь (1221 ж))

7 терезе: Жетісудың жеті өзені атап беріңіз. (Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, тентек, Сарқан, Басқан)

8 терезе: Орал тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылатын тау. (Мұғалжар тау)

9 терезе: Күреңбел өңіріндегі Бесшатыр қорғандары қай тайпалардан қалған ескерткіш? (Сақ тайпасы Тиграхауда сақтары)

10 терезе: Кербұлақ ауданындағы шахталы таулы ауыл. (Арқарлы)

11 терезе: Жаратылысы тым бөлек құм-таудың ұзындығы 3 шақырым, биіктігі 120 метр болады. Ұшар басына шыққан соң, қақ маңдайынан тік төмен түсуге болады. Бірақ адымдап емес, мысық табандап, құйрықпен сырғисыз. Сонда жамбасыныздың астынан ұшақтың дауысындай дыбыс шығады. Бұл қай табиғат ерекшелігін айтып тұр? (Айғайқұм)

12 терезе: Шилісу ауылындағы табиғат ескерткіші (Ертоқым тасы)

Ү «Жерұйық»

Бұл бөлімде жеңген бір топ қана қалды.

Сұрақ: Ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке, Биік нүктесі Ақсоран деп аталады. Сарыарқа төңірегіндегі тау (Қызыларай тауы)


© 2010-2022