АҚШ МЕМЛЕКЕТІ дәстүрлі емес сабақ

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: АҚШ мемлекеті. Халқы. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайын, мемлекет тарихын, геосаяси жағдайы туралы алған білімдерін жинақтау. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға АҚШ-тың халқы туралы білім бере отырып, дүниетанымдық ой-өрісін кеңейтіп жетілдіру. Дамытушылық: Оқушылардың ұжымда, топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, ойын ашық айта білуге баулу. Тәрбиелік: Өзге ұлттарды сыйлауға, мейірімділікке тәрбиелеу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру. Сабақ түрі: оқыта үйрету саяхат сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Дүниежүзінің саяси картасы, АҚШ-тың физикалық картасы, тақырыптық суреттер, Блум түймедағы стратегиясы, пирамидалық талқылау, сұрақ-жауап. Сабақ жабдығы: Тақырыптық суреттер: АҚШ-тың елтаңбалары, АҚШ президенттерінің суреттері, зерттеушілер портреттері, үлестірмелі материал, слаид. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. (Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатымен таныстыру.) Қызығушылықты ояту: Мен өзім үшбұрышқа ұқсас жермін, Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін. Биік тау, ұлы көлдер , жазық жер бар, Даңқыммен таңқалдырам барлық елді. Оқушыларға АҚШ-тың физикалық картасы көрсетіледі. «Ойға түсті, ойландым!» Суреттер бойынша елді еске түсіру. 1.Христофор Колумб (1451-1506) 2. Америго Веспуччи (1454-1512) 3. Панама каналы. 4. Колорадо каньоны. Сонымен біздер Солтүстік Америка материгіндегі АҚШ мемлекетіндеміз. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Мәлімет берейік: Жерінің ауданы- 9 млн. 363 мың кв. км. Халқы- 309,6 млн. адам. Астанасы- Вашингтон. Мемлекеттік құрылымы- федерациялық республика. Мемлекет басшысы- президент Барак Обама. Мемлекеттік тілі- ағылшын. Ұлттық валютасы- америка доллары. Әкімшілік аумақтық бірлігі- 50 штаттар мен Колумбия федералды округі. «Блум түймедағы » стратегиясы бойынша оқушылар білімін тексеру. - Жай сұрақтар: 1. АҚШ мемлекеті неше штаттан тұрады? 2. Президент неше жылға сайланады? 3. Ауданы жөнінен нешінші орында? 4. 1607 жылы мемлекет тарихында қандай оқиғалар болды? 5. 18 ғасыр, 300 мың? 6. АҚШ-тың алғашқы президенті?

-Анықтаушы сұрақ: 1.Сіздің ойыңызша 4. 06. 1776 жылы АҚШ мемлекеті Анықтаңыз? 2. Мемлекет туындағы 50 жұлдыз, 13 жол нені білдіреді? -Бағалаушы сұрақ: 1. АҚШ мемлекеті әлемдегі ірі держава- қалай баға бересіз? -Интерпретациялық сұрақ (түсіндірме) -Неге? АҚШ шаруашылығын дамытуға табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары қолайлы. Неге деп ойлайсыздар ? Әлде қолайсыз ба? - Шығармашылық сұрақ: Сіздер қалай ойлайсыздар Қазақстанның табиғат байлықтары игеріліп жатыр. Осыған АҚШ мемлекетінің қатысы қандай? -Практикалық сұрақ: (картамен жұмыс, географиялық нысандарды табу). 1. Вашингтон. 2. Кордильера тауы. 3. Аппалач. 4.Мексика. 5. Гудзон. 6. Ұлы көлдер. 7. Кариб. 8. АКШ. 3. Сергіту сәті: «Жаңа сабақ» . Сергіту сәтінен кейін оқушыларға АҚШ-тың халқы, қалалары туралы сурет таратылады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1топ- Нәсілдер. 2топ- Халық. 3топ- Ғылым. Үш топ оқушылары мәтін бөліктерімен жұмыс жасайды. 1топ оқушылары нәсілдік, ұлттық құрамын тірек-сызба түрінде көрсетіп, қысқаша баяндайды. Тақырыптық суреттерді пайдаланып халқы туралы хабарлама дайындайды. 2топ оқушылары халықтың орналасуы туралы кесте дайындайды, картадан алған білімдерін қолданып сирек, жиі орналасқан аудандарын көрсетеді. 3топ оқушылары ғылымы мен мәдениеті туралы эссе жазады, синквейн құрастырады. Толғаныс сәті: Пирамидалық талқылау. Пирамиданың қабырғаларындағы бекіту сұрақтарына жауап береді. Аргументтер кестесі стратегиясы бойынша иә, жоқ анықтайды. Оқушылар сабақ туралы өз ойларын рефлексивті нысанаға орналастырады: Жасыл түс- мен үшін түсінікті болды. Қызыл түс- мен үшін қызықты болды. Сары түс- жаңа нәрсе білдім. Көк түс- тақырыпты жақсы түсіндім. Оқушыларды ашық журнал бойынша бағалау. Үйге тапсырма: № 37. 5 кестені түсіру. «Қазақстан мен АҚШ мемлекетінің қатынасы менің көзіммен» - хабарлама дайындау.

© 2010-2022