Аустралияның табиғат зоналары сабақ жоспары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7 сынып. Пәні: География. Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары.

Мақсаты: Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсініктер беру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Аустралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсінік алады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері: Сергіту сәті, әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диалог, жұптық жұмыс.

Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы,атлас , оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Сергіту сәтін өткізу.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

«Кім көп біледі?» ойынын ойнату.

1. Аустралияның ең үлкен өзені? (Муррей Дарлинг сағасымен)

2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады? (Крик)

3. Аустралиядағы жаз айындағы ең жоғарғы температура? (+ 52,8ºС)

4.Аустралияның ең суық айы? (шілде)

5.Аустралияның ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр? (тропиктік белдеу)

6. Аустралияның ең ірі көлі? (Эйр)

7. Қандай портты қала ағылшын жаратылыстанушысының есімімен аталады? (Чарльз Дарвин)

8. Ағылшындық ақынның есімімен аталатын шеткі нүктесі? (Байрон)

9. Аустралияны ашқан голландтық теңізші? (В.Янсзон)

10. Материкте қанша артезиан алабы бар? (33)

Сұрақтарға жауап беріп ұпай жинайды.

Жаңа сабақты түсіндіру

ІІ.Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Су ішпейтін жануар

Аборигендер тілінде коала «су ішпейді» деген мағынаны білдіреді. Оған эвкалипттің жас жапырақтарындағы ылғал жеткілікті болғандықтан, су ішпейді.

Табиғаттағы зоналық құрлықтағы климаттық жағдайға яғни жылу мен ылғалдың ара қатынасына тәуелді. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдіктің сипатына сәйкес келеді. Мысалы, саванналар сирек ормандар т.б.

Аустралияның табиғат зоналары орналасу жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді. Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа еш жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді.

Мағынаны тану кезеңі

ә) Мәтін мен картаны пайдалана отырып, кестені толтыру

Зообақ.

Оқушыларға жануарлар мен өсімдіктердің суреттері тарпатылады. Суреттегі жануар мен өсімдіктің атын айтып, қосымша мәліметтер беріледі. Мәлімет берген оқушыға 1 ұпай беріледі.

Үйректұмсық-

Ехидна-

Кенгуру.

Коала.

Динго-

Қара какаду.

Тотықұс.

Лирақұйрық.

Вомбат.

Эвкалипт.

Бөтелке ағашы.

Оқушылар өлеңді оқып шығып, аустралияға сипаттама береді.

Аустралияның төлқұжатын құрастырады.

3. Тақырыпты бекіту кезеңі.

1.Скрэб дегеніміз не?

Скрэб - тікенекті акация мен эвкалипттен құралған ну бұта.

2.Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында не бейнеленген?Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген.

3. Үлкен суайрық жотасындағы табиғат зоналары: ылғалды тропиктік ормандар

4. «Налларбор» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (ағашсыз)

5. Шаңды дауылдар мен құйындар не деп аталады? (Вилли-вилли)

6. Қандай ағаштың жапырағында тез тұтанатын эфир майы көп болады? (эвкалипт)

7. Австралияның «өлі жүрегі» қай жер? (Эйр көлінің айналасы, өйткені жылдық жауын -шашын мөлшері 100 мм)

8. Суккулентті өсімдіктер дегеніміз не? ( бойына ылғал жинайтын өсімдіктер)

9.Қай табиғат зонасында ксерофиттер өседі? (тропиктік шөлдерде)

10. Қандай табиғат зонасында эвкалипт, акация ағаштары басым? (саванналар сирек ормандарда)

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

4. Сабақты қорытындылау кезеңі

Аустралия - үлкен қазына, үлкен қорық. Өсімдік, жануарлар дүнпиесі алуан түрлі. Басқа материктерде құрып кеткен, тек Аустралияда сақталған эндемик өсімдіктер мен жануарлар бар. Мысалы: үйректұмсық, ехидна, коала, кенгуру, эвкалипт, шөп ағашы, бөтелке ағашы.б.Аустралиялықтар жануарлар дүниесін, материк табиғатын өте жақсы көреді, оларды қорғап, көбейтіп отырады. Оны мынадан байқауға болады: олардың тиындарында 5 центте -ехидна, 10 центте - лирақұйрық, 20 центте - үйректұмсық бейнеленген.Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген.Аустралияда қорғауға арналған кешендер саны мыңнан асады. Соның ішінде Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Оқушылар ең ең деген сөздерді жалғастырып Аустралия туралы білгендерін айтады.

5. Бағалау кезеңі

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі(1 мин)

§53 оқу. Кескін картамен жұмыс.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


© 2010-2022