Сабақ жоспары Қытай. Мемлекеттік құрамы мен құрылымы

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қытай. Мемлекеттік құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

Сабақтың мақсаты: 1. ҚХР экономикалық географиялық жағдайы, мемлекеттің қалыптасу тарихы, геосаяси жағдайы туралы білімділігін арттырады.

2. Жылдамдық, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

3. Табиғат ресурстарын қорғауға, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен танысады, достық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді.

Үстеме міндет: Технологиялық карта тәртібін сақтау.

Күтілетін нәтиже: Мақсатқа жету.

Әдіс-тәсілдері: Карта, тірек сөздер, қарама-қарсы сұрақтар, сыни тұрғыдан сұрақтар.

Сабақтың түрі: Ауызша сабақ-1.

Қытай әуені ойнайды, Қытай туралы слайд көрсетіледі.

Жаңа тақырыпқа жалпы шолу (5 минут).

І. Кілттік сөздер

  1. Провинция

  2. Экономикалық аудан

  3. Археология

  4. Куньлунь

  5. Такла-макан

  6. Тайфун

  7. Деография

  8. Көп ұлтты

  9. Чжуандар

( Көп этностық топ)

  1. Дінсіз ел (ресми діні жоқ)

  2. Дзамба (майда қуырылған арпа)

  3. Янцзы

  4. Хандыктар (негізгі халықтар)

  5. Шынжан

1 минут есте сақтау 1 минутта жазу, ОММ бойынша бағалау.

ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар

1. Елдің құрамында қанша провинция бар? (23)

2. ҚХР жерінің ауданы қанша? (9млн 600 мың км2)

3. Қытай мемлекеті неше эконмикалық ауданнан құралған? (5). (Шэньчжен, Чжухой, Шаньтоу, Сямень, Хайнань)

4. Кқлемі жөненен қай елдерден кейін нешінші орында? (Ресей, Канада, 3 орын)

5. Апиын соғысы қашан болды? (1840ж)

6. Қытай коммунистік қоғам орнату түрлі эксперименттер арқылы жүргізілді, ол қандай? (Үлкен секіру, аппаратты тазалау, мәдени төңкеріс)

7. Қазақстанмен достық қатынас қай жылы үзілді? (1960)

8. Сунь-Ятсен басқарған буржуазиялық демократиялық революция қай жылы болды? (1911)

9. Қытайдың басты өзендерін ата? (Янцзы, Хуанхэ, Сунгари, Сицзян)

10. Жазғы муссон әсерінен болатын теңіз дауылы? (Тайфун)

11. Непал мен Қытай шекарасындағы әлемдегі ең биік шың? (Джомалунгма)

12. Қытайда қай жылғы дейін халықтың туу мен өлім-жітім жлғары болды? (1949ж. революцияға дейін)

13. Халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлау қай кезден бастады? (ХХ ғ. 70ж.)

14. Қытайдың негізгі халқы кимдер, саны қанша, қанша пайызды құрайды? (Ханьдыктар, 1млд астам, 91%)

15. Қытайда миллионер қала саны қанша? (40 жуық)

16. Саны ең көп және ең аз тараған этностық топ? (Чжуандар, Лобалықтар)

17. Қытайдың солтүстік шығысындағы таулар? (Үлкен кіші Хинган)

18. Гималайдағы шекара мәселесі жөніндегі дау Қытай мен Үндістан арасындағы қарулы қақтығысқа алып келді,ол қай жылы болды? (1962)

19. Қытай жеріндегі шөлді ата? (Такла-Макан, Гоби)

20. Қытай қандай климаттық белдеуде орналасқан? (Қоңыржай, субтроп,субэкв)

21. Шөлді аймақтарда жауын-шашынның жылына түсетін мөлшері? (250мм)

22. Қытайдың солтүстігіндегі халықтар қандай тағам түрімен қоректенеді? (ұн өнімдері)

23. Оңтүстік аудандағы халықтар қандай тағам түрін пайдаланады? (Күріш)

24. Қытайдағы аз ұлттар дай, чжуан, бун қайда орналасқан? (Қалаларда 2 қабатты үйлерде)

25. Қытай әскерлері Вьетнамға қай жылы шабуыл жасады? (1979)

Сыни тұрғыдан сұрақтар

1.Қытайдың жағалау сызығының жалпы ұзындығы қанша? а)14 мың км. ә)32 мың км. б)18 мың км

2. Ашық теңіз маңы қалалар мәртебесіне ие неше қала? а)14 ә)9 б)13

3.Ұйғыр, қазақ, өзбектердің сүйікті тағамдары? а)ашытылған қырық қабат ә)қой етінен жасалған кәуап б)қуырылған құйрық

4. Монголдардың ұлттық киімі қандай? а)Чуба ә)кестеленген тақия б)ұлттық шапан,етік

5. Қытай жерінің ауданы қанша? а) 6млн 800 мың км2 ә) 8 млн 600 мың км2

б) 12млн км2. (9 млн 600 мың км2)

6. Қытайдың құрлықтағы шекарасы қанша км? а)21 800км ә)24 600 км б) 22 300 км

(22 800 км)

7. 1949ж. санақ бойынша Қытайхалқының саны қанша? а) 341млн 430 мың

ә) 432млн 320 мың б) 531 млн 570 мың (54 млн 670 мың)

8.Корейліктер қандай етік киеді? а)жайпақ ә)өкшесі биік б) табаны қалың

(тұмсығы қайқы етік)

9. Ішкі Монғолстанның, Шынжанның, Цинхайдың, Ганьсудың тұрғындары қандай үйде тұрады? а) ағаш ә) кірпіш б) киіз үй

10. Мяолықтардың әйелдері қандай әшекей заттарға құмар? а) алтын мен жез ә) күміс пен мыстан б) алтын мен күмістен

11. Оңтүстік Қытайдағы аз ұлттар кімдер? а) ұйғыр, қазақ, өзбек ә) дай, чжуан, бун

б) корей, қытай, тай

12. Қытай ресми дінсіз ел болғанымен, тұрғындары түрлі діндерді ұстанады, ең маңыздысы қайсысы? а) конфуцилік, даосизм, будда ә) суннизм, шиизм, католизм б) православие, суннизм, буддизм

13. Шамамен б.з.д. ХХІ ғ. Қытай тарихында құлдық құрылыс дамыған әулет дүниеге келді, ол қандай әулет? а) шан ә) чжан б) лантан (ся әулеті)

14. Қытайға тиісті ұлан-ғайыр теңіз айдынында қанша арал орналасқан? а)1923 ә)4892 б)3495 (5400)

15. Қытайдың шығысымен оңт.шығысы қай мем. шектеседі? а)Қазақстан, Қырғызстан ә)Ресей, Монғолия б) Корея, Пакистан (Корей, Жапония, Филлипин, Бруней, Малайзия, Индонезия)

16. Қытайдың аса ірі аралдарын ата? а) Малайзия ә) Индонезия б) Филиппин (Тайван, Хайнан)

17. Қытайдың шығ.аудандарына ауа ағыстары Тынық, Үнді, мұхиттарынан мол ылғал алып келеді, жылына алып келетін жауын-шашынның мөлшері қанша? а) 3 000 ә) 4 000 б) 5 000 (2 000 мм)

18. Қытайдың ұлттық валютасын ата? а) доллар ә) иена б) лира (юань)

19. Қытай оңт-мен оңт.батысында қандай елдермен шектеседі? а) Корея, Пакистан ә)Ауғаныстан, Тәжікстан б)Ресей, Қазақстан (Үндістан, оңт.Мьянма, Вьетнам, Непал, Бутан, Лаос)

20. Қытайдағы аз ұлттар мекендейтің 2 қабатты үйді қалай атайды? а)Саньлан, ә)Шанлань б)Канлань

21. Тибеттіктер майда қуырылған арпа ұнын жеп, тұшытылған май мен шай ішеді, олар бұл тағам түрін қалай атайды? а)Дзамба ә)Кәуап б)Дагао пудингі

22. Қытай тарихында бірінші болып орталықтандырылған көп ұлтты мемлекет құрылды, ол қандай империя? а) Сунь Ятсен ә)Тяньаньмәнь б)Цинь

23. Ся әулетін ауыстырған әулет? а)Шань ә)батыс Чжоу б)Циншихуан

24. Императорлық әулет қай жылы республикамен ауыстырылды? а)1912ж. 12 ақпан ә)1911ж. 18 сәуір б)1913ж. 4 наурыз

25. ХХғ. 80ж. Қытай басшылығы тарапынан басталған экономиканы либералдау саясаты нәтиже алып келгенімен, қоғамда басшылық рөлде коммунистік идеология қалып қойды. Оған дәлел студенттер қозғалысы. Ол қозғалыс қай жылы, қай қалада болды? а)1989ж. Пекин ә)1992ж. Шанхай б)1974ж. Үрімші


© 2010-2022