Разработка открытого урока по географии на тему Американың ашылуы және игерілуі

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Разработка открытого урока по географии на тему Американың ашылуы және игерілуі

Ордабасы аудандық білім бөлімі

Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі










Тақырыбы: Американың ашылуы және игерілуі



11 "Д" сынып



Пән мұғалімі: Туечиева Ивагүл Қадірқызы





Шұбарсу - 2016 ж

Күні: 19.01.2016 жыл

Сыныбы: 11 "Д"

Пәні: География.

1.Сабақтың тақырыбы: Американың ашылуы және игерілуі.

2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Американың қоныстану және игерілу кезеңдерін, Америка елдерін топтастыруын анықтайды. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: Жеке, жұптық және топтық жұмыс. 4.Сабақтың нәтижесі: Америка елдері.Американың қоныстану және игерілу кезеңдеріне, Америка елдерін топтастыруына сипаттама беруді үйренеді,түсініктерін кеңейтеді . .

5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Бағалау парағы арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды

6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін. 7.Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,презентация, интернет материалдары.

Сабақ барысы:

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды.

Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Психологиялық тест бойынша топтардың мінезін анықтау
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тезшешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер, шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызғушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттанушылыққа деген беталыстары басым.

Шеңбер- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсуші, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
- танымал емес шешім қабылдауға тырысады, басшылықта демократиялы басшылық стилін ұстанушы;- күн тәртібі майыспалы, қоғамдық жұмыстарға бейім; тума психолог.

Оқушылар үш топқа бөлінеді

1.Американың қоныстануы

2. Игерілу тарихы

3. Елдердің топтары

.

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

15 мин

Тұсаукеср

1. Үй тапсырмасы бойынша ашық сұрақтар қояды. Жұптық жұмыс береді

2.Оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды

3.Ортақ топтық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін мұғалім әр топқа белгілі тақырып бөліп беріп, мәтінмен танысып, топпен талқылап, постер жасауға тапсырма береді;

І топ Америка аумағының қоныстануы

ІІ топ Американың жергілікті халықтары

ІІІ топ Ағылшын Америкасы мен Латын Америкасының экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлері

1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын постерге түсіреді.

20

мин

Негізгі

бөлім

1. Берілген тапсырма бойынша негізгі түйінді идеясын айтып, постер қорғатады.

2. Ұғымдарға анықтама беру.Дәптермен жұмыс.

"Вигвам", апачи, пуэбло, ольмектер, майя, ацтек,инктер, маис, латифундиялар, плантация, метистер, мулаттар, самбо

3. Географиялық диктант. Жұптық жұмыс

1)Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндерді кейде --------------------------деп те атаған.

2)Қазіргі Мексика жерінің солтүстігін ержүрек ----------------------------------------- мекендеген.

3)Мексика шығанағы жағалауының ежелгі тұрғындары ----------- бастама болған.

4)Еуропалықтар мен үндістердің некесінен туғандарды ----------------,Еуропалықтар мен африкалықтарлың ұрпақтарын-------------,ал африкалықтар мен үндістердің некесінен туғандарды---------------деп атайды.

3.Деңгейлік тапсырмалар

І-деңгей

Америка елдерін атлас картадан анықтаңыз.

ІІ-деңгей

АКТ-ні пайдаланып тақырыпта кездескен ұғымдарға анықтама беру.

ІІІ-деңгей

АКТ желісін пайдаланып Америка туралы қысқаша бейнефильм.

1.Бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып постер арқылы қорытындылайды

2.Оқушылар қажетті сөздерді орнына тауып қояды.(жеке жұмыс)

3.Деңгейлік тапсырмалар орындайды,тапсырмалардың орындалуы балдық жүйемен бағаланады.

4.Оқушылар сабақты бекіту сұрақтарына жылдам жауап беруге тырысады. 1.Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.(екі жұлдыз бір тілек)

5

мин

Қорытынды

1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.

2. Үйден ізденіп келуге Америка тарихы.

2. Оқушылар стикерлер арқылы кері байланыс жасайды

Не ұнады:............................................

Не қиын болды: ................................

Тілегім: ...............................................









© 2010-2022