Урок по географии на тему Атмосфера

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Жаратылыстану 5-сынып

Тақырып: Атмосфера-Жерің ауа қабаты.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру.

Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат- Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тэрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана-сезімдерін ояту.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:

интерактивті тақта, оқулық, бағалау парағы, суреттер, су, шар, стақан.

Әдіс-тәсілдер: дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, жекелей, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар.


Сабақ барысы:

Нұрға бөлену жаттығуы.

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)

Ол бар жерде бар ма,жоқ па білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

(Ауа)


ІІ. Жаңа сабақ.

Ендеше, оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Атмосфера - Жердің ауа қабаты. Топқа бөлініп, мынадай ролдер бойынша жұмыс жасаймыз. Топ басшыларына өзін-өзі бағалау парағын үлестіремін.



  1. Төраға

  2. Таймкипер

  3. Хатшы

  4. Баяндамашы

Оқушыларға оқулықпен және қосымша берілетін мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Таймкипер уақыт белгілесе, хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ берілген тақырыптарды қорғайды.



ІІ. Жаңа сабақ. Қосымша мәтін.

Урок по географии на тему Атмосфера

Атмосфера[1] - жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.

Атмосфера - Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот - 78%, оттек - 21%, инертті газдар - 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан - 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200-1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25-30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.

І топ. Атмосфера қабатына жалпы сипаттама

ІІ топ. Ауа құрамындағы газдарға сипаттама

ІІІ топ. Атмосфераның негізгі қабаттарына сипаттама

ІV топ. Ауаның ластануына сипаттама



Енді сәл сергіту сәтіне - жұмбақтар шешу ойынын өткізейік

Ұстасаң, қолға ілінбес

Қарасаң, көзге түспес.

(Ауа)

Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады.

(Аяз)

Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді

Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді.

(Қыс пен жаз)

Ол келсе орман шулайды

Толқын теңіз тулайды

Қуса өзен қуады

Ешкім оны құмайды.

(Жел)

Таңертең бар, кешке жоқ

Кеш түгілі түсте жоқ.

Мен моншақпын әдемі

Ірі емес ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас

(Шық)

Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жасы тамып барады

(Бұлт)

Көк жүзінде көк жолақ

Қойды екен оны кім бояп.

(Кемпірқосақ)

Топтық жұмыс.

І топқа тапсырма.

Берілген сұрақтарды топ талқыға салып, топтың әр мүшесі жауап беруі қажет.

Орманға демалуға барғанда жаққан отынды өшірмесе табиғи ортаға қандай зиян келтіреді?

Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы қандай?

Ерте кездегі адамдар табиғаттты қалай пайдаланды?

Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?



2 топқа тапсырма.

Венн диаграммасы.

Ауаның маңызы пайдасы Ауаның ластануы

тіршілік

үшін

қажет



табиғаттағы өрт,

машина, зауыт

түтіндері

тыныстайды, өмір сүреміз





ІІІ топтың тапсырмасы.

Егер сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз, онда ауаны қорғау үшін қандай шаралар жүргізер едіңіз?

1.Өндіріс орындарында біртіндеп тазалаушы қондырғыларды орнату.

2.Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану.

3.Қалдықсыз технологияға көшу.

4.Табиғи байлықты тиімді пайдалану.

5.Флора мен фаунаның жойылып кетуінен сақтайтын іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыру.

ІV топтың тапсырмасы.

Оқулықта берілген нұсқаулықты пайдалана отырып тәжірибе жасау.

Тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет. Ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Сұрақ: Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек?
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Ағзалар денесі 30-дан 90 пайызға дейін судан тұрады. Адам су ішпей 6-7 күнге шыдауы мүмкін. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.
Су туралы ассоциация
● Су - сұйық зат.
● Аспаннан жауын түрінде түседі.
● Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.
● Су буға айналады, ұшып кетеді
● Бу - мөлдір,түссіз газ.

ІҮ.Практикалық жұмыс: (Тәжірибе жасау)
Практикалық жұмыс №1
● Стақан ал. Ол ыдысқа су құй.
Сен әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көрдің.
● Судың нақты пішіні болмайды. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.
Практикалық жұмыс №2
● Қызыл, жасыл, сыры, ақ қағаздардан жолақ дайында. Осы қағаз түстері мен судың түсін салыстыр. Суды қазыл, сары, жасыл ақ деп айтуға бола ма? Болмайды.
● Судың түсі болмайды. СУ - ТҮССІЗ!
Практикалық жұмыс №3
● Стақандағы суға кез келген затты сал. Судың ішінен ол айқын
көрінеді.
● Су - мөлдір. Бірақ ол үнемі мөлдір болып көріне бермейді. Кейбір қалдықтардың салдарынан ластанады. Таза судың түсі болмайды!
Практикалық жұмыс №4
● Қант, тұз, лимонның дәмі қандай? Енді судың дәмін байқа. Оны ащы, тәтті, қышқыл деп айтуға бола ма? Болмайды.
● ТАЗА СУДЫҢ ДӘМІ БОЛМАЙДЫ!!!
Практикалық жұмыс №5
● Анаң тамақ дайындап жатқан кезде сен астың иісін сезесің. Гүлдер мен иіс судан да жағымды иіс шығады. Ал судың иіcі бар ма? Иіскеп көр.
● ТАЗА СУДЫҢ ИІСІ БОЛМАЙДЫ. СУ-ИІССІЗ!!!
Практикалық жұмыс №6
● Біреуіне су құйылған екіншісі бос екі стакан ал. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құй. Бірінші стақаннан екіншісіне су құйылады.
● Яғни, су ағады.
Қорытынды
• Судың нақты пішіні болмайды
• Судың түсі болмайды. Су-түссіз
• Су-мөлдір
• Су ағады
Міне, бұлардың бәрі судың өзіне тән қасиеттері.

ҮІ. `INSERT әдісі`
Білемін Білгім келеді Не білдім?
Су-тіршілік көзі Судың тағы қандай ерекшеліктері бар? Судың қасиеттері жөнінде білдім

Өткенді пысықтау.

Оқушылар осы сабақта өз білімдерінің қаншалықты деңгейде толыққанын кесте толтыру арқылы білдіртеді.

Нені білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?










Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

Берілген сұрақтарға оқушылар адамгершілік тұрғысынан байланыстырып жауап беруі қажет.

  1. Тірі ағзалар үшін оттегін қайдан аламыз?

  2. Улы түтіннің алдын-алу үшін қандай шаралар жүргіземіз?

  3. Көше бойынан дәрілік өсімдіктерді теруге, мал жаюға болады ма?

  4. Өзің тұратын жердің ауасы қаншалықта таза екендігін айта аласың ба?

Сабақтағы кері байланыс: Оқушылар осы сабақтан алған әсерлеріңді, тілектеріңді қағазға жазып тақтаға жапсыруларыңызға болады.

Өзін - өзі бағалау парағын жинау.

Үйге тапсырма: «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары» туралы эссе жазып келу.

Нұрға бөлену жаттығуы.


Қорытынды:

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Белсене қатынасқандарыңыз үшін көп рахмет.




9


© 2010-2022