БАТАЛЫ ЕР АРЫМАС

Халқың сүйген перзент екенсің,енді сол халқың айтар бата берейін.Қазақта бата деген екі түрлі болады,бірі-негізгі бата,екіншісі-лебізді бата.Негізгі бата халықтікі.Халық қастерлеген басшысына адал қызметі үшін батасын өзі береді.Лебізді бата дегеніміз-халықтың тапсырған аманат-тілегі,келешекке үміт-сенімі.Ол ,негізінен,үш міндетке саяды: 1.Дүниенің бар игілігін өндіретін жұмысшы,дихан,мал өсіруші қауымның табан ақысын,маңдай терін зая кетірмей,ысырапқа  ұшыратпай  ұқсатып ,халықтың қажетіне ,игі...
Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БАТАЛЫ ЕР АРЫМАС...

Байтелиева Күләйхан Cейітхасымқызы

Жүсіп Қыдыров атындағы №54 орта мектеп

Бесарық ауылы Жаңақорған ауданы

Қызылорда облысы

...Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.

Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болады.

Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйтқысы

ете білгеніміз жөн.Біздің тіліміз мемлекеттің барлық

жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы

үшін біз өзімізді-өзіміз үнемі қамшылап,ұдайы алға

ұмтылуымыз керек.

Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауынан.

Жоғарыда Елбасы айтып кеткендей біз ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болған - Мәңгілік еліміздің Мәңгілік тілін әруақытта биікте ұстауымыз керек. Әрине Тіл тағдыры халықпен бірге. ХХІ ғасырдың жан-жақты дамыған, білімді,талантты,зерделі,дарынды ұрпағын қалыптастыруда білім беру,тәрбиелеу мәселесі қоғамымыздың басты назарында. Халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды өз Отанын,ана тілін шексіз сүйетін етіп дайындау әрбір мұғалімнің міндеті.Елбасының сындарлы саясатының арқасында мемлекетіміздің тілі - қазақ тілінің елмен бірге қайта өркендеуінің,өрлеуінің оңайға түспегені бәрімізге белгілі. Ендігі мақсат егеменді еліміздің өсіп келе жатқан жастарын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі-мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу,оны оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру екені белгілі. Осы жерде Жүсіпбек Аймауытовтың " Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер" деген сөзін еске түсіргеніміз абзал.Қазақстан Республикасының " Білім туралы" Заңында да мектеп оқушылары бойында биік адамгершілік және тұрмысқа икемділікке, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың бойында ізгілік нәрін себе білубасты міндет екендігі айтылған.Қазіргі заман талабына сай,мұғалім үздіксіз өз білімін жетілдіріп, ескіше жаттанды сабақтардан гөрі,жаңа талапқа сай инновациялық әдістерді күнделікті сабақтарында пайдаланып отырса,шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыстың орнауына да, түсіністікке де жол ашылады,әрі баланың да креативті-шығармашылық мүмкіндіктері ілгерілейді. Оқушының жан-жақты дамып жетілуіне шығармашылықпен айналысуына,ұлттық мәдениеттің озық үлгісін бойына сіңірудің бірден-бір жолы -оқушыға ұлттық тәрбие беру деп есептеймін.Мысалы,жапонның жапон екені ұлттық болмысын айқындап тұрған сәлем-сауқатынан танылады,жапондар әлемдік аренаға өзінің ұлттық болмысын сақтай шығып отыр.Қазақ баласы да төрткүл дүниеге қазақи болмыспен танылу керек. К.Д.Ушинский айтып кеткендей "Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек,сонымен қатар тәрбиеші,адал,әділетті,шыншыл адам болуы керек",яғни әр мұғалім сабақта жоспарлаған үш мақсаттың үшеуіне жетіп,білім мен тәрбиені ұштастыра білу керек. Оқушыларға халық ауыз әдебиетін оқытқанымда "Бата және оның түрлері "тақырыбы бойынша "Баталы ер арымас... "деген тақырыпта қорытынды сабақ өттім. Сабақта ақ тілеудің белгісі-бата екендігін,оның кез келген жерде айтыла бермейтінін рухани ұғым екендігін түсіндіре келіп,батаның оқулықта кездеспейтін бірнеше түрлерін және ұлы адамдардың берген баталарынан үзінділер келтірдім,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бата берген Семейлік Шәкір Әбенов жөнінде түсінік беріп, баталарымен толық таныстырып кеттім. Бата әрбір адамды ізгілікке,парасаттылыққа,мейірімділікке баулиды,ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра екендігін түсіндірдім.Ал батаны тек құрметті, елге сыйлы адамдар беретінін айттым.Мысалы,дастархан батасы дастарханға ризашылықпен беріледі,дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе шешен,өткір тілді адамдар сол үйдің иесінің сараңдығын да қосып айтып отыратын болған.Қазақта бұрыннан келе жатқан батаның бірі- жаңа айдың батасы , жаңа туған айды көрген әр адам бата жасап бет сипайды." Ай көрдім ,аман көрдім,Ақиреттік заман көрдім.Жаңа айда жарылқа,ескі айда есірке"деп жасалған батада діншілдік немесе соқыр сенім емес,ол адамдардың табиғатқа,құбылысқа,ауа райына байланысты таным,түсінігі екендігінайттым,айдың тууына және жатысына қарап жұлдызшылар ауа райын,болашақты болжап отырғандығын өмірмен байланыстыра әңгімеледік. Теріс бата,бұл "бата "деп аталғаны болмаса,қарғыстың қатты,жазаның өте ауыр түрі."Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр.Бұл-теріс батаның, қарғыс батаның белгісі"(М.Әуезов ) Мұндай бата сенімді ақтамаған,өзіне қолы,тілі тиген баласына әкенің қолын теріс жайып берген қарғыс батасы.Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған,атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген. Қазақи салт-дәстүрдің бірі- "бата аяқ" деп аталады.Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз аулына келіп, "бата аяқ" өткізеді.Кейде мұны "сырға тағар" деп те атайды Осы жолыекі жақ тойды өткізу мерзімі,кәде-жора,қалың мал жөнінде келіседі. Мұны -"бата", келісуді- "баталасу" дейді, батаның екі түрі бар екендігін және олармен жеке-жеке таныстырып кеттім. " ...Бата қазақ поэзиясының ерекше түрі..."деп этнограф-фольклорист ғалым А.В.Васильев айтып кеткендей ұлы адамдар да өзінен кейінгі ұрпаққа бата беріп,өсиет қалдырғандығын оқушы назарына ұсындым. Мысалы, Ғ.Мүсірепов: Баланың басы үлкен болса,милы болсын,Алыс-жақын жерлерге сыйлы болсын.Есенейдей болмсын, Іздегені дау болмасын,өнер болсын!Ойынан өлеңі,Қолынан өнері төгілген шебер болсын!Аллаһу акбар! - деп бата берсе ,заңғар жазушы М.Әуезов: Адалдан бер,ақтан бер,Бәлекетін жатқа бер,Ер маңдайын баққа бер-деген ақ тілек батасында қаншалықты тәрбиенің негізі жатқандығын аңғаруымызға болады. Жүз жасаған бәйтерек Жамбылдың Бауыржан Момышұлына :Батырдың жолы болсын! Самсаған қолы болсын!Түсі де суық екен,ісі де долы болсын!Аллаһу акбар! -деп берген батасымен және Бауыржан Момышұлының батасымен,Бапан бидің баталы сөзімен,Қанжығалы Асаубайдың батасымен таныстырып,Төле би айтқан екен деген:Асыл тусаң,Керей бол,Үш қазаққа мерей бол.Уақ болсаң Шоқа бол, Даулы істе жорға бол.Арғын-Қыпшақ болсаң,Алтай бол.Найман-Қоңырат болсаң,Матай бол.Байұлы болсаң,Адай бол.Үйсін болсаң,Ботбай бол.Бұл алтауы болмасаң, қалай болсаң,солай бол,-деген ұлы кісінің ұлағатты батасын таныстырдым. Жоғарыдағы мәліметтерді беру кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар беріп,мағынасына талдау жасадық,берілген сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап беріп отырды. Оқушылардың тілдік дағдыларын ,өзіндік көзқарасын қалыптастыру мақсатында аталмыш тақырыпқа байланысты "5жолдық өлең"яғни бата етіп жаздырдым. Еліміз Тәуелсіздік алған 1991 жылы қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай ,Шәкәрім,Мұхтарларды тудырған киелі топыраққа тағзым етіп,Шыңғыстау өңіріне арнайы келгенде халық ақыны Шәкір Әбенов ақсақал бата берген еді, оқушыларды сол батамен түгел таныстырып шықтым: Сарыарқа-туған жерім,елім-қазақ

Қазақ елі қашаннан көкседі азат.

Көп есітіп,көпті көріп,аз білсем де,

Мен бір ғасыр куәсі-экспонат.

Біз көрген зобалаңда қуғын-сүргін,

Енді ешкім көрмес үшін қанды қырғын,

Бар ұлттың тілін тауып,табыстырған,

Нұрсұлтаным,жұлдызың жанды бүгін.

Зерек ақыл,зерделі ой,батыл жүрек,

Жаманат жапсыра алмас жатың тілеп.

Қарадан хан туған деп қадірлеген,

Қазағың ғұмырыңды отыр тілеп.

Абылайым бүгінгі Сен емес пе?

Қазағым өзге жұртпен тең емес пе?!

Халқыңа Тәуелсіздік нұрын шаштың,

Тар асу,тайғанақ жол,кер белесте.

Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан

Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!

Халқың сүйген перзент екенсің,енді сол халқың айтар бата берейін.Қазақта бата деген екі түрлі болады,бірі-негізгі бата,екіншісі-лебізді бата.Негізгі бата халықтікі.Халық қастерлеген басшысына адал қызметі үшін батасын өзі береді.Лебізді бата дегеніміз-халықтың тапсырған аманат-тілегі,келешекке үміт-сенімі.Ол ,негізінен,үш міндетке саяды: 1.Дүниенің бар игілігін өндіретін жұмысшы,дихан,мал өсіруші қауымның табан ақысын,маңдай терін зая кетірмей,ысырапқа ұшыратпай ұқсатып ,халықтың қажетіне ,игілігіне жартату . 2.Осыған кедергі жасап,кесел келтіретін суыққол сұғанақтарға,қиянатшыл-зорлықшыл зұлымдарға тыйым салу. 3. Қошеметшіл жағымпаздарға бой алдырмай,өз ісіңе де,өзгеге де сын көзбен қарап,қате кетсе,өзің түзей білу.Осы үш талап үдесінен көрінген басшы ел сенімін ақтары шүбәсіз,анық.Ендігі менің лебізді батам,тұжырым-түйінім мынау: Иллаһи аумин! Халыққа береке,мынау қиын замандабірлік беріп,ел тізгінін ұстап, еркіндікке жеткізген Нұрсұлтанның атақ-даңқы,абыройы зорайып, тарихтың бетіне басылатын болсын!.. Аллаһу акпар! Жоғарыдағы сабақтарымда мүмкіншілігіне қарай интерактивті тақта арқылы слайдтар қолдану арқылы өткіздім, мультимедиялық проекторды пайдаланып отырдым. Инновациялық білім беру-жаңашыл ,іскер мұғалімнің іс-әрекеті.Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға,мәнін тереңдетуге,мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға бсқа да жаңа технологияларды енгізуге,пайдалануға,түрлі шығармашылықпен айналысуға бағытталған.Мен сабақ үстінде де,сыныптан тыс жұмыстарда да оқушыларға ұлттық тәрбие беруді,этнографиялық мағлұматтар беруге бағыттап отырамын. Нәтижесінде 10 сынып оқушысы Балғабекова Нұрила 2013-2014 оқу жылында этнографиядан өткен ҚИО-да 1орынды иемденсе ,2012-2013оқу жылында қазақ тілінен өткен ҚИО-ДА 10 сынып оқушысы Мұратбек Жасұлан 3орынды иемденді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр"деген болатын.Шындығында,бұл жауапкершілікті өз деңгейінде атқару заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс жасап,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген ұстаз үлесінде болуы болашақ тұлғасының кемел болашағына жол ашады. Ежелгігрек матералисі,философ Демокриттің "Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі"деп айтқанындай жас ұрпаққа үйретері көп мұғалімдердің ісі өрге жүзіп, мерейлері үстем болсын демекпін.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. "Ана тілі"газеті.2007.11.01 С.Кенжеахметұлы.

  2. "Алаш айнасы"газеті.14.01.2014

  3. " Абай"журналы.1992.№1.77-бет

  4. Әдістемелік нұсқау. Г.Т.Тұрсынова, А.А.Қасымбек.



© 2010-2022