Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның шаруашылығы 9-сынып

Қазақстанның шаруашылығы (9 сынып) Мақсаты: Білімділік. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы туралы түсінік беру.Олардың даму жолдары мен олардың маңызы туралы түсінік. Дамытушылық. Карталарды тірек –сызбаларды пайдалана отырып пәнге деген қызығушылығын арттыруТәрбиелік. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына мән бере отырып, табиғатты таза ұстауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: карта мен тақта, бор, кітап, атлас, Қазақстанның атласы Түрі: аралас Әдісі: СТО стратегиясың элементтері, семантикалық карта, РАФТ ...
Раздел География
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның шаруашылығы (9 сынып)


Мақсаты:

Білімділік. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы туралы түсінік беру. Олардың даму жолдары мен олардың маңызы туралы түсінік.

Дамытушылық. Карталарды тірек -сызбаларды пайдалана отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына мән бере отырып, табиғатты таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карта мен тақта, бор, кітап, атлас, Қазақстанның атласы
Түрі: аралас
Әдісі: СТО стратегиясың элементтері, семантикалық карта, РАФТ әдісі, топтама жасау әдісі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру сәті
1. Амандасу
2. Сынып журналымен жұмыс
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Лездемелік сұрақтар арқылы
1. АӨК дегеніміз не?
2. ҚР жалпы жер қоры қанша?
3. Жайылым мен егістік жерлер дегеніміз не?
4. ҚР жер реформасы бойынша ауыл шаруашылығы қанша санатқа бөлінеді?
5. Кластер дегеніміз не?
6. Оның кезеңдерін ата?
7. АӨК құрамы?
8. АӨК негізгі құрамы?
9. ҚР АӨК дамыту жолдары
10. АӨК негізгі мақсаты?

ІІІ Жаңа сабақ
І Қызығушылығын ояту
Қазақстанның шаруашылығы туралы не білеміз? Білетіндерін топтама арқылы ортаға салады

Қазақ жерінде б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел - қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі салалары - егіншілік пенмал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң, қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды.
ІІ Мағынаны тану мәтінмен жұмыс Ауыл шаруашылық өндірісінің құрамын анықтау
Өсімдік шаруашылығы - 50, 7 мал шаруашылығы - 49, 3


© 2010-2022