План по географий Жердің глобуста және картада бейнеленуі

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы:5

Сабақтың тақырыбы : Жердің глобуста және картада бейнеленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға Жер,глобус туралы білімдерін жетілдіру.Олардың білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: Оқушылардың глобус,картадағы түсінітерін дамыту.

Тәрбиелігі:Оқушыларды өз ойын толық жеткізуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі:СТО,миға шабуыл,семантикалық карта,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап,суреттер,глобус,карта

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі .

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

ә) Сабаққа дайындығын тексеру

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Семантикалық карта» бойынша жұмыс.

384000 км

28 тәулік

4 есе кіші

2-3 минутқа созылады

2 сағатқа жуық созылады

Күннің тұтылуы

Ай мен Жер арақашықтығы

Айдың диаметрі Жерден

Айдың тұтылуы

Ай Жерді айналып шығады


III.Жаңа сабақ

Жер шар тәріздес болғаннан кейін жер беті глобуста нақты түсірілген онда мұхиттар,құрлықтар,өзен -көлдер т.б нысандар бейнеленген.

Географиялық карта жер шарының кішірейтілген түрі,бірақ онда жер беті қағаз бетіне жазылып түсірілгендіктен құтты бір глобусты екіге бөліп тегістеп жіберген сияқты.Картаның ерекшелігі оны сабақ кезінде сөмкеде алып жүруге ыңғайлы.Барлық географиялық карталар пайдалуына қарай -сабаққа арналған туристік,көлік жолдары және т.б карталар болып бөлінеді.

Карта бойынша өзендердің ұзындығы,екі пунктің ара қашықтығын,таулардың биіктігін анықтауға болады.Масштабты көрсетудің 3 түрі бар.

Масштаб дегеніміз-белгілі бір аумақты картаға түсірген кезде алымы бірліктен,ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек.

Сызықтық масштаб тең бөліктерге бөлінген үзік сызық

Сандық масштаб (1:10000,1:50000) деп көрсетіліп,оқылғанда бір бөлінген онмыңдық немесе елумыңдық масштаб деп айтылады.Бұл жердегі 1 см-де 1000 м немесе 1 км бар деген сөз.

Атаулы масштаб 1 см-де 1000 метр бар деп картаның төменгі жағында жазылады.Ірі масштаб 1:200000-ға дейінгі кішірейтіліп түсірілген карта.Көбінесе план және топокартада пайдаланылады.

Орта масштаб1:200000 -1:1000000 аралығында кішірейтіледі.Белгілі бір ауданның аумағы,облыс орталықтары түсіріледі.

Ұсақ масштаб-1:1000000-бірнеше млн дейін кішірейтілген ,көбінесе Дүниежүзілік карталар,материктермен мұхиттар картасын түсіргенде қолданылады.Түсірілетін аумақ қанша үлкен болса сонша рет кішірейтіліп түсіріледі.

ІҮ.Жаңа тақырыпты бекіту

а) «Миға шабуыл» стратегиясы

Картаны, глобусты көрсете отырып, сабақтың тақырыбын шығару, яғни Жердің глобуста және картада бейнеленуі.

Жердің ғарыштан түсірілген суретінде Жердің көрінісі қандай түспен бейнеленген? Ал мұхит, теңіздер ше? Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

ә)Сұрақ-жауап

Географиялық карта дегеніміз не

Сенің ойынша карталардың маңызы неде

Ежелгі карталарды қандай кітаптар мен журналдардан көрдің

б)Картамен жұмыс

Өзің тұратын елді мекеннен Астанаға дейінгі арақашықты масштабына қарай отырып анықта.

Ү. Ой толғаныс. «Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) ойыны арқылы. Әр топ өзінің белгісіндегі сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берсе , өз белгілерін қояды. Ал жауап бере алмаса, басқа топ жауап беріп өз белгілерін қоюға болады. Қай топтың белгісі көп жиналса сол топ жеңіске жетеді.

Крестиктер «Х»

Нөлдіктер «О»

Үшбұрыштар «Δ»

10

10

10

20

20

20

30

30

30

Крестиктер тобының сұрақтары:

10 - Карта мен глобуста өзен, көл, теңіздерді қандай түспен белгілейді?

20 - географиялық карталар пайдалануына қарай қалай бөлінеді?

30 - белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан?

Нөлдіктер тобының сұрақтары:

10 - кез келген картада жоғарғы жағы қандай бағытты көрсетеді?

20 - картаның глобустан айырмашылығы?

30 - 1:10000 немесе 1:50000. Бұл қандай масштаб?

Үшбұрыштар тобының сұрақтары:

10 - картада биік таулар қандай түспен бейнеленеді?

20 - кез келген картада оң жағы қандай бағытты көрсетеді?

30 - 1 см-де 1000 м немесе 1 см-де 5000 м деп көрсетілсе бұл қандай масштаб болады?

ҮІ. Бағалау: оқушылардың жинаған жетондары бойынша бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма

© 2010-2022