Баяндама: География пәнінде СТО технологиясының тиімділігі

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Осы үш кезеңнің әрбіреуіне СТО технологиясының түрлі стратегиялары қолданылады. Мәселен қызығушылықты ояту кезеңіне ой шақыру, топтастыру, ұқсастық пен даралық т.б, мағынаны тануда ЖИГСО-І, ЖИГСО-ІІ өзара оқыту, жұптасып оқу, ой бөлісу  қорытынды шығару, сұрақ қою-қайтадан сұрақ қою, ББҮ, кубизм,  INSERT, екі түрлі түсіндірмелі күнделік т.б ой толғаныс кезеңіне    венн диаграммасы, сәйкестік к...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География пәнінде СТО технологиясының тиімділігі.

Який Хайрат

география пәні мұғалімі

Бірлестік орта мектебі

Зеренді ауданы

Ақмола облысы

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру ұйымдарының басты міндеті болып саналады.

Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары есебінен туындап отыр.

Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларда интерактив әдісті игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғарғы құндылық. Осы ғылым мен білімнің жетістігін паш ететін еліміздің үміт артар келешегі бүгінгі ұрпақ десек, оларды жан - жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару ұстаздар алдындағы зор міндет екендігі айтпаса да түсінікті. Сондықтан да ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдалану, іс-тәжірибені байыта түсу бүгінгі күні ұстаздар қауымына міндет болып отыр. «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» деген екен В.Г.Белинский. Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндетті , артар жүгі - сапалы білім берумен қатар жан - жақты дамыған, өзіндік ой - пікірі қалыптасқан, өмірге араласа алатын, терең ойланып, ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Тұлға ретінде қалыптасу - оқушының оқу процесіндегі басты мақсат болып табылады. Тұлға - тұтастық күйде дамыған, қалыптасқан адам. Абай айтқан «толық адам» болмысын жасауды міндет ету - оқу - танымдық процестің де негізгі мұраты.

Сәт сайын өзгеріп жатқан қоғам талабына сай жұмыс істеу барысында ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің шебері, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті.

Ұстаз өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Кәсіби маман болу үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогикалық шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Бүгінгі таңда білім берудін озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес. Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан , тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық, ғылыми өзгерістерге тез төселгіш , жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын, шәкіртінің жанына нұр кұятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы, яғни, «Жаңа формация мұғалімі» деуге болады.
Бүгінгі танда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекеттен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Сондықтан қазіргі мектеп алдында жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып шығармашыл ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Соның бірі - «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы. Мен де өз сабақтарымда СТО технологиясын пайдаланамын. 2010-2011 оқу жылында мен «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» жобасының курсынан өттім. Бұл курс менің сабақтарыма айтарлықтай өзгерістер әкелді деп айтуға болады. Өйткені СТО технологиясының толып жатқан әдіс-тәсілдері, стратегиялары оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне көмектесіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, еркін ойлап, сол ойын шебер жеткізе білетін тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сондықтан да оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жеке тұлға ретінде жан жақты дамытуда, оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолданамын:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, топтастыру, «Т» кестесі, пікір-талас, «инсерт» кестесі т.б/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс
/ эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
• мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн
диаграммасы,
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/

• Мәтіндегі негізгі ойды анықтау /Сұрақ қою қайтадан сұрақ, ЖИГСО І, Кубизм, ББҮ/ т.с.с стратегиялар.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Осы үш кезеңнің әрбіреуіне СТО технологиясының түрлі стратегиялары қолданылады. Мәселен қызығушылықты ояту кезеңіне ой шақыру, топтастыру, ұқсастық пен даралық т.б, мағынаны тануда ЖИГСО-І, ЖИГСО-ІІ өзара оқыту, жұптасып оқу, ой бөлісу қорытынды шығару, сұрақ қою-қайтадан сұрақ қою, ББҮ, кубизм, INSERT, екі түрлі түсіндірмелі күнделік т.б ой толғаныс кезеңіне венн диаграммасы, сәйкестік кестесі, бес жолды өлең, эссе, пікір-талас, Т-кестесі, әлемді шарлау т.б.

Енді осы стретегияларды сабақта қалай пайдаланамын дегенге тоқтала кетейін.

Мәселен 7-сыныпта география пәнінде «Солтүстік Американың ашылу және зерттелу тарихы» тақырыбында «сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» стратегиясын қолдандым. Мұны оқушыларымның барлығы да (жақсы оқитыны да, орташа оқитыны да) бірдей деңгейде толтырды. Тіпті сабақта көп сөйлемейтін Айжас есімді оқушым да мұны жақсы орындады.

Мекен жайы /Кім?/

Даталар /Қашан?/

Оқиғалар /Не?/

Х.Колумб

1492-ж

Материктің оңтүстік жағалауын ашты

Джон Кабот

ХҮ ғ аяғы

Нью-фаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты.

Эрнан Кортес

1519-ж

Мексика жері

Генри Гудзон, Александр Макензи

ХҮІІ ғ.

Материктің солтүстік және шығыс жағалауындағы көптеген жерлер

Витус Беринг, Алексей Чириков

1741-ж

Алеут аралдары, Аляска жағалауын зерттеді

Джеймс Кук

1778-ж

Нортон шығанағын зерттеді

Бұл стратегияның маңыздылығы сол оқушылар мұнда қажетті мәліметтерді, нақты деректерді ғана жазатындықтан негізгі мәліметтер естеріне сақталады. Яғни ҰБТ-да география пәнінен келетін тест тапсырмаларында мұндай сұрақтар көптеп кездеседі.

Сонымен қатар «Оңтүстік Америка тақырыбын өткенде» Америка дүние бөлігін ашқан саяхатшы - Х.Колумбтың осы материкті ашуы екі материкке де пайдалы әсерін тигізді дегенге келісесің бе? дегенді «Т» кестесі стратегиясын пайдаландым. Сол арқылы пікір-талас ұйымдастырылды. Мұнда сыныптағы 11 оқушының 9-ы келісемін десе, екі оқушы келіспеймін деген пікірді қолдады. Келіспеймін деген пікірді қолдаған екі оқушы да орташа деңгейде оқитын оқушылар болатын. Нәтижесінде олар нақты дәлелдер арқылы өздерінің ой-пікірлерін тиянақты жеткізе білді.

«Иә» келісемін

«Жоқ» келіспеймін

  • сауда дамыды

  • бір-бірінде жоқ дүниелермен алмасты

  • мәдени қарым-қатынас жасады


  • еуропалықтар олардың жақсы жерлерін тартып алып, өздерін жаман жерлерге қуып тастады

  • халқын қырып-жойды

  • түрлі аурулар әкелді

  • байлықтарын өздеріне тасыды

Бұл стратегияда оқушылардың сөйлеу мәнері, шеберлігі артып, өз ойын тиянақты жеткізе білуге үйренеді.

«Венн диаграммасы» стратегиясын екі материктердің немесе екі елдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда пайдалану өте тиімді. Осы арқылы оқушылар сол елдердің немесе материктердің негізгі ерекшеліктерін, ұқсастықтарын естеріне жақсы сақтайды. Мысалы: 7-сыныпта «Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар» тақырыбын мен «Венн диаграммасы» стратегиясын пайдаланып өткіздім.

Солтүстік жарты шар материктері

Еуразия

І. Географиялық орнының ұқсастықтары

Солтүстік Америка

Олардың пішіндерінде айырмашылықтар бар. Еуразия ендік бағытта әлдеқайда көлемді, әрі оңтүстіктегі аралдық бөлігі оңтүстік субэкваторлық белдеуге дейін созылған.

Екі материк ұзақ геологиялық уақыт бойы біртұтас Лавразия құрлығының құрамында дамыған. Екі материктің географиялық орнындағы ең басты ұқсастық олардың солтүстікте Арктикадан оңтүстікке экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы. Бұл материктерде солтүстік жарты шарға тән табиғат компоненттерінің толық жиынтығы кездеседі.

Ал солтүстік Американың солтүстіктегі аралдық бөлігі солтүстік полюске қарай ығыса орналасқан. Материк оңтүстікке қарай күрт сүйірленіп, Оңтүстік Америкамен жалғасады.

ІІ. Жер бедері ұқсастықтары

Ал Еуразия бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады.

Еуразияның оңтүстігіндегі аса ірі таулар Альпі-Гималай таулы белдеуін құрап, ендік бағытта орналасқан.

Екі материктің де жер бедері күрделілігімен ерекшеленеді. Олардың басым бөлігін ежелгі платформаларға сәйкес келетін кең байтақ жазықтар алып жатыр, олар көбінесе материктердің солтүстігінде шоғырланған.

Таулар материктің шеткі бөліктеріне қарай орналасқан.

Солтүстік Америка материгінің негізін бір ғана платформа құрайды.

Солтүстік Америкадағы ең ірі тау жүйесі - Кордильера материктің батысында бойлық бағытта созыла орналасқан.

«Сәйкестік кестесі» стратегиясын көбінесе жаңа сабақта терминдерді өткен кезде ой-толғаныс кезеңіне қолданамын. Өйткені оқушылар көп терминдерді өткен кезде шатастырып алады. Ал сәйкстік кестесіне қарай отырып, естеріне түсіріп жауабын дәл таба алады. Мысалы: 7-сыныпта «Оңтүстік Американың табиғат зоналары» тақырыбын мына сәйкестік кестесімен қорытындыладым:

Сәйкестендір

Ұғымдар

Анықтамасы

1

Гевея

А

Ылғалды экваторлық ормандар

2

Гаруа

Ә

Құс саңғырығынан пайда болатын аса бағалы азотты тыңайтқыш

3

Гуано

Б

Бриз желдері қалыптастыратын "соқыр"тұмандар

4

Гилея

В

Табиғи каучук алынатын ағаш

«Эссе» стратегиясын саяхатшылардың өмірі мен ашқан жаңалықтары, жетістіктері туралы тақырыптарда қолдандым. Мәселен; «Магеллан - ержүрек саяхатшы», «Васко да Гама саяхатының маңызы», «Қазақтың жарық жұлдызы - Шоқан», «Антарктидаға сапар» т.б. Мысалы: 7-сынып оқушысы Нұрбек Асылгүлдің «Қазақтың жарық жұлдызы - Шоқан»

тақырыбына жазылған эссесі.

Біз Шоқанды «Қазақтың нағыз жарық жұлдызы» деп айтуымызға толық негіз бар. Өйткені ол өзі өмір сүрген азғантай ғұмырында артына қаншама мол мұра қалдырған саяхатшы. Оның Жетісуға, Ыстықкөлге, Қашқарияға сапарларында сол жерлердің табиғаты, халқы, шаруашылығы, этнографиясы туралы жинаған деректері, мәліметтері өте құнды болып есептеледі. Әсіресе оның 1858-1859 жылдары Қашқарияға жасаған саяхаты оны даңққа бөледі. Өйткені үш жарым ғасыр бойы Қашқария жөнінде Еуропа ғылымында елеулі мәлімет болмаған еді. Өзін Әлімбай деп атап, керуен басы Мұсабайдың туысымын деп, Қашқарияға барған сапарында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов сол кезде еуропалықтарға жабық саналған Қашқария туралы мәліметтер жинап, оны ғылыми зерттеу еңбек ретінде жазуы ерлікке пара-пар іс еді.. Оның материалдары көп ұзамай неміс, ағылшын тіліне аударылды, Шоқан ержүрек саяхатшы атанды.

Эссе стартегиясы оқушылардың тіл байлығын дамытып қана қоймай, оның шығармашылық қабілеттерінің артуына да үлкен септігін тигізеді.

Жалпы СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Қорыта келгенде СТО технологиясы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда сонымен қатар білім сапасын көтеруде тиімді әдіс деп есептеймін. Сондықтан да өзімнің әрбір сабағымда СТО технологиясының стратегияларын қолданамын.

© 2010-2022