Тепе-теңдік

Сынып: 5 Пән:ЖаратылыстануТақырыбы: Тепе-теңдікМақсаты:Білімділік: Оқушыларға адамдардың тепе-теңдікті сақтауы туралы түсінік беру.Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту...
Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Тепе-теңдік

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адамдардың тепе-теңдікті сақтауы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.

2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.

3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.

2

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.

1.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

2.Механикалық қозғалысқа мысал келтіріңдер.

3.Инерция дегеніміз не?

4.инерцияға мысал келтіріңдер.

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.

3

Кез келген қозғалмай тұрған денеге белгілі бір мөлшерде сыртқы күш әсер етеді.Дененің қозғалмай тұруына бір күш екінші күшті ығыстырып тепе-теңдікті сақтайды.Жануарлар денесінің тепе-теңдігі миға байланысты болады. Кейбір жануарларда тепе-теңдікті сақтауға арналған қосымша органдары қызмет атқарады. Адамдардағы тепе-теңдікті сақтайтын құлақ түбі органдары. Біздер жүрген кезде құлақ түбіндегі органдарындағы сұйық қозғала бастайды.Егер сендер бір орында тұрып бір жағыңа қарай бірнеше рет айналып тоқтасаң-басыңның айналып тұрғандығын байқайсың. Себебі біздер тоқтағанмен жоғарыдағы аталған сұйықтық біраз уақытқа дейін айналып тұрады.

Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.

4

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.

1.Тепе-теңдік дегеніміз не?

2.Тепе-теңдікке мысал келтіріңдер.

3.Адамдардың тепе-теңдікті сақтауына не әсер етеді?

Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.

5

§42 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

6.

Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау.



© 2010-2022