Тақырыбы: Солтүстік Американың халқы мен елдері

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Алакөл ауданы

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Курманхан Маржан

Сыныбы: 7

Тақырыбы: Солтүстік Американың халқы мен елдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Солтүстік Америка халқы және елдері,Америка Құрамы Штаттары туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін , шығармашылық қиялын жүйелеу, білімін,ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және әлем табиғатын үйрене келе, өз отанының табиғатын аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, видео сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс,баяндау.

Құрал жабдықтары: Солтүстік Американың саяси картасы, атлас,слайдтар, интерактивті тақта, видео,кескін карта

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар!

«Шаттық» шеңберін құру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1. «Ыстық картоп» стратегиясы Сұрақтарға жауап беру.

1.Материкте қандай табиғат зонасы бар?

2.Лавразияның құрамына қай материктер кіреді?

3.Солтүстік Америка материгінде қандай ірі өзендер бар?

4. Солтүстік Америка материгінде қандай өзендер ұзақ уақыт қатып жатады?

5.Прерий дегеніміз не ? оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

2. Топқа бөлу.

Суреттер бойынша сынып топтарға бөлінеді. Топ мүшелері жұмыстарды өзара бөліседі, бүгін тобымыздан елші сайланады, ережемен танысады.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Біз бүгін, Солтүстік Америка халқы және елдері, Америка Құрамы Штаттары туралы оқып үйренеміз. Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқа анықтама жасайды.

Жаңа тақырып бойынша топтарға тапсырмалар бөлініп беріледі.

Топтар тақырыпты алдымен жеке меңгереді. Белгілі уақыт өткен соң әрбір топта жұптық жұмыс басталады. Топтық жұмыстан соң елшілер басқа топтарға барады, топ мүшелері келген елшіге өздерінің меңгерген тақырыптарын толығымен түсіндіріп, сұрақтарына жауап береді. Елшілер барлық топтарды аралап болған соң, өз тобына оралып қай топтан нені үйреніп келгендерінің барлығын ретімен өз тобына түсіндіріп береді, сұрақтарына жауап береді.

Солтүстік Америкада д.ж-гі ең дамыған ел - Америка Құрама Штаттары орналасқан. АҚШ-тың материктегі бөліктерінің аралығында Канада, ал оңтүстігінде Мексика орналасқан. Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарын кішігірім елдер алып жатыр.Америка Құрама Штаттары. АҚШ-ры жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Бұл елдің жері материктік екі бөліктен және Тынық мұхиттағы Гавай аралдарынан тұрады. Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашингтон қаласы мен Колумбия округінен тұратындықтан ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ) деп аталады. Астанасы Вашингтон қаласы.Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала - машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.

Канада - д.ж-де жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін 2-ші орын алады. Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км. Ел материктің солтүстік бөлігі мен Канаданың Арктикалық архипелагындағы аралдарды алып жатыр. Астанасы - Оттава қаласы. Орасан зор Канада жерінің табиғат жағдайлары да әркелкі. Елдің солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасқан солтүстігі табиғат жағдайлары өте қатал болғандықтан нашар игерілген. Суық арктикалық шөлдер мен тундра алып жатқан жазықтарда қойөгіз бен солтүстік бұғысы - карибу тіршілік етеді. Елдің осы бөлігінде ғасырлар бойы қатал климат жағдайында өмір сүруге бейімделген байырғы халық - эскимостар тұрады.

Канада ормандарға бай. Мұнда америкалық көгілдір шырша, бал қарағай, қарағай өседі. Ормандарда терісі бағалы аңдардан бұлғын, күзен, ақкіс пен жыртқыштардан қара аю - барибал, сілеусін, койот тіршілік етеді.

Елдің оңтүстік-батысындағы прерийді егіс далалары алып жатыр. Канада жылына шамамен 40 млн. тонна бидай өнімін, жинақтайтындықтан, астықты басқа елдерге де сатады.

Канаданың жер қойнауы пайдалы қазбаларға да өте бай. Ежелгі платформаға сәйкес келетін жазық бөліктерде уран, никель, алтын, мыс, темірдің бай кен орындары бар. Ұлы жазықта мұнай мен газ өндіріледі. Ағыны қатты тау өзендерінде арзан қуат көзі, ірі су электр стансалары салынған.

Канаданың табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық парк жұмыс істейді. Ең ірілері - Вуд Буффало, Джаспер, Глейшер, Фанди. Бастапқыда қорық ретінде ұйымдастырылған ұлттық парктерде қазіргі кезде жергілікті халық пен туристердің демалуына қажетті жағдайлар жасалған.

Орталық Америка елдері. Орталық Американың материктік бөлігін Мексика, Гватемала, Белиз, Гондурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңіздеріндегі Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Гаити, Доминика, Ямайка және т.б. кіші елдер мен иеліктер алып жатыр. Материктік бөліктегі ең ірі ел - Мексика, ал аралдық бөліктегі ең үлкен ел Куба болып табылады. Бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халықтың тұрмыс-тіршілігі Канада мен АҚШ-тан үлкен айырмашылық жасайды.

Қазақстан мен АҚШ қазіргі экономикалық байланысы

Видео көрсету.

IV. Сергіту сәті. «Қара жорға» биі

V. Жаңа тықырыпты бекіту

1. Топтар өздігінше меңгерген тақырыбы бойынша Венн диаграммасын құрап елдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын плакатқа түсіріп, тақтада қорғайды.

2.«Сиқырлы кітап» ойны

1.Солтүстік Америкада қандай халықтар мекендейді?

2.Материктегі халық құрамына еуропалық отарлау қалай әсер етті?

3.АҚШ экономикасының жедел қарқынмен дамуына не себепші болды?

4.АҚШ жағалауын қандай мұхит суы шайып жатыр? Ол ел табиғатына қалай әсер етеді?

5.Американың жаңа халқын атаңдар ?

6. Картадан Солтүстік Америка елідерін,шекарасын көрсетіңдер.

VI.Бағалау.

Топтағы бағалаушылар өз тобындағы оқушыларға жеке-жеке қойылған бағалар туралы мәлімдейді. Бағалау қағазын мұғалімге тапсырады.

VII.Рефлексия.

Оқушылар өздерінің пікірлерін стикерлерге жазып, смайликтерге қыстырады.

VIII. Үйге тапсырма.

Солтүстік американың елдреі тақырыбын оқу, мазмұндау. Кескін картаға материк елдерін түсіріп келу.

© 2010-2022