Еуразияның жер бедері (7 класс)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байғанин ауданы

Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп

тарих- география пәні мұғалімі

Тажибаева Алмагул Наурызбаевна

Сабақтың тақырыбы

Еуразияның жер бедері

7 класс

Сабақтың мақсаты

Еуразия материгінің жер бедері туралы білімдерін кеңейту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағдылары, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізуі, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдылары дамиды.

ресурс

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Интерактивті тақта, қима қағаздар

кіріспе

Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындау

Жер бедері түрлері арқылы топқа бөлу ( үстірт, қыраттар,ойпаттар)

Сандық көрсеткіштер жазылған қима қағаздар тарату

200м-ден төмен- ойпат

200-500 м-ге дейін- қырат

500 м-ден жоғары- үстірт

Топты бағалау парағын тарату

Интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар

Тұсаукесер

«Өз-өзіңді тексер!»

(Ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)

  1. 1648 жылы теңізшілерден бірінші болып Азия мен Американың арасындағы бұғазды ашты және Еуразияның ең шеткі шығыс нүктесін белгілеген кім, ол қай нүкте?

(Семен Иванович Дежнев, Дежнев мүйісі)

2. Дүниежүзіндегі ең үлкен континентке алғашқыда әр түрлі атаулар берілді. 1883 жылы «Еуразия» терминін геолог Э. Зюсе бірінші болып қолданысқа енгізді. Ал «Азия» деген атауды бүкіл Еуразияға қолданған неміс ғалымы (Александр Гумбольдт)

3. Орталық Азия табиғатын зерттеуге үлес қосқан орыс ғалымы ( Петр Петрович Семенов- Тянь-Шаньский)

4. Ол қайтыс боларының алдында өзін Тянь-Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырған орыс саяхатшысы

(Николай Михайлович Пржевальский)

5. Қашғарияның алты шаhарына саудагер ретінде жасырын барған ғалым (Шоқан Уалиханов)

Тест тапсырмалары

(ортада жатқан А Б В Г әріптерін топ болып таңдау арқылы көтеру)

1.Солтүстік жарты шар материктері

А) Еуразия,Африка

Б)Оңтүстік Америка,Еуразия

В) Солтүстік Америка,Еуразия

Г) Еуразия,Аустралия

2.Еуразия мен Солтүстік Американың географиялық орнының басты ұқсастығы

А)Екі материкте ендік бағытта көлемді жерді алып жатыр

Б)Екі материкте солтүстікке қарай күрт сүйірленеді

В)Олардың солтүстікте Арктикадан,оңтүстікте экваторға дейінгі аралықта созылып жатуы

Г) Екі материкте оңтүстік жарты шарда орналасқан

3.Жер шарындағы құрлықтар үлесінің басым бөлігі қай жарты шарда

А) Батыс жарты шарда

Б) Солтүстік жарты шарда

В) Оңтүстік жарты шарда

Г) Шығыс жарты шарда

4. Ежелгі Лавразия құрлығының құрамында болған материктер:

А) Еуразия, Солтүстік Америка

Б)Оңтүстік Америка ,Еуразия

В)Африка ,Аустралия

Г)Африка,Аустралия,Оңтүстік Америка,Антарктида

5. Солтүстік жарты шардың суықтық полюсі болып табылатын елді-мекен

А) Оймякон

Б) Черапунджи

В) Юкотан

Г) Камчатка

6. Суматра мен Ява аралын ашып, қазіргі Индонезия жеріне қоныстана бастаған халық

А) аргонавтар

Б) финикиялықтар

В) үнділер

Г) вавилондықтар

7. Крит аралдарын мекендеген ежелгі миной халқының сауда қарым-қатынасын жүргізген елдері

А) Египет, Парсы, Үнді

Б) Финикия, Кипр, Эгей теңізіндегі аралдар

В) Үнділер, Мадагаскар аралы

Г) Кипр, Сицилия аралдары және Египет

Электронды оқулық, оқулық, плакат, маркер,стикер, т.б

Негізгі бөлім

Электронды оқулықтан Еуразия материгінің жер бедері туралы тыңдау

"Топтық тапсырма" постер қорғау

І топқа Жер бедерінің дамуы

ІІ топқа Жер сілкіну аймақтары

ІІІ топ Жер бедерінің негізгі түрлері

Электронды оқулықтан интерактивті тапсырманың 7- ұяшығы

(789 ұяшықтар тапсырмаларын орындау)

Инт. Тақта

қорытынды

«Фишбон » әдісі

Жер бедерінің алуан түрлі болуының себебі, дәлелдері және қорытындылау

ИНСЕРТ әдісі

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?



бағалау

Топты бағалау парағы

Үйге тапсырма

Еуразияның жер бедері

Кескін картаға Еуразия аумағындағы ежелгі платформаларды және оларға сәйкес келетін ірі жазықтарды, геосинклиналдық белдеулер мен олардағы тау жоталарының жату бағыттарын белгілеп, аттарын жазыңдар толтыру


Топты бағалау парағы

Аты жөні

«Өз-өзіңді тексер»

Тест тапсырмалары

Топтық тапсырма

Электронды оқулық тапсырмасы

«Фишбон » әдісі



















А Б В Г

© 2010-2022