Ашық сабақ Солтүстік Америка 7-сынып

Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы және зерттелу тарихымен таныстыру. Оқушылардың осы сабақтан алған білімін жетілдіру мақсатында тапсырмалар,кескін картамен жұмыс арқылы кеңейту. Оқушыларды Солтүстік Америка туралы мағлұмат беру. Бұл жаңа сабақ, сабақта слайд, кескін картамен жұмыстар бар. Материктердің басты ерекшеліктеріне саяхат. Материктің ашылуы мен зерттеулу тарихына тоқталады. Сандық диктант "Американың ашылуы", Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен...
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:

Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы

және зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы және зерттелу тарихымен таныстыру. Оқушылардың осы сабақтан алған білімін жетілдіру мақсатында тапсырмалар,кескін картамен жұмыс арқылы кеңейту. Оқушыларды Солтүстік Америка туралы мағлұмат беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картаны оқыту арқылы жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа жердің табиғатымен таныстыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға ондағы байлықтарға, табиғат ресурстарын білуге және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пән байланысы: Тарих, биология

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: атлас,кескін карта, оқулық, суреттер, карточкалар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы Оңтүстік Америка туралы жалпы еске түсіру

Жаңа сабақты түсіндіру:

І.Қызығушылығын ояту

Солтүстік Америка туралы не білеміз?

ІІ. Материктің географиялық орнына сипаттама беру

1.Экваторға қарағанда-толық солт.жарты шарда

2.Бастапқы меридианға қарағанда-толық батыс жарты шарда жатыр

3.Басқа материктерге қарағанда- Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-ші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн.км².

4.Мұхит,теңіздерге қатысы-С-Солт.Мұзды мұхиты,Б-Тынық мұхиты,Ш-Атлант мұхиты шайып жатыр,3 мұхиттың теңіздері қоршап жатыр

5.Климаттық белдеулері-экватордан басқа белдеулер кеседі

Кескін картамен жұмыс

6.Шеткі нүктелері: С-Уэльс Ханзада мүйісі

О-Марьято мүйісі

Б-Мерчисон мүйісі

Ш-Сент-Чарльз

ІІІ.Слайд-Материктің басты ерекшеліктеріне саяхат

Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар: /Кескін картаға белгілеп отыру/

Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі - Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.

Д.ж-гі ең үлкен арал - Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.

Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.

Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі - Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500 км.

Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы - Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.

Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.

Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.

Солтүстік Америкадағы ең суық жер - Гренландия аралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.

Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен- 86 метр төмен жатыр және ең ыстық жер - Өлім аңғары (+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.

Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері - Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері - Калифорния шығанағының солүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.

ІҮ.Материктің ашылуы мен зерттелу тарихына тоқталу

/Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау/

Слайд арқылы тарихқа саяхат Солтүстік Америка материгін ашқан теңіз саяхатшылары

Л. Эриксон 1000 ж

Х. Колумб 1492-98 жж

Д. Кабот 1497 ж

Э. Кортес 1524 ж

В. Беринг пен А. Чириков 1741 ж

М. Льюис пен У Кларк 1805 ж

А. Маккензи 1843 ж

Р. Амундсен 1905 ж

Г.Гудзон

1492 жылы Х.Колумб бастаған испан экспедициясының материктің оңтүстік жағалауын ашқан. Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон (ХVІІ ғасыр) Александр Маккензи (ХVІІ ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларындағы көптеген жаңа жерлерді ашты.

1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.

Ү.Жаңа сабақты бекіту:

Сандық диктант

1.Лабрадор түбегін қай шығанақтың суы шайып жатады?

2.Колорадо өзені қай шығанаққа құяды?

3.Қай шығанақты теңізшілер «мұзды қапшық»деп атайды?

4.Флорида түбегін қай шығанақтың суы шайып жатыр?

5.Қай шығанақты бейнелі түрде «ыстық бақыр» дейді?

6.Қай шығанақ Тынық мұхиттың бір бөлігі болып табылады?

7.Қай шығанақтан шығысқа қарай Лабрадор түбегі жатыр?

8.Жылы ағыс қай шығанақтан басталады?

9.Куба аралын қай шығанақтың суы шайып жатады?

калифорния

мексика

гудзон

2

5

6

4

8

9

1

3

7

«Американың ашылуы»

1.Материктің солтүстік жағалауын зерттеген саяхатшы,атауымен өзен бар

2.1910ж 1-ші болып Оңтүстік полюсті ашқан саяхатшы

3.Дүние жүзіндегі ең ірі арал

4.Солт.Америкадағы ең ірі түбек

5.1741ж желкенді қайықпен Камчатка түбегінен шығып,Солт.Американың батыс бөлігін ашқан саяхатшының бірі

6.Ағылшын саяхатшысы Солт.Американың полярлық ендікке дейін зерттеген саяхатшы

7.Лабрадор түбегі мен Ньюфауленд аралын ашқан саяхатшы

8.Америка материгіндегі ірі мемлекет

9.Калифорния түбек,шығанақ және...?

10.Мак-Кинли ең биік...?

11.Америка материгінің аталуына себепші саяхатшы

12.Теңіз бен көлдің құрлыққа еніп жатқан бөлігі?

13.Анд тауының бізше атауы?

14.Америка материгін ашқан саяхатшы?

15.Қыста мұз құрсауында болатын шығанақ

16.Таудың ең биік нүктесі

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы және зерттелу тарихымен таныстық. Оқушылардың осы сабақтан алған білімін жетілдіру мақсатында сәйкестендіру кестесін қолдандым.


Бағалау

Үйге тапсырма: §29 оқу Кескін картаға саяхатшылардың зерттеу бағытын түсіру








© 2010-2022