Поле чудес

«Ғажайып алаң» ойыны Ойынның мақсаты:  Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін      жетілдіру, білімді, жан-жақты болуға үйрету.   Ойын шарты:             Ойынға әр сыныптан өз еріктерімен 12 оқушы қатыстырылады. Оларды 3 оқушыдан 4 турға бөлеміз. Олардың міндеттері: тақтада жасырылған сұрақтарды тауып, дұрыс жауабын беру (әріптеп немесе бірден).  Ойын кезекпен жүргізіледі. Әрбір турда жасырылған сұрақтың жауабын тапқан оқушы финалға өтеді. 4 тур аяқталғаннан соң финалға 4 оқушы шығады. Финалдан жеңіп шыққан 1 оқушы ақтық сынға қатысады. Көрермендер жағына ескертетін жағдай егерде бір әріпті айтатын болсаңыздар сыныбыңыздағы қатысушылармен бірге ойыннан шығарыласыздар!   Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!                                       Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,                                       Табылғандай танымда, жат дауыста.                                       Біреу озып келеді қатарынан,                                       Біреу қалып жатады асығыста.                                         Ойын толқын жатқанда асып, тасып,                                       Біреу мығым, біреулер шалыс басып.                                      Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,                                       Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.          «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!                                       Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,                                       Жан сәулесін тарататын баршаға.                                       Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,                                       Сайыскерлерді шақырайық ортағаа. Алдымен «Ғажайып алаң» ойынын бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік: 7 «А» сыныбынан 1. 2. 3. 1-турдың сұрағы:  Су буының сұйық күйге ауысуы (Конденсация)                                        Білімнің ұшқырлығын танытатын,                                       «Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмаған.                                       Уақыт деген зымырап өтіп кетер,                                       Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ғажайып алаң» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау,

ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін

жетілдіру, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

Ойын шарты: Ойынға әр сыныптан өз еріктерімен 12 оқушы

қатыстырылады. Оларды 3 оқушыдан 4 турға бөлеміз. Олардың міндеттері: тақтада жасырылған сұрақтарды тауып, дұрыс жауабын беру (әріптеп немесе бірден). Ойын кезекпен жүргізіледі. Әрбір турда жасырылған сұрақтың жауабын тапқан оқушы финалға өтеді. 4 тур аяқталғаннан соң финалға 4 оқушы шығады. Финалдан жеңіп шыққан 1 оқушы ақтық сынға қатысады. Көрермендер жағына ескертетін жағдай егерде бір әріпті айтатын болсаңыздар сыныбыңыздағы қатысушылармен бірге ойыннан шығарыласыздар!

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз. Сондықтан да бүгінгі «Ғажайып алаң» ойынына қош келіпсіздер!

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортағаа.

Алдымен «Ғажайып алаң» ойынын бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік: 7 «А» сыныбынан

1.

2.

3.

1-турдың сұрағы: Су буының сұйық күйге ауысуы (Конденсация)

Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Ғажайып алаңда» сайыскер жаңылмаған.

Уақыт деген зымырап өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

2-турымызды бастау үшін ортаға 7 «Ә» сынып оқушыларын шақырамыз.

Сайысқа қош келдіңіздер! Енді сіздерді таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

2-турдың сұрағы: Африка материгіндегі пайдалы қазбалардың бірі, оның ең ірі кен орындары Атлас тауында кездеседі. (Фосфорит)

Келесі кезекті әнге берейік.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын, деп біз сайысымызды одан әрі жалғастырсақ. Сайысымызды жалғастыру үшін ортаға мен 7 «Б» сынып оқушыларын шақырамын.

1.

2.

3.

3-турдың сұрағы: 1855 ж Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан ағылшын саяхатшысы? (Ливингстон) (1813-1873)

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс-досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды көрермен «Жеңімпазға» дей келе 4-турымызды бастау үшін 7 «В» сыныбының оқушыларын ортаға шақырамыз.
1.

2.

3.

4-турымыздың сұрағы: Тынық мұхитының экваторлық аймағында қос жақтаулы бақалшақ. Оның салмағы 300 кг дейін жетеді. (Тридакна)

Кезекті әнге берейік

4- турдан жеңіп шыққан 4 оқушыны сайсқа шақырамын. Олар

1.

2.

3.

4.

Сіздерге қойылатын сұрақ: 1988 жылы Арменияда жер сілкінудің салдарынан осы қала жермен жексен болды. Бұл қай қала? (Спитак)

Жарайсыңдар оқушылар!

Ал енді ақтық сынға да келіп жеттік. Саған тек сәттілік тілеймін! Саған сұрақ мынадай:

1. Жер қыртысының қозғалысын тіркеп отырады (сейсмограф)

2. Грек тілінен аударғанда «тереңдік» деген мағына береді (бентос)

3. Аустралия шөліне төзімді жануар (кенгуру)

Енді сен маған 5 әріп айтасың, соның ішінде кездесетіні болса мен ашып беремін. Енді ойлануға 1 минут беріледі. Асықпай дұрыстап ойлан!

Жақсы осымен «Ғажайып алаң» сайысы осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!

© 2010-2022