Ашық сабақ «Табиғатты қорғау шаралары. Қорықтар »

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Табиғатты қорғау шаралары. Қорықтар.

Сабақтың мақсаты: Бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып қорғалатын аумақтар туралы білімді тереңдете түсу, салыстыра білу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Қорғалатын аумақтар туралы біледі, табиғат қорғау маңызды екеніне ұғынады. Өз бетімен, , топпен жұмыстана алады, өз ойларын айтып сұрақтар қоя алады, өзара бағалайды.

Оқуда қолданылған әдіс-тәсілдер: топтық және жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, зерттеушілік жұмыс, картамен жұмыс;

Сабақтың барысы:

Кіріспе

Психологиялық тренинг өткізу «Мен не үшін өзімді жақсы көремін» .Топқа бөлу Оқушыларға түрлі-түсті үшбұрыштар үлестіру.. Оқушылар түстері бойынша топқа бөлінеді.. Бағалау парағын үлестіру

Үй тапсырмасын тексеру, сыныптың білім деңгейін анықтау.

Сұрақтар:

1.Қазақстан аумағында қандай экологиялық апатты аймақтар бар?

2.Арал теңізінің және Арал маңының экологиялық дағдыларын шешуде қандай шаралар жүзеге асырылуда.?

3.Қазақстанда қашан және қай жерде алғашқы ядролық сынақ өткізілді?

4.Каспий қайраны мен мұнай өндіру барысында қандай экологиялық мәселелер туындауда?

5.Экологиялық жағдайдың нашарлауы, адам денсаулығына қалай әсер етеді?

Тұсаукесер.

Тақырыпты таныстыру

Видеоролик қарау «Ақсу- жабағылы қорығы»

Негізгі бөлім

1.Жұптық әңгіме. Оқушыларды жұптарға бөлу. Жұптасып жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Сұрақтарды талқылауға бірнеше минут беріп, ортақ жауап берулерін сұрау.. Жауапты жазып алып, талдауды ұсыну..

Оқушыларға талқылайтын сұрақтарын үлестіру.. Талқылауға берілген сұрақтар:

Қорық дегеніміз не?

Оның маңызы мен мақсаты қандай?

Оқушылар жұпта талдайды, пікірлерін ұсынады, ортақ жауап береді, сыни тұрғыда ойланады.

2.Топтық жұмыс

Зерттеушілік жұмыс.Постер салу.

Жұмыс жоспары:

1-топ.Қорықтың географиялық орны.

2-топ.Құрылған жылы, құрылу мақсаты.

3-топ.Қорықтағы қорғауға алынған нысандар.

4.-топ.Ерекшеліктері.

Оқушылар берілген жоспар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесін постерге түсіріп, қорғайды.

3.Кескін картамен жұмыс.

Кескін картаға қорықтарды түсіру.

Қорытынды бөлім.

Бекіту сұрақтары.

1.Қорық дегеніміз не?

2.Қазіргі кезде елімізде неше қорық жұмыс істеп тұр?

3.Қорықтар қандай мақсатпен құрылады?

4.Ең алғашқы қорық қай жылы құрылды?

5.Қорық санын шамадан тыс көбейте беруге болмайтынын қалай түсіндіруге болады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушыларға түрлі-түсті стикерлер беріледі «Екі жұлдыз, бір сауал», сабақта не ұнады, нені білдім, нені білгім келеді. Оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.

Бағалау

Топ басшылары өз тобының бағалау парақшасын толтырады, нәтижесімен таныстырады.

Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу. Кескін картамен жұмысты аяқтау

© 2010-2022