Разработка урока по географии на тему21 ғасыр көшбасшысы

Раздел География
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Бекітемін Келісемін Қаралды

Мектеп директоры Оқу ісінің орынбасары Ә/бірлестік жет.

___________ К. Бекбай __________ Г.Мукушева _______ Д.Искакова

« »______________ « »______________ « »______________

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп -интернаты




XXI-ғасыр көшбасшысы тақырыбы бойынша

(сабақтан әзірлемесі )







Өткізген: Нурмашов А.А.

Пән: география

Сынып: 10




2014-2015 оқу жылы


Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты


Сабақтан тыс сағат

«XXI-ғасыр көшбасшысы»

Муғалім:Нурмашов А.А

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 10 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «Қызықты география» өлкетанушылар сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.Биология пәнінің мұғалімі:
2. Мектеп психологі:
3.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол - алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
1- ойыншы Дүйсекеева Диана-химик болғысы келеді

2 - ойыншы Орынбекова Меруерт-тіл үйреніп аудармашы болғысы келеді.
3 - ойыншы Секерова Ардақ -филолог ,тілші болғысы келеді.
4 - ойыншы Мукашева Анель-инженер болғысы келеді.
5 - ойыншы Адильханова Дана-химик ядоршик болғысы келеді.
6 - ойыншы Адильханова Мадина-дәрігер хирург болғысы келеді.

7- ойыншы Есекеева Гульназ-биолог болғысы келеді.
8- ойыншы Адильханов Нурлан-Банк президенті болғысы келеді.
9- ойыншы Ашкентаева Мөлдір-дизайнер- модельер болғысы келеді. -

Жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге.Мұнда жалпы 20 сұрақ қойылады.Бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса келесі оқушы жауап береді.Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.1-тур соңында бағалаушы әрбір қатысушының бағаларын жариялайды.Төмен ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шеттетіледі.

2. «Жорға».Мұнда 2-турға 6 оқушы қатысады.Әрбір қатысушыға 4жауап нұсқасы бар 3 сұрақтан беріледі.Дұрыс жауабы болмаған жағдайда келесі қатысушы қол көтеріп жауап береді.Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.Төмен ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шеттетіледі.
3.«Қызықты төрттік
Бұл турда электронды тақтада 20,30,40,50 сандары астында жасырынған сұрақтар қойылады.Әрбір қатысушы өз таңдауы бойынша тақырыпты таңдап жауап береді және ұпайы сол сұрақта тұрған санмен бағаланады.Сайыс соңында осы сайыста төмен баға жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылыды.
4.Бейне сұрақтар

Бұл турда 3 оқушы қатысады. Электронды тақтада бейне сұрақтар қойылады және әрбір бейнесұрақ жауаптарына 10 ұпайға дейін беріледі.Мұнда оқушы тақтадағы бейне сұрақта не көрсетілгенін,қайда орналасқанын жалпы толық мәлімет беруге әрекет етеді.

Жүргізуші: I - тур «Аламан бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер -
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 20 сұрақ беріледі. Әр ойыншының қолыңда карточка.

Қай ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр жауап 5

ұпай. Аз ұпай жинаған 3 оқушы сайыстан шығады.
1) Жер шарындағы мемлекеттер саны (230дан астам);

2)Қазақ халқының ең алғаш академигі (Қ.И. Сәтбаев);

3) Еуропа мен Африканың ортасындағы бұғаз (Гибралтар)
4) Географиялық орта деген не? ( адамның табиғатпен қатысатын ортасы);

5) Климат дегеніміз не ( ауа райының бір жерде қайталануы);

6) Дүние жүзі неше тарихи-географиялық аймаққа бөлінеді (16 аймаққа);

7) 1442 жылы глобусты жасаған неміс ғалымы (М. Бехайм);

8) Ауаның горизонталь қозғалысы қалай аталады? ( жел);

9) Тұздылығы 42 % болатын теңіз? (Қызыл теңіз);

10) Дүниежүзіндегі ең ірі сарқырама,оның биіктігі ( Анхель-1054м);

11) Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал);

12) Көңіл күй гормоны. (Адреналин);

13) Орталық Қазақстанды иелеп жатқан өлке,оның ең биік жері.(Сарыарқа,Қызыларай тауы-Ақсораң шыңы 1565м );

14) « Миллионер» атанған қала (Алматы);

15) Сарыарқаның тұщы көлдері (Бурабай,Шортанды,Қорғалжын);

16) Қорғалжын қорығының ашылған жылы (1968ж);

17) Фотосинтез процесінде өсімдіктер бөлетін газ ( оттек);

18) Маңғыстау облысының орталығы ( Ақтау);

19) Қандай металдар электр тогын жақсы өткізеді ( алюминий, мыс);

20) Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)

IІ - тур «Бейне сұрақтар».Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығады

ІІ - тур «Жорға».

Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі. 4 жауап нұсқасы бар .Ұпайды ең көп жинаған оқушы бастайды.егер жауабы болмаса, келесі сайыскер жауап бере алады. Әр жауап 5 ұпай.Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығады

1. Қазақстан аумағының батыстан шығысқа

дейінгі ұзындығы?

а) 5000 км;
в) 3000 км;

с) 1600 км;

д) 4000 км.

2. Қарақия ойысы орналасқан жер?

а) Арал маңында;
в) Маңғыстау түбегінде;
с) Батыс Сібірде ;

д) Алтайда.

3. Қазақстан аумағының 10% жерін алып

жатқан жер бедері ?
а) жазықтар;
в) үстірттер;
с ) биік таулар;

д) ойпаттар.


4. Қазақстанның ірі өзендер саны
А)7
в) 6
с) 8

д) жоқ


5. Қазақстан аумағы неше табиғи зоналарға бөлінеді

А) 9
в) 7
с) 4

д) бөлінбейді


6) Алматы обл. Орталығы

А) Алматы
в) Талдықорған
с) Тараз

д) Талғар

7) Еліміздегі атом электр станциясы қай қалада

А) Павлодар
в) Өскемен
с) Атырау

д) Ақтау

8) Жетісу Алатауының ең биік нүктесі

А) Бесбақан
в) Мұзтау
с) Ақсораң

д) Оқжетпес

9) Тірі табиғат дүниесі неше бөлімнен

тұрады

А) 3
в) 5
с) 2

д) 1


10) Қазақстан аумағы бір-бірінен ерекшеленетін неше табиғи географиялық аймақтан тұрады

А) 9
в) 10
с) 7

д) 4

III - тур «Қызықты төрттік».

Атмосфера Гидросфера Литосфера Биосфера

Атмосфера(20): Қазақстан аумағындағы ең ыстық ай?( шілде + 19С);

Атмосфера(30): Қазақстан климатына қандай ауа массалары әсер етеді?(арктикалық, тропиктік, қоңыржай);

Атмосфера (40): Қазақстанның оңтүстігінде қар жамылғысының қалыңдығы қанша? (10-15см);

Атмосфера(50): Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері

1600 мм жауатын жер?( Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы , Батыс Алтай)

Гидросфера (20): Жер шарындағы барлық су көлемі? (1,4 млрд. Км3);

Гидросфера (30): Дүниежүзілік мұхиттың жалпы көлемі:(1млрд.370млн.км3);

Гидросфера (40):Су табиғатта қандай күйде кездеседі (сұйық,бу,қатты);

Гидросфера (50): Судың бір күйден екінші күйге өтуіне не себепші болады (температура)

Литосфера( 20 ):Литосфераның,жер қыртысын неше химиялық элемент құрайды(8 элемент-оттек,кремний,алюминий,темір,кальций,натрий,калий,магний құрайды);

Литосфера( 30 ): Литосфералық тақталар құрылымы бойынша нешеге бөлінеді,қандай.( 2 ге,материктік,мұхиттық);

Литосфера( 40 ): Жер бедерінің қалыптасуына қандай күштер әсер етеді. (ішкі-эндогендік,сыртқы-экзогендік)

Литосфера( 50 ): Физикалық және химиялық үгілу дегеніміз не?(Үгілу нәтижесінде-химиялық құрамы өзгермесе;минералдық құрамы өзгерсе)


Биосфера( 20 ):Биосфера түсінігін ғылымға енгізген ғалым,қай жылы(австриялық Э.Зюсс1875ж);

Биосфера( 30 ): Биосфера қандай топқа бөлінеді?.( 2топқа-флора,фауна);

Биосфера( 40 ): Биомасса деген не?. (өсімдіктер мен жанурлардың салмағы)

Биосфера( 50 ): Биологиялық айналымға қатысатын тірі организмдер неше топқа бөлінеді,қандай(3ке,1.продуценттер-өндірушілер,2.консументтер-пайдаланушы,3.редуценттер-қалпына келтіруші)

4.Бейне сұрақтар

Бұл турда қатысушыларға электронды тақтада бейне сұрақтар қойылады.Бұл не,қайда орналасқан,ол обьект туралы толық мәлімет беріулері тиіс.Дұрыс жауап үшін 10 ұпайға дейін беріледі.

Әділқазылар есептеп жеңімпаз ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.




© 2010-2022