5 сынып «Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар»

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 19.11.15

Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар»

Сабақтың мақсаты:

  • Жердің құрамы; тау жыныстары және пайдалы қазбаларымен таныстыру.

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Аралас

Оқыту құралдары: Карта, атлас, оқулық.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сынып оқушыларын түгендеу.

II. Үй жұмысын тексеру.

«Даналық ағашы». Осы даналық ағашының әрбір жемісінде сұрақтар жасырылоған.

Сұрақтар:

  1. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктерін ата (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера)

  2. Жер шарындағы ең алғашқы материкті атаңыз (Пангея)

  3. Дүние жүзінде неше материк бар, оларды атап картадан көрсет (Еуразия,Африка, Солт. Америка, Оңт .Америка, Антарктида, Аустралия)

  4. Дүние жүзінде неше мұхит бар, оларды атап картадан көрсет(Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары)

  5. Жердің ішкі құрылымы неден тұрады(жер қыртысы, мантия мен ядродан)

  6. Жердің ең жұқа қабатың ата(жер қыртысы)

  7. Жер қыртысының қалыңдығы таулы аудандарда қанша(80 км)

  8. Жер қыртысының қалыңдығы мұхит табанында қанша км құрайды (6-8 км)

  9. Мантия латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді («жамылғы»)

  10. Жердің кіндігі (ядро)

  11. Ядро нешеге бөлінеді және оларға қысқаша тоқталып кет (2)

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлінеміз: Магмалық, шөгінді және метаморфты тау жыныстары деп.

Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта екендігін білу үшін тақтадағы суретке назар аударайық:



Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жердің заттық құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар».

III Жаңа тақырып

Тау жыныстары жер қыртысын құрайтын заттар.

Тау жыныстар минералдар жиынтығынан тұрады. Мысалы гранит - дала шпаты, кварц, слюдадан тұрады.

Минерал - химиялық құрамы және физикалық қасиеті жағынан біртектес табиғи дене. Бір минералдан тұратын тау жыныстар: (кальциттен әктас, кварцтан кварц құмы).

Жер шарында минералдардың 3000 түрлері, 1000 тау жыныстары.

Магмалық тау жынысы дегеніміз не?

(магманың мантиядан жарықтар арқылы жоғары көтеріліп, қатуынан пайда болған тау жынысы).

Шөгінді тау жынысы дегеніміз не?

(құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары).

Метаморфтық тау жынысы дегеніміз не?

(жер қыртысының терең қабаттарында өзгеріске ұшыраған тау жыныстары).

«Мағынаны тану».

Топтық жұмыс (постер қорғау)

Магмалық тау жыныстар тобы: тек қана магмалық тау жыныстарын қорғайды.

Шөгінді тау жыныстар тобы: тек қана шөгінді тау жыныстарын ғана қорғайды.

Метаморфты тау жыныстар тобы: тек қана метаморфты тау жыныстарын ғана қорғайды.

Сергіту сәті

"Пайдалы қазбалардың қасиетін анықтау" (кестені толтыру)

Пайдалы қазбаның аты

Түсі

Қаттылығы

Суда ерігіштігі

Не үшін пайдаланады

1.


2.


3.


4.


5.


Сабақты бекіту

Тау жыныстарының жіктелуі бойынша берілген тау жыныстарын жүйелеңдер: гранит,базальт, құм, ас тұзы, көмір, мәрмәр, алмас, саз, гипс, мұнай,гнейс, қиыршық тастар, газ, кварцит, қойтас, әктас, малта тас, бор, фосфорит

Магмалық

жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфтық жыныстар

Орга-

никалық

Химия-

лық

Кесек



Жауабы:

Магмалық

жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфтық жыныстар

Орга-

никалық

Химия-

лық

Кесек

Гранит

Базальт

Көмір

Мұнай

Газ

Бор

Әктас

Ас тұзы

Фосфорит

гипс

Құм

Саз

Малта тас

Қойтас

Қиыршық тас

Мәрмәр

Алмас

Гнейс

кварцит

V.Сабақты қорытындылау

«Сұрақ- жауап» ойыны.Стол үстіне сатылатын заттар қойылады. Заттарды сатып алу үшін оқушылар сұрақтарға жауап беруі керек.

  1. Тау жыныстарының түрлерін ата?

(шөгінді, магмалық, метаморфтық)

  1. Магмалық тау жынысы дегеніміз не?

(магманың мантиядан жарықтар арқылы жоғары көтеріліп, қатуынан пайда болған тау жынысы)

  1. Метаморфтық тау жынысы дегеніміз не?

(жер қыртысының терең қабаттарында өзгеріске ұшыраған тау жыныстары)

  1. Шөгінді тау жынысы дегеніміз не?

( құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары)

  1. Тау жыныстарын құрайтын заттар не деп аталады?

(минералдар)

  1. Тау жыныстары дегеніміз не?

(жер қойнауын толтырып жатқан табиғи денелер)

Рефлексия

VІ. Үйге тапсырма беру.

§11. "Жердің заттық құрамы,

тау жыныстары

және пайдалы қазбалар " мазмұндау. Кескін картаға пайдалы қазбаларды түсіру.

VІІ.Бағалау


© 2010-2022