Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (8 сынып). Сабақ жоспары

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: 24 Сынып: 8 Өтілетін күні:

Сабақ тақырыбы: Атмосфераның жергілікті циркуляциясы

Мақсаты:

Жергілікті жер климатын оқып-білулері керек.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы дерлік өз өлкеміздің климатын біліп шығады.

Көрнекілігі:

Қостанай облысының физикалық географиясы мәліметтері, Қазақстанның физикалық картасы, үлестірме мәтін, қосымшаның 260 және 266 бетіндегі кестелер

Сабақ түрі:

Жаңа білім қалыптастыру

Сабақ әдісі:

Жеке тапсырма кесте бойынша диаграмма сызу, яғни практикалық бөлім және топтар мұғалім берген мәліметтерге сүйеніп «Менің жерімдегі климаттың ауысуы» тақырыбына шағын шығармашылық эссе-жазбаша, «Мен теледидар жұлдызымын» ауызша хабарлама

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг: «Күн»

Топқа бөлу: 1,2,3 санау арқылы бөлу

Жаңа сабақ тақырыбын Қостанай облысының картасын көрсету арқылы ашу.

Мақсатты бірінші оқушылар қояды.

Интерактивті тақтадан шығады.

Облысымыздың климатына әлер ететін факторлар:

-Географиялық орны және ендік

-Жердің төсеніш беті

-Атмосфераның циркуляциясы

Топтар төмендегі мәліметтерді оқып, ақылдасып, картаға шығып сөйлейтін бір оқушы тағайындайды. Ол теледидардан сөйлеп ауа райын айтып тұрғандай етіп хабарлауы керек.«Мен теледидар жұлдызымын» әдісі бойынша.

1-тапсырма

Географиялық орны және ендік-1- топқа

Қостанай облысы қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. 54º 42´с.е. және

48º11´с.е. аралығында, материк түпкірінде және мұхиттардан алыс орналасқан. Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен 2053 сағат, ашық күндер саны 120, жылдық жиынтық радиация 1ш/см 100 ккал.

Қыс мезгілінде шағылысқан радиация жоғары.

Атмосфераның циркуляциясы -2-топқа

Жылдың басым бөлігінде облыс аумағы Азия антициклонының СБ тармағының әсері жоғары, ол көбіне бізге шығыстан келеді.

Облыс климаты тым континентті. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде 18-190С, оңтүстігінде 16-170С. Кейбір қатаң жылдары -400С-та төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа температурасы +19-+200С. Кейбір жылдары +35-+400С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын орташа мөлшермен солтүстіктен оңтүстікке қарай 300мм-ден 170мм-ге дейінгі аралықта, яғни оңтүстікке қарай кемиді, оның 70-75% жылдың жылы мезгілінде жауады.

Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған. Желсіз күндер аз.

Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстігінде 4-4,5 м/с-тан, оңтүстігінде 5-6 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік желдер, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік-шығыс желдер басым.

Жердің төсеніш беті -3-топқа

Батыстан елетін ылғалды қоңыржай ауа массалары біздің жер аумағымызға сирек келеді, өйткені оның жолында Орал таулары кедергі жасайды. Сондықтан, жауын-шашын Оралдың батыс бөлігіне түседі.

Облыстың солтүстігінде ешқандай биік бөгеттер болмағандықтан, мередиан бағытта суық, ылғалы аз, арктикалық ауа массалары еркін өтеді. Климаттың континенттілігін қыс пен жаздың температурасындағы ауытқудан, күн мен түн температураларының ауытқуынан және жауын-шашынның жылдың жылы мезгілінде көбірек түсетінінен байқауға болады.

2- тапсырма, барлық топтарға бірдей

«Менің жерімдегі климаттың ауысуы» тақырыбына шағын шығармашылық эссе, А4-ке жазу, ең үздік эссені тақтаға іліп қою.

3-тапсырма

Жеке тапсырма кесте бойынша диаграмма сызу. Оқулық қосымшасындағы 260 және 266 бетіндегі кестелерді пайдаланып, диаграмма сызулары керек.

Сабақты бекіту:

Топтар бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып жауап алады.

Кері байланыс

Маған бүгінгі сабақта ұнаған және ұнамаған сәттері.

Қандай ұсыныстарың бар?

Үйге тапсырма: Интернеттен және тағы да басқа ақпарат көздерінен қосымша оқу.

Үлгірімі төмен оқушыларға жеке тапсырма беру

Жеке тапсырма:

Берілген суретті және күнделікті өмірден ауа райы бойынша көріп жүргендеріңді қолданып мына тапсырманы орында.

Өздерің тұрған жердің климатындағы өзгерістерді сипаттайтын әңгіме құрастыр.

© 2010-2022