Ашық сабақ Арал теңізі мен Балхаш көлі

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Қазақстан көлдері. Арал теңізі, Балқаш көлі.

Жалпы мақсаты: Оқушылар Қазақстанның көлдері туралы білімдерін қалыптастырады. Арал теңізі, Балқаш көлі жайлы білімдерін кеңейтеді.

Күтілетін нәтиже: Өткен тақырыптарда алған білімдерін нығайту, алған білімдерін, қажетті мәліметті тапсырманы орындауда, практикада қолдану. Қазақстанның көлдерінің табиғаты, экологиясы жайлы біледі.

Әдіс - тәсілдер Топпен, жеке, сұрақ - жауап, демонстрация (ақпараттық комуникациялық технология), әңгіме (диалогтік оқыту), бақылау, қадағалау (оқытуды бағалау), түсіндіру (қалай оқу керектігін үйрету).

Сабақтың жабдықтары Интербелсенді тақта, оқулық мәтіндері, кесте, суреттер, үлестірме қағаздар, постер, стикер, карталар

Сабақ барысы: Уақыты Мұғалім іс - әрекеті Оқушы іс - әрекеті

I. Ұйым дастыру кезеңі

- Оқушыларды шеңбер бойына жинақтаймын.

Топтарға бөлу:

Оқушыларға Қазақстан өзендерінің аттары жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Өзен аттары:

Сырдария, Арыс, Шу, Торғай, Ырғыз,Талас, Сарысу, Іле, Қаратал, Лепсі, Тентек,Басқан, Сарқан, Ақсу.

1 - топ. Арал теңізі

2 - топ. Балқаш көлі

Оқушылар Қазақстан өзендері құятын алаптар бойынша топқа бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

II. Үй тапсырмасын сұрау

« Серпілген сауал» стратегиясы:

- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

- Қазақстан өзендері неше алапқа бөлінеді?

- Олай болса, Қазақстан өзендері алаптарына қандай өзендер жатады және оларды картадан көрсетіңдер?

- Солтүстік Мұзды мұхит алабы

Каспий теңізі

- Арал теңізі

- Балқаш - Алакөл

- Теңіз бен Қарасор көлдерінің алабы

- Қазақстан өзендері

- 5 алапқа жатады.

Оқушылар Қазақстан өзендері алаптарына құятын өзендерді анықтап, картадан көрсетеді.

- Ал енді балалар, сабақ барысында білімдеріңді бағалау мақсатында «Бағалау парағы» жүргізіледі, оны әділқазы алқасы орындайды.

«Ой шақыру». Арал теңізі туралы бейнеролик көрсетіледі.

- Балқаш көлінің пайда болу туралы аңыз айтылады.

- «Алакөл» әні орындалады.

- Сонымен балалар біз бүгін қандай жаңа сабақ өткелі тұрмыз? - Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбымыз «Қазақстанның көлдері. Арал теңізі, Балқаш көлі» деп аталады.

Қазақстан аумағында 48 мыңнан астам көлдер бар.

Жеке жұмыс «БББ»

- Жаңа сабақты бастамас бұрын инсерт әдісінің «Білемін» атты кестесі бойынша Арал теңізі, Балқаш көлі туралы не білесіңдер?

Білемін Білгім келеді Білдім

Оқушылар бейне көрсетілім жөнінде өз түсініктерін айтады. Бүгінгі тақырыпты оқушылар өздері тауып тұжырымдайды.

Оқушылар «Білемін, білгім келеді» атты кестемен жұмыс жасайды.

IIІ.

Жаңа сабақты меңгерту Оқулықпен жұмыс:

«Аялдама» әдісі Топтық жұмыс

- Әр топ жеке Арал теңізі, Балқаш көлі туралы сипаттамасын өз топтарының ішінде өзара талқылап, постермен қорғайды.

- Әр топтан бір оқушы орнында қалып, өздеріне берілген көл туралы мағлұматты келесі топ оқушыларына түсіндіреді.

- «Егер, онда...» ойыны.

1 - топ. «Егер мен табиғат қорғау министрі болсам, онда....»

2 - топ. «Егер мен ақын болсам, онда....»

- Жоғарыда аталған маман иелерінің орнында болған жағдайда Арал теңізі, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайын қалай қалпына келтірер едіңдер?

Оқушылар ортақ шешімдері мен идеяларын түсіріп қорғайды.

Екі топ оқушылары бір - біріне кезек - кезек аялдама жасай отырып, жаңа сабақты түсінеді.

Аталған маман иелері болған жағдайда Арал теңізі, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайы туралы айтады.

IҮ.Жаңа білімді бекіту, қорытындылау Топтық жұмыс. Көлдер, көлем, кіші, теңіз, порт, Барсакелмес, теңіз, кеме, тұщы, комбинат, көрікті, борсық.

(Сөздерін қатыстырып мәтін немесе өлең құрау)

Оқушылар «Есте сақтау үшін» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді кестеге сәйкестендіріп жазып, толтырады.

Кейінгі оқу. Қазақстан көлдері. Арал теңізі, Балқаш көлі эссе жазып келу тапсырмасы беріледі.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.


© 2010-2022