Қазақстан тауларын қайталау ( 8 сынып)

  Сабақтың тақырыбы : Қазақстан тауларын қайталау, сарамандық жұмыс       Сабақтың  мақсаттары                А) білімділік : Оқушылардың Қазақстан табиғаты туралы білімдерін  кеңейтуді көздей отырып, еліміздің табиғат аудандары тақырыбынан алған білімдерін бекіту,теориялық білімімен қатар ойын элементтерін пайдалану арқылы география пәніне қызығушылығын арттыру                Ә) дамытушылық: Өз қабілеттерін ашуға, картамен дұрыс , шапшаң жұмыс                                                 ... Шығыс Еуропа жазығы Мұнай табиғи газ   Солтүстік қазақ жазығы Темір кені   Тұран жазығы Мұнай,газ,тұз Сарыарқа Тас көмір, мыс Орал Хромит рудасы Алтай Полиметалл кені Сауыр-Тарбағатай Қоңыр көмір Жоңғар Алатауы Тас көмір,қоңыр көмір Тянь-Шань тауы Полиметалл,фосфорит           Тауларды тау шыңдарын картадан көрсету Жылдық қайталау бойынша электронды оқулықпен жұмыс Қорытындылау Жетон бойынша бағалау          
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Қазақстан тауларын қайталау, сарамандық жұмыс

Сабақтың мақсаттары

А) білімділік : Оқушылардың Қазақстан табиғаты туралы білімдерін кеңейтуді көздей отырып, еліміздің табиғат аудандары тақырыбынан алған білімдерін бекіту,теориялық білімімен қатар ойын элементтерін пайдалану арқылы география пәніне қызығушылығын арттыру

Ә) дамытушылық: Өз қабілеттерін ашуға, картамен дұрыс , шапшаң жұмыс

жасауға дағдыландыру

Б) тәрбиелілігі : Ұйымшылдыққа , өз бетімен ізденуге тәрбиелеу, тыңдау, сөйлеу

мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың оқу -әдістемелік жабдығы : Интерактивті тақта, электронды оқулық , Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карталар.

Сабақ түрі: Қайталау, практикалық сабақ

Оқыту әдістері:

Сабақтың жоспары:

І кезең - ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең - білім мен икемділіктерін бекіту кезеңі (40 мин)

ІІІ кезең - қорытынды кезеңі (2 мин)

Сабақ барысы

  1. Қызығушылықты ояту

  2. «Ойлан, тап » ситуациялық сұрақтар

  3. Кім мықты ? сандармен жұмыс

  4. Сергіту Кім жылдам ?

  5. Сарамандық жұмыс . Кескін картаға тау шыңдарын түсіру

  6. Пайдалы қазбалардың сәйкестігін табыңдар

  7. Тауларды тау шыңдарын картадан көрсету

  8. Жылдық қайталау бойынша электронды оқулықпен жұмыс

  9. Қорытындылау

1. Сарыарқа күйін тыңдау

Күйдің авторы кім?

Құрманғазының суреті көрсетіледі.

2. Ситуациялық сұрақтар

1. Жалпы сырт қыраты, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты орналасқан қандай

табиғи аудан ? (Шығыс Еуропа жазығы)

  1. Жер бедері біркелкі, биік төбелері мен қыраттары жоқ, мезозой мен кайназойда

шөгу -көтерілу үрдісіндегі эпигерциндік плита үстінде қалыптасқан қандай табиғи

аудан? (Батыс Сібір не солт қазақ)

  1. Бұл тау Солтүстікке қарай 200 шқ-ға созылып жатыр.Ең биік нүктесі 657 м. Орал тауының табиғи жалғасы болып келеді , бұл қандай аудан ?(Мұғалжар)

  2. Қазақстан жеріне тек солтүстік бөлігі енетін, Торғай ойысы арқылы Батыс Сібірмен жалғасады, бұл қандай аудан? (Тұран жазығы)

  3. Әбден үгіліп, мүжілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондағакн жылдар бойы жел мен жаңбыр , ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің бұзу әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың негізгі бөлігі ғана сақталып қалған, мұнда жартасты , басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үгілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Бұл қандай өлке? (Қазақтың ұсақ шоқысы (Сарыарқа))

  4. Сарыарқаның аласа тауларының бірі палезой эрасында сыртқы күштердің әсерінен жақсы мүжілген. Бұл қай тау? (Ұлытау)

  5. Жайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі . Қазақстанға оның тек оңтүстік батыс шеті ғана кіреді. Бұл қандай тау? (Алтай-Саян)

  6. Жетісу тау жүйесінің ссолтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан,ұзындығы 450 шқ., ені 100-250 шқ, болатын тау жүйесі (Жетісу алатауы)

  7. Қазақстанның оңтүстік -шығысын алып жатқан таулы өлке. Бірінші белдеуді тау етегі мен тау іші жазықтары, екінші белдеуді аласа таулар , үшінші белдеуді орташа таулар ,төртіншісін аса биік таулар құрайтын , тау ландшафтыларының барлық түрі кездесетін тау жүйесін атаңыз (Тянь-Шань)

  8. Іргелес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы боып саналады. Солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры,ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Бұл қандай тау жүйесі? (Сауыр-Тарбағатай)

ІІ -тапсырма

Сандармен жұмыс

1565 4973 6995

657 4506 4622

3816 2992 556

ІІІ - Сергіту бөлімі

Блиц-турнир

Диктафон арқылы сұрақтарға жауап беру

ІУ- сарамандық жұмыс

Кескін картаға тауларды шыңдарымен түсіру

Пайдалы қазбаларды сәйкестендіру

Шығыс Еуропа жазығы

Мұнай табиғи газ

Солтүстік қазақ жазығы

Темір кені

Тұран жазығы

Мұнай,газ,тұз

Сарыарқа

Тас көмір, мыс

Орал

Хромит рудасы

Алтай

Полиметалл кені

Сауыр-Тарбағатай

Қоңыр көмір

Жоңғар Алатауы

Тас көмір,қоңыр көмір

Тянь-Шань тауы

Полиметалл,фосфорит


  1. Тауларды тау шыңдарын картадан көрсету

  2. Жылдық қайталау бойынша электронды оқулықпен жұмыс

  3. Қорытындылау

  4. Жетон бойынша бағалау

Қазақстан тауларын қайталау ( 8 сынып)

© 2010-2022