Доклад по географии на тему Қазіргі заманғы мұғалім: жеке тұлға және кәсіби қызметі

Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Каренова Б.С.

география пәнінің мұғалімі

( Ақтөбе қаласы, №2 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы)

Қазіргі заманғы мұғалім: жеке тұлға және кәсіби қызметі.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.[3]

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.[4]

География сабағында инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту. Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір талабы. Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы орайда ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесінең ететін - білім» [1:5].

Г.И.Рузавиннің айтуынша, егер студент өзінің болашақтағы кәсіби ортасын жақсы елестете алса, онда білім алудағы іс-әрекеті мақсатты болады. Жоғары оқу орнына түскен кез келген студентке тиімді білім беру ақпараттық технологиялар негізінде іске аспақ. [2:65].

Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламын.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.

«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол, оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс

І.Қызығушылықты ояту. Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу. Оқушылардан сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе белгілі бір алынып отырған тақырып мәселе төңірегінде не білгеніңді жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап алған белгілердің түріне қарай оқушылар топқа бөлініп отырады.

ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды. Тақырыпқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе INSERT

ІІІ. Ой толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.
«Х. Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма?» дегендей сұрақтар беріледі. Оқушылар 3 дәлелмен жауап береді. Иә Бейтарап Жоқ

География сабағында ақпараттық технологияның алатын орны.

География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұпжазбас бірлестікте екенін ескеріп, оқушылардың геграфия сабағында материктер мен, оның дүние бөлігіндегі және аралдардағы елдер мен халық жайында, қызғылықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайданумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. География сабағын информатикамен тығыз байланыстырып, компьютерде ақпараттық - технологияларды пайдалану оқушылырдың білімін одан әрі жетілдіреді.

Қорыта келе айтарым, жақсы мұғалім болу үшін басты ұстаным - әдебиет. «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп Ушинский айтқандай, оқытудың жаңа технологиясын игеру үшін үздіксіз теориялық және әдістемелік білімін жетілдіріп отырған ұстаз, тиімді бағдарлама, сапалы күнтізбе жоспарын жасап, құнды сабақ өткізіп, үлкен нәтижеге қол жеткізері қақ.

Аннотация

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.

Қоғамның сұранысы мен талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жоғары оқу орны негізінен жақсы білім алған,сондай-ақ, болашақтағы кәсібін білетін оған бейім оқуын жалғастыруға бағытталған жастардың түсуіне мүдделі.

География пәнінің ұраны: « Мың рет естігенше, бір рет көр» деп есептесек, оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын болса көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады.

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы// Егемен Қазақстан, 2011.

2. Рузавин Г.И. Педагогические инновационные технологии: Учебн. пособие для вузов. - М: ЮНИТИ ДАНА, 1999. -250с.

3.«Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық - коммуникацикалық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми - әдістемелік негіздері» Алматы - 2006

4. ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Егеменді Қазақстан, 28 желтоқсан, 2003.

© 2010-2022