Арал теңізі. 8 сынып

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арал тағдыры

Мақсаты: Оқушыларды табиғат пен Жер Ананы сүйе білуге, айналадағы орта мен табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру; балалардың өз туған жеріне , Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушыларды суды ластамауға , ысырапсыз пайдаланбауға, табиғатын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:өлеңдер, таспаға жазылған күйлер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Су пәктік кепілі денсаулықтың,

О, баста тіршілік боп судан шықтың,

Бұлақ, көл , өзен, теңіз, мұхиттардың

Молдықтан қасиетін келмейді ұққың.

Мұғалім: Туған өлкеміздің , тамаша табиғаттың бір байлығы-«Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер. Олар адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гұл сыйлаған береке бастауы болып саналады.

Мұғалім: Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізші: «Су бар жерде өмір бар», «Сусыз өмір тұзсыз аспен тең», «Су -атасы, жер -анасы», «Өзің ішетін суға өлген ит тастама» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас», «Өрісіңе қарай мал өсір, өзенінен қарай тал өсір», «Сулы жер нулы жер», «Судың да сұрауы бар».

Мұғалім:

Өмірдің ақ сұт берген ангасы-су,

Көзіңнің күлімдеген қарасы-су.

Су бүріксең талған адам жияды есін,

Ажалға су міндет ара түсу.

Мұғалім: Таңғажайып Ананың кең байтақ даламызға тамаша тартуы деп Арал теңізі мен Балқаш көлін атауға болады. Олар сан ғасырлар бойы адамдарды аялап, қойнауындағы құт-берекесімен асырап келді.

Ән:«Аралым»

Сөзі- Ә.Тәжібаевтікі Әні- Б.Байкенжеевтікі

Шараңа суың симастан

Теңселіп жатқан теңізсің,

Теңі жоқ ғажап күй-дастан,

Тербелеген ыстық лебізсің.

Теңізге смынау қарашы,

Жетпейді көздің шарасы.

Кеткендей боп тұр астасып,

Аспан мен жердің арасы.

Оған жат қайғы -қасірет,

Айтары ерлік, өсиет.

Теңіздің теңіз екенін

Тану да үлкен қасиет.

1-оқушы : Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінде дүние жүзінде төртінші, ал одақта екінші орын алған. 60 жылдардың бас кезінде Арал теңізіне су әкелетін Әмудария мен Срыдария өзендерінің бойында егістік көлемі қарқынды дами бастады. Түрлі жоспарлар бойынша мақта, күріш және басқа да дақылдар өсіру үшін қаншама су қоймалары салынды. Алайда ағыл-тегіл байлығы бар, халықтың басқа да қажетіне жарап жатқан арал теңізінің суын біліп тұрып қолдан апат жасауға кімнің қақысы бар еді.

2-оқушы : 1954 жылы «Молодая гвардия» баспасынан Борис Федорович деген географ зерттеушінің «Дала қабілеті» деген кітабы жарық көрді. Осы еңбегінде ол былай дейді. «Әрине ,Арал теңізінің балыққа бай екендігін және оның балығы Каспий теңізінен аз емес екендігі бәрімізге белгілі. Алайда бұл байлықты Аралға құятын екі үлкен өзен (Әмудария мен Сырдария) арқылы қуаң жерді суландырып, одан түрлі дақылдар өсіріп, содан түсетін тұсіммен салыстырайықшы. Бізге қайсысы пайдалы? Сөз жоқ, бізге Арал балығы емес, соның суы арқылы өсетін өсім, түсетін түсім пайдалы. Арал теңізі құрып кетсе де сырдария мен Әмудария суларын жер суландыруға молынан пайдаланылу керек».

3-оқушы: (Қайғылы музыка қосылды)

Міне, осындай опасыздық жасаған адам Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Бұл табиғат алдындағы нағыз жауапсыздық, адам алдындағы қылмыстық іс үшін берілген атақ еді.

Арал теңізі. 8 сынып

Арал теңізі. 8 сынып

Күй: «Көңіл толқыны»

4-оқушы: Дүние деген бұйым емес,

Мейлі әлі де біреуді желіктірсін.

Тартылуы теңіздің қиын емес,

Аралды көріп тұрсың.

Арал қашып алысқа сағындырды,

Оны іздеп кезеді сағым мұңы.

Сортаң жердің сорасын дауыл жұлқып,

Өртейді күн аптабы шағыл құмды.

Арал кеуіп кетпесін... Арал кеуіп,

Марал кеміп кетпесін, марал кеміп.

Қайтқан киік жаутаң көз, отты ұшқыны

Талмау жерден тиеді маған келіп.

Су сарқылса , аң кетсе жаман өлік ,

Зәрем кетер қалардай далам кеміп.

Болашақтан ұялам; біздерді айтып,

Бұл жерге кетті дер адам келіп.

5-оқушы :

Адам денсаулығы бірінші мәселе десек, міне сол денсаулық ол маңда тұратын халықта жоқ. Суы кетіп қалған теңіз түбінен көтерілген шаң-тозаң қаншама жанды тұншықтырып жатқандығын естісең жан түршігеді. Арал маңына мекендеген адамдар өкпе туберкулезі мен қылтамақ ауруларымен жиі ауырады. Ал балалар өлімі еліміздің басқа облыстарымен салыстырғанда 5-6 есе көп. Арал тағдыры-адам тағдыры. Бұл тек қана адам тағдыры, жоқ, жан-жануарлар дүниесі қандай халде десеңізші?

«Жығылған үстіне жұдырық», бәрі аздай Арал апатына Байқоңырдың да әсері тиіп жатыр.

6-оқушы:

Армысың ару, Арал, асау Арал,

Көк күмбез күн сәулесі әсем Арал.

Қажысам қайрат берген , айбат берген,

Мен сені туған анам десем болар.

7- оқушы: Арайлы Аралдың өңірінде үйір-үйірмен өріп жүрген тарпаң, құлан, жұрттың зәресін алатын жолбарыстар біржола жойылып кетті.

Ертеде Арал аймағында кездесетін аң мен құстың 57 түрінен қазір тек 13 түрі ғана сақталған. Жерұйықты көзімен көрген Асан қағы атамыз (құс дауысы, аңдар дауысы естіледі)

Ел жағалай қонбаса-

Бетегелі бел ғаріп .

Қаз-үйрегі болмаса-

Айдын шалқар көл ғаріп,-деген, су айдындары өзінің аң-құсымен ғана ажарлы екенін естен шығаруымыз керек.

Арал теңізі. 8 сынып

Ән : «Аралдан ұшқан аққулар»

Мұғалімнің оқушылырға сұрағы:

1.Арал теңізі Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

2. Арал теңізінің суының таралуына қандай жағдайлар себеп болды?

Арал теңізі. 8 сыныпАрал теңізі. 8 сынып

Аралдың адамзатына хаты!

Ойлаған жақсы мұндайда,

Келмеске кеткен күн қайда?

Шалқыған шалқар Арал ем,

Жағада ұзақ қарап ем.

Көз ұшы жетіп көрмеген

Тозаңға ерік бермеп ем.

Айдында балық шоршып ед,

Көргенде көңіл көншіп ед.

Толқын жоқ дауыл күнгідей,

Қорқыныш қашан түнгідей;

Қайырлап қалған кемелер,

Жойылған босқа кемелер.

Ақ сазандар айырылған,

Балықшы ауылы қайғырған.

Ыдырап кеткен сынаптай

Көлденең деген сұрақты-ай!

Тұз көшіп жөңкіп барады,

Қарасаң көзің талады.

Құм көшіп қаптап бара ма,

Жаза ма әлде нала ма?

Жандарды бекер жазалап,

Ақ тұзға бөкті бар алап.

Ауруы меңдеп ауылды,

Мезгілсіз бала ауырды.

Мезгілсіз ана босанды,

Табиғат көркін қоса алды.

Үдере көшіп ел кетті,

Желігіп желі жерді өпті.

Аралдың кейпін ойлайтын,

Кез емес енді ойнайтын.

Сергек бол, халқым, байлыққа,

Шулатпа елді, қайғыртпа.

Жоғалтып алмайық Аралды,

Ойласын ел боп амалды.

Ұрпағың бүгін өкпелі

Аралдың ойлап өткенін.

Қуансын халқым, шаттансын,

Аралына кеп мақтансын.

Сыр және Әму тынбасын,

Теңіздің жырын тыңдасын.

Теңізің жатыр шошынып,

Адамзат біткен осыны ұқ,

Көлдерім толмай шалқыман,

Балқаш та мен де жалқыдан.

Тыңда сен, ұрпақ, үнімді,

Сезініп көрген күнімді.

Үмітім көп әлі алда,

Теңдікті сақта әманда.

Қорытынды:

1-оқушы: Мен өскенде теңіздегі құстарды, аңдарды қорғар едім.

2- оқушы : Мен өскенде теңіз жағалауына ағаш, гүлдер өсірер едім.

3-оқушы: Мен өскенде теңіз жағалауын жасыл шөппен жайқалтар едім.

Барлығы: Сырдың бізге сары құмы алтындай,

Орманын да сыйлаймыз ел қартындай.

Көл жағалап көк ала үйрек атпаймыз,

Арал суы тұрса дейміз тартылмай.


© 2010-2022