Африканың өзендері мен көлдері

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7 А Күні:18.11.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Африканың өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Африка өзендерінің аса маңызды ерекшеліктерін анықтау және өзендер мен көлдердің таралуының жер бедері мен климатқа байланыстылығын көрсету.

Дамытушылығы: Материктің су алаптарының орналасуын анықтау. Материктің ірі көлдері мен өзендері туралы білімді дамыта оқыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларға Африканың қайталанбас тіршілік дүниесін қорғау және сақтау барысында экологиялық тәрбие беру. Африка материгіндегі ауыз суы проблемасы туралы ой туындату.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, Африканың физикалық картасы, климаттық карталар, атлас және кескін карталар.

Сабақ барысында қолданылған әдіс - тәсілдер: баяндау, сұрақ - жауап, аналитикалық, салыстырмалы

Сабақ түрі: Жаңа материалды игеру.

Сабақ барысы

Мұғалімнің

Іс - әрекеті

Оқушының

Іс - әрекеті

Нәтижесі

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушының құрал-жабдығын тексеру. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін тексеру.

Мұғаліммен сәлемдесу. Құрал жабдықтарын дайындау. Кезеші сабаққа оқушылардың қатысу деңгейін хабарлау.

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Кескін картамен жасалған жұмысты тексеру. Ауызша сабақ сұрақ. Қосымша сұрақтар қою.

Үй тапсырмасы ретінде берілген кескін картамен жұмыс тапсырмасын сипаттау. Ауызша сабақ айту. Сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасының орындалу нәтижесін көру. Деңгейін бақылау.

ІІІ. Жаңа сабақты игеру.

Тақырыпты тақтаға жазу. Африка материгінің гидрографиялық торабына сипаттама беру. Жаңа сабақты жоспар бойынша түсіндіру.

1.Африканың ірі өзен жүйелерінің сипаттамасы;

2.Ніл өзені -өркениет бесігі;

3.Конго өзені - Африканың суы ең мол өзені;

4.Замбези, Нигер, Сенегал және т.б. өзендер туралы сипаттау;

5.Материктің көлдері: Виктория, Танганьика, Ньяса және Чад көлдері;

6..Жер асты сулары;

Тақырыпты дәптерге жазу. Мұғалімнің кіріспесінен шағын хабарлама жасау (конспекттеу). Материктің ірі өзендердің ұзындығын, су жинау алабын, көлдердің ауданын және терңдігін жазып алу. Африканың өзендері мен көлдері

Оқушылардың Африканың ірі өзендері мен көлдері және жер асты сулары мен мұздықтары туралы білімдерін қалыптастыру.

Жалпы материк туралы білімдерін толықтыру. Африканың өзендері мен көлдеріАфриканың өзендері мен көлдері

Сыныппен жұмыс

Сынып жұмысын ұйымдастыру. Кескін картамен жұмыс жүргізу.

Кескін картаға Африканың өзендері мен көлдерін және мұхит алаптарын түсіру.

Оқушылардың кескін картамен жұмыс жасау дағдысын арттыру.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Материк өзендерінің халық шаруашылығындағы маңызы туралы айту. Көлдері туралы сипаттау. Қосымша сұрақ қою.

Мұғалім хабарламасын тыңдап, қажетті мағлұматтарды жазып алу.материк ішкі сулары туралы шағын хабарлама жазып отыру.

Қойылған қосымша сұрақтарға жауап беру.

Тақырыпты қорыту. Гидрография туралы білімдерін қалыптастыру. Африканың өзендері мен көлдері

Бағалау.

Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Белсенділік таныту.

Оқушылардың белсенділігін арттыру.

Ү. Үй тапсырмасын беру.

48 параграфтарды оқып келу. Үш оқушыға Ніл, Конго өзендері және Виктория көлдері туралы (шағын хабарлама) жаздыру.

Берілген тапсырмаларды орындап келу. 48 параграфтарды оқып келу.

Үй тапсырмасының толық орындалуын және орындалу деңгейін қадағалау. Стикерге жазады.


© 2010-2022