Конспект на тему Географиялық карталар (10 класс)

Раздел География
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Конспект на тему Географиялық карталар (10 класс)Конспект на тему Географиялық карталар (10 класс)Конспект на тему Географиялық карталар (10 класс)Конспект на тему Географиялық карталар (10 класс)Конспект на тему Географиялық карталар (10 класс)

Тақырыбы: Географиялық карталар.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға географиялық карталар, түрлері, қасиеттері, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Географиялық карталармен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

4. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Жердің ішкі құрылысы жөніндегі ғылыми деректер?

2. Мантияның құрылысы?

3. Ядроның құрылысы?

4. Магмалық жыныстар?

5. Шөгінді жыныстар?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Оқулықтағы 13,14,17 беттердегі 1,2,3-ші сызбанұсқалар арқылы оқушыларға жалпы географиялық карталар, тақырыптық карталар, картография салаларының жіктелуі түсіндіріледі.

3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы басқа да картографиялық кескіндемелер түсіндіріледі.

Бедерлі карта

Глобус

Фото-карта

Карта-транс-парант

Басқа да картогра-фиялық кескіндемелер

Атлас




4. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы картография және оның бөлімдерін түсіндіру.

Картографияның

теориялық негізі

Картаның жасалуын, әдіс-тәсілдерін, карталардың түрлерін зерттеиді.

Математикалық

картография

Картаның математикалық негізін, проекциялар теориясын, бұрмалануларды зерттеиді.

Картографияның тарихы

Картографиялық идеялардың даму тарихын зерттеиді.

Картографиялық

информатика

Картографиялық туындылар мен әдебиеттерді жинақтау.

Карталарды жобалау

және құрастыру

Карта жасаудың әдіс-тәсілдері мен технологиясын зерттеумен, карта үлгілерін құрастырумен айналысады.

Картаны көркемдеу

және шығару

Карта, атлас, басқа да картографиялық туындыларды басып шығару.

Картаны пайдалану

Картографиялық туындыларды ғылыми, қолданбалы, мәдени-ағарту мақсатында пайдаланудың теориясы мен әдістерін қарастыратын сала.

Картографиялық

топонимика

Карталардағы географиялық атаулардың дұрыс берілуін зерттейтін сала.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді



V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Географиялық карталар.


© 2010-2022