7-8 сыныптарға арналған Жас географтар сайысы сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: «Жас географтар» сайысы   Мақсаты: 1.        Оқушылар ойын жинақтауға бағытталған сезімдік әсер, тапқырлық жолдарын игеру мүмкіндігін  туғызу; 2.        оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; 3.        оқушылар өзді-өзін көрсетіп, ашық және толық өз ара байланыста болуға тәрбиелеу.   Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жеміс-жидектер, төс белгі, тақырыпқа байланысты плакаттар, слайдтар т.б.   Барысы І.Таныстыру ІІ.Кім тапқыр? ІІІ.а).Географиялық пошта;ә). «Ойлы болсаң озып көр»....
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Бірлестік орта мектебі










Сыныптан тыс жұмыс





Жас географтар сайысы


7-8 сыныптар












Пән мұғалімі: Який Хайрат


Тақырыбы: «Жас географтар» сайысы

Мақсаты:

  1. Оқушылар ойын жинақтауға бағытталған сезімдік әсер, тапқырлық жолдарын игеру мүмкіндігін туғызу;

  2. оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  3. оқушылар өзді-өзін көрсетіп, ашық және толық өз ара байланыста болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жеміс-жидектер, төс белгі, тақырыпқа байланысты плакаттар, слайдтар т.б.

Барысы

І.Таныстыру

ІІ.Кім тапқыр?

ІІІ.а).Географиялық пошта;ә). «Ойлы болсаң озып көр».

ІҮ.Жанды сұрақ (видеосұрақ)

Ү. Географиялық сөзжұмбақ.

ҮІ.Қорытынды бөлім. Марапаттау

Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа, Оқу керек,білім керек қашанда

Мықты болсаң,қабырғаңмен қайыспа. Ол болмаса,сайыс деген сайыспа?!» дей отырып, сайысымызды бастаймыз

І.Таныстыру

Бұл кезеңде(кел,танысайық)әр топ басшылары өздерінің төсбелгілерімен,топ атымен,ұранымен таныстырады,бұл кезеңді көркем әдебиетпен ұштастырып,ұтымды таныстыруға ие болған топқа 10 ұпай беріледі.

І. «Білімділер» ІІ. «Тапқырлар»

Білімділер біз боламыз, Топтың аты - Тапқырлар,

Білімге жол саламыз! Тапқырлықта көп сыр бар.

ІІ. Кім тапқыр?

Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы әріпті таңдай отырып,сұрақ қойылады,берілген жауаптың бірінші әрпі таңдалған әріптен басталады.Әр дұрыс жауап-10 ұпай

А. 1. Адам тұрақты мекендемейтін құрылық (Антарктида);

2. Алып үлкен жылан (анаконда);

3. Оңтүстік Америкадағы тау жүйесі (Анд);

4. Еліміздегі теңіз (Арал);

5. Қазақстандағы мұнайлы аймақ (Атырау);

Б:1. Табиғи қысымды өлшейтін аспап (барометр);

2. Қазақстандағы көлдің атауы (Балқаш);

3. Оңтүстік Америкадағы үлкен мемлекет (Бразилия);

4. Еліміздегі қорық (Барсакелмес);

5. Әлемдегі ең терең көл (Байкал);

Г:1. Су қабығының латынша атауы (гидросфера);

2. Жердің кішірейтілген моделі (глобус);

3. Көгілдір отын (газ);

4. Жердің қара шірікті, құнарлы қабаты (гумус);

5. Жер бетін зерттейтін ғылым (география).

ІІІ.а)географиялық пошта: банан, алма, апельсин.

Бұл кезеңде топбасшылырдың алдына қораптар қойылады, қораптарда жеміс жасырылған. Әр топ басшы 1 қорапта таңдай отырып, ішінен шыққан жеміс туралы жалпы мағлұмат береді (жемістің өсетін аймағы, біздің жерімізге келу тарихы, пайдасы), 3минут уақыт беріледі. Қай топ басшының сөздік қоры мол әрі нақты қызықты деректер айтқан болса,ол топбасшы топ қоржынына 30 ұпай қосады.

Топбасшылар ойланып болғанша әр топтағы басқа сайыскерлерге география пәніне байланыстырылған жұмбақтар шешеді, дұрыс жауап -10 ұпай.

Күн астында көк шүбар

Одан асау жок шығар.

Жарытпайды ол коныстап,

Тұра алмайсың оны ұстап. (Өзен)

Актан кара өтінді,

Шимайла деп бетімді. (Сынып тақгасы)

Белгісіз өңі, нысаны,

Канатсыз зулап ұшады.

Аяк-қолсыз өсіпті,

Ашып-жабар есікті. (Жел)

Теңізде де, түзде де,

Ондай басшы табылмас.

Бағытынан жаңылмас. (Тұсбағар)/

ІҮ.Жанды сұрақ (видеосұрақ)

Бұл кезеңде мектептегі басқа пән мұғалімдерінің сайыскерлерге қойған сұрағына жауап беру (видеосұрақ), жанды сұрақтың дұрыс жауабы - 30 ұпай.

1. Химия пәнінің мұғалімі Нарғожин Ораз Айдарбекұлының сұрағы.

Павлодар қаласында (ПАЗ) зауытында өндірілетін химиялық элемент (алюминий)

2.Тарих пәнінен мұғалімі Әміржанов Әскербайдың сұрағы

Қазақ жерін зерттеген алғашқы грек саяхатшысы,тарихи тұлға кім? (Геродот);

3.Биология пәнінің мұғалімі Шолтышева Клара Қанафияқызының сұрағы.

Қызғылт қоқиқаз (фламинго) Қазақстанның қай қорығында тіршілік етеді? (ҚОРҒАЛЖЫН)

Ү. Географиялық сөзжұмбақ..

1.Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал (гигрометр).

2.Халық сан, өсімі туралы ғылым (демография)

3.Стратосферада 10-50 шқ биіктік аралығында орналасқан қабат (озон).

4.Тау жыныстарының ауа, ылғал және тірі ағзалар әсерінен бұзылуы (үгілу).

5. Елдің аумағы немесе бір аймақ арқылы жүк тасымалдау (транзит).

6. Су жолы арқылы жүк тасымалдануға төленетін ақы (фрахт)

7. Тынық мұхиттың оңтүстік-шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл (тайфун).

8.Барлық аумағында біріңғай заң шығарушы және қалыптасқан атқарушы билік (унитарлы)

9.Айналымдағы ақшаның құнсыздану (инфляция)


г



е



0


г



Р



а


Ф



и



я


ҮІ. Қорытынды бөлім. Марапаттау.

«Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді география сырына», - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022