Внеклассный урок по географии для 7 класса

«Оңтүстік жарты шар материктері» тақырыбы бойынша викториналық сұрақтар ойыны. Мақсат-міндеттері: Білімділік: Жалпы Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін, даму тарихын оқушыларға өз күшімен ашуға тырыстырту. Оңтүстік жарты шарлар материктеріне талдау жасау. Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру. Оқушылырдың географиялық ой-өрісін дамыту, еске түсіру қабілетін арттыру. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Құралдары: интерактивті тақта, оқулық, 7 сынып атлас, дүние жүзінің физикалық картасы Сабақ түрі: викториналық сұрақтар Оқыту әдістері: сұрақ-жауап әдісі Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру  (2 мин) ІІ кезең – Викториналық сұрақтарға жауап беру кезеңі (35 мин)   ІІІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин) ІV кезең – қорытынды (5 мин)
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оңтүстік жарты шар материктері» тақырыбы бойынша викториналық сұрақтар ойыны.

Мақсат-міндеттері:

Білімділік: Жалпы Оңтүстік жарты шар материктері табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін, даму тарихын оқушыларға өз күшімен ашуға тырыстырту. Оңтүстік жарты шарлар материктеріне талдау жасау.

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру. Оқушылырдың географиялық ой-өрісін дамыту, еске түсіру қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Құралдары: интерактивті тақта, оқулық, 7 сынып атлас, дүние жүзінің физикалық картасы

Сабақ түрі: викториналық сұрақтар

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап әдісі

Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - Викториналық сұрақтарға жауап беру кезеңі (35 мин)

ІІІ кезең - бағалау кезеңі (3 мин)

ІV кезең - қорытынды (5 мин)

Сабақ барысы:

І кезең -ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып болған соң, 3 топқа бөлінді.

1-топ: Дарындылар 2-топ: Тапқырлар 3-топ: Достық

Интерактивті тақтада «Оңтүстік жарты шар материктері» тақырыбы бойынша викториналық сұрақтар жасырылған ұяшықтар берілді. Ойын шартымен танысып болғаннан кейін, әр топ кезек-кезек бір ұяшықтан таңдады. Ұяшық ашылған соң сұраққа 5 секунд ішінде жауап беру қажет.

Внеклассный урок по географии для 7 класса


1-топ: Дарындылар

Таңдаған ұяшық

7

9

14

21

15

27

29

11

31

32

26

Барлық ұпай

Жинаған ұпайы

10

-

10

10

10

10

10

-

10

10

10

90

2-топ: Тапқырлар

Таңдаған ұяшық

12

5

22

8

1

33

25

13

19

16

24

Барлық ұпай

Жинаған ұпайы

-

10

-

10

10

-5

5

10

10

5

-

55

3-топ: Достық

Таңдаған ұяшық

35

23

17

4

10

3

30

18

2

6

20

Барлық ұпай

Жинаған ұпайы

10

-

5

5

10

-

10

-

10

10

-

60

Өзіндік талдау жасау.

Бүгінгі викториналық сұрақтар ойынында барлық топтар жақсы қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Дұрыс жауап берген топқа бір сұрақ үшін 10 ұпайдан берілді. Кейбір сұрақтарға жартылай жауап берген топтарға 5 ұпайдан берілді.

Дарындылар тобы 11 сұрақтың 9-ына дұрыс жауап беріп, 90 ұпайға ие болды. Дұрыс жауап бере алмаған 9-Оңтүстік Американың ең биік нүктесі (Аконкагуа) және 11-Африканың ең төменгі нүктесі? (Ассаль көлі) сұрақтарға дұрыс жауап берген жоқ.

Тапқырлар тобы 11 сұрақтың 8-іне тиісінше толық және жартылай жауап беріп, 55 ұпай жинады. 25-сұрақта Африкадағы кай табиғат зоналары ең үлкен территорияны алып жатыр? Шөл деп жауап берді, дұрыс жауабы шөл, саванналар зоналары, жартылай жауап бергені үшін 5 ұпай берілді. 16 сұрақта да - бұл кім және қайда тіршілік етеді? - деген сұраққа үйректұмсық екенін айтты, қайда тіршілік ететінін айта алмады, оған да 5 ұпай берілді. Ал 22-Қай өзен экваторды 2 рет кесіп өтеді? (Конго) . және 24-Бұл не және қайда тіршілік етеді? (су шошқасы Оңтүстік Америка) деген сұрақтарға дұрыс жауап берген жоқ.

Достық тобы 11 сұрақтың 7-еуіне дұрыс жауап беріп, 60 ұпайға ие болды. Жауап бере алмаған 4 сұраққа келер болсақ, 23-Ең биік таулы көл (Титикака). 3-Самбо, креол, мулат, метис - қай жақтың тұрғындары…(Оңтүстік Америка), 18-Оңтүстік полюсті ашқан? (Руаль Амундсен) . 20-Бұл не және қайда тіршілік етеді (Тасмания дьяволы) деген сұрақтарға жауап бере алмады.

© 2010-2022