Внеурочная работа по географии Географиялық нысананы анықта5-11 классы

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Географиялық нысананы анықта» атты ойыны.

Сабақтың аяғында, егерде бірнеше минут бос уақыт қалып жатса,оқушылармен ойын өткізуге болады.Ол үшін қағаз және қалам қажет. Ойынның барысында қатысатын оқушыларға ескерту қажет, ойын тек қана шындық пен ұқыптылықты және жұмыстың тиянақты орындалуын талап етеді. Өтіп жатқан тақырыптар бойынша, мұғалім номенклатурадан 10-15 жаңа сөздерді оқып, оның 6-8- атын қалаулары бойынша жазып қойыуын сұрайды. Әр қатардан, көмекшілер шығып, парақтарды жинап алып араластырып, қайта таратады. Парақтың таза бетіне оқушылар аты-жөнін жазады. Мұғалім ойынның барысын түсіндіреді, әр атаудың қасына орналасқан жерін және географиялық нысананы анықтау қажет (тау,өзен, ойпат, бұғаз, жазық, шығанақ, арал,теңіз т.б.). Мысалы, 6-сыныптар үшін-Джомолунгма-дүние жүзіндегі ең биік нүкте. Пекин-Қытайдың астанасы. Периней-Еуропадағы тау, Лабрадор-Солтүстік Америкадағы түбек, Кариб теңізі-Орталық Американың жағалауындағы теңіз.т.б 8-сыныптар үшін Қарағанды-Қазақстанның ең ірі көмір алабы, Балқаш-Қазақстанның үшінші көлі, Хан-Тәңірі Қазақстанның ең биік нүктесі, Жезді-мыс кені, Бетбақдала- тасты шөл.т.б. Бірінші болып тапсырмаларды орындаған ойындағы 6-8 оқушы, «Бар!»-деп айтқанда, -мұғалім «Тоқтат!» деген топқа тапсырма береді. Оқушылар жұмыстарын тоқтатып, парақшаларын көмекшілеріне өткізеді.

Енді жұмыстарындағы «құпияларды» ашып, араластырып оларды оқушыларға бір-бірін тексеруге таратып беруге болады.Толық жауап 1ұпай, жартылай жауап-0,5 ұпай. Мысалы Балқаш -Қазақстанның үшінші үлкен көлі-1-ұпай, Балқаш көлі -0,5-ұпай. Көмекшілер, бағаланған парақтарды жинап ойындағы жеңімпаздарды атайды. Үш бірінші орынды жеңіп алған оқушылар картадан парақтарында жазылған географиялық нысаналарды көрсетеді. Марапаттау үшін өтпелі сыйлық тағайындауға болады. Ереже бойынша, бірінші ойын онша ұйымшыл өтпейді. Сондықтан , бұл ойынды үйірмедегі бөлімдерде (секцияларда) өткізіп, одан кейін сыныпта жүргізсе болады. Осындай ойындар оқушылардың ойларында географиялық нысаналарды, олардың орналасқан жерлерін бекітіп, жаттап алуға көмектеседі, сонымен қатар география пәніне «ұқыпсыз» қарайтын, пәнге қызығушылығы төмен оқушылардың белсендіктерін арттыруға бірден бір себебін тигізеді.


© 2010-2022