Ашық сабақ «Беткі ағыстар. Мұхиттардағы тіршілік дүниесі »

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Беткі ағыстар. Мұхиттардағы тіршілік дүниесі.

Сабақтың мақсаты:Беткі ағыстардың пайда болу себебі мен түрлерін ажыратуға ,мұхиттағы тіршілік дүниесінің алуан түрлілігі және таралу ерекшеліктерімен таныстыру; ұйымшылдыққа, өзін-өзі реттеуге үйрету. Сөздік қорларын молайту, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже: Беткі ағыстардың түрлерін ажыратып , таралу бағытын картадан шартты белгілерімен көрсете алады. Ең ірі суық және жылы ағыстарды атай алады, мұхиттардағы тіршілік дүниесінің алуан түрлілігі мен таралу топтарын ажыратады, түрлеріне тоқтала отырып өз ойларын еркін жеткізе алады.

Түйінді идея: « Мұхит тіршілік бесігі»

Ресурстар: Үлестірме қағаздар , кесте, оқулық, интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы , атлас , кескін карта;

Сабақ барысы:

Кіріспе. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында

« Өрмек тоқу » ойынын ұйымдастыру. Сынып оқушылары шеңбер құрып тұрады, қолға жіп алынып сол жіпті өздерінің қалаған сыныптасына тілек айтып лақтырады, соңында өрмек тоқылып ортақ тілек айтылып ортаға тасталынады. Сынып географиялық атаулар ( арал, түбек, шығанақ, бұғаз) арқылы топқа бөлінеді.

Әр топ берілген атауларға «кластер» әдісі арқылы түсінік бере кетеді.

Бағалау: Үш шапалақ.

Жаңа материал таныстырылымы:

Оқушыларға сөз жұмбақ беру арқылы жаңа тақырыпты ашады.

ББҮ әдісі кестесі «білемін, білгім келеді , үйрендім» бағандарына не білетіні туралы жазады.

Жаңа материалды меңгерту:

I-топ. «Су массалары»

II-топ. «Ірі су айналымы»

III-топ. «Тіршілік дүниесі»

IV-топ. «Тіршілік ету жағдайы»

«Дөңгелек үстел» әдісі.Оқушылар берілген тапсырма бойынша түсінгендерін қағаз бетіне түсіреді де, сол қағазды көршісіне беріп арықарай жалғастырады. Соңында топта проблема бойынша пікірталас жүргізіледі. . «Дөңгелек үстел» қатысушылары әңгімелерін презентациялайды.

Картамен жұмыс.

Кескін картамен , дүние жүзінің физикалық картасымен жұмыс жүргізу. Беткі ағыстардың түрлері мен ең ірілерін кескін картаға түсіру.

Сергіту сәті.

Бағалау.

Қорытынды: « БҮБ» сызба әдісі арқылы кестені толтыру

Үйге тапсырма: §9,10 тақырыпты оқу, реферат жазып келу.

Кері байланыс.«Екі жұлдыз , бір тілек».



© 2010-2022