Күнделікті сабақ жоспары Физикалық география

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Физикалық география

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ғаламдық проблемалар және олардың пайда болу себептері туралы түсінік қалыптастыру;

Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың
дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, ой туғызу , топпен жұмыс.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, оқулық, бағалау парағы, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: СТО, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, жекелей, топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды суреттер құрау арқылы топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)

- Алдын -ала даярланған 6 түрлі ғаламдық өзгерістер жиынтығын құрастыру арқылы топтарға жайғастырылады.Топ басшылары, бағалаушылар сайланады.

1 топ. Бейбітшілік сақтау проблемасы

2 топ.Ғаламдық экологиялық проблемасы

3 топ.Энергетика және шикізат проблемасы

4 топ .Дамушы елдердегі ғаламдық проблемалар

5 топ.Дүниежүзілік мұхит проблемасы

Географиялық диктант.

Біз өмір сүріп отырған ғаламшар ... .Қоршаған орта туралы ғылым ... деп аталады.Жер ғаламшарының тіршілік тараған аймағы ... .Жердің су қабығы ... . Халықтың саны құрылысы,өсуі туралы зерттейтін ғылым ... .

ІІІ.Жаңа сабақ

«Миға шабуыл» стратегиясы

1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)

2.Видео арқылы өтілетін тақырыпты ашып алу.

Оқушылардың сұрақтар қою арқылы ой-пікірлерін білу.

ІҮ. Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы

Оқушылар өздеріне бөлінген тақырыптар бойынша постерлерге өз ойларын түсіріп, қорғайды.



Ү.Тапсырмалар.

№ 1 тапсырма.Графикалық диктант.Оқушылар иә,жоқ жауаптарын беру арқылы график сызу.

1.Ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды атайды. (иә)

2.Ғаламдық проблемаларға дауылдың соғуы, күннің бұлттануы, табиғат байлықтарының пайда болуы жатады.(жоқ)

3.Табиғи ортаның ластануы,озон қабатының жұқаруы,ормандар аумағының қысқаруы экологиялық проблемаға жатады. (иә)

4.Жер шарындағы халықтың өсуі, өндірістің қарқынды дамуы пайдалы қазбаларға деген сұранысты жылдан -жылға кеміту үстінде. (жоқ)

5.Дамущы елдердегі адам санының өсуі өңделетін жер көлемінің азаюына және азық - түлік тапшылығына себепші болады. (иә).

6.Мұхит суының ластануы және оның биологиялық өнімділігінің төмендеуі ғаламдық проблемаға жатпайды.(жоқ)

№ 2 тапсырма. Берілген сөздердің орнын табу.

1.Қ Ы Ғ А М Л А Д Е П Р О А Л М Л Б А Р (ғаламдық проблемалар)

2.Б Т Ш Е І Т І Л Б Й І К І Т С Қ А У А (бейбітшілікті сақтау)

3. К Я О Л Э О Г И (экология)

4. Н М А Й Ұ ( мұнай)

5. Қ Х Л А Ы (халық)

6. Т М Х Ұ И (мұхит)

7. Ы А Қ З - Т І Л Ү К (азық - түлік)

8. З О Н О Қ Т Б А Ы А (озон қабаты)

9. М О Р Н А ( орман)

10. О Е Р И С Б Ф А (биосфера)



№3 тапсырма Сәйкестендіру

  1. Бүкіл дүние жүзін, оның қазіргісі 1.Ғаламдық проблемалар

мен болашағына қауіп төндіретін

және өзінің шешілуіне бірігіп күш

жұмсауды, барлық мемлекеттер мен

халықтардың біріккен әрекетін

талап ететін проблемаларды атайды.

  1. Қоғам мен табиғаттың қарым - қатынасының , 2.Экологиялық проблема

айналадағы ортаны сақтаудың проблемасы.

  1. Мұнайдың, табиғи газ бен отын қорының шектеулігі 3.Шикізат проблемасы

  2. Соғысқа жол бермеу,ядролық қарудан бас тарту, 4.Бейбітшілікті сақтау проблемасы

Әскери шығындарды болдырмау проблемасы

  1. Мұнай өндіру,оны тасымалдау,судың ластануы, 5.Мұхит проблемасы.

биологиялық өнімнің төмендеуі

ҮІ.Үйге тапсырма беру.«Ғаламдық өзгерістер» тақырыбында презентация дайындау.

(Көлемі 3-4 бет). Тақырыпты оқу.

ҮІІ.Бағалау.

Сабақ үстіндегі тәртібі мен белсенділігі

Географиялық

диктант

Топтық жұмыс

Тапсырмалар

Қорытынды баға

Пікір қосу

Сурет салу

Қорғау

№1 тапсырма

Графикалық диктант.

№2 тапсырма

Берілген сөздердің орнын табу.

№3тапсырма

Сәйкестендіру











© 2010-2022