Географиялық сайыс. сыныптан тыс шара

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Географиялық сайыс.

7-8 сыныптар

Мақсаты: Оқушыларды география пәніне деген қызығушылығын ояту, жердің қазба байлығын білуге және бағалауға үйрету, туған өлкені сүюге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасын, плакаттар, слайд дайындадым.

Сайыс шарттары:

1-кезең. «Өзін-өзі таныстыру» екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.

2-кезең. Әр командаға үлестірме түрінде тапсырма беріледі.

3-кезең. Сөзжұмбақ шешу

4-кезең. «Кім жылдам?»

«География қоршаған ортаны танып білу». Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.

Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық.

Асыл тастан, өнер жастан Халық айтса қалт айтпайды,

Шығады деп дарынды. Әрқашанда нанымды, -

Дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.

Білім деген биік шың Білім деген ақылшың

Бақытқа сені жеткізер Қиындықтан өткізер,-

Деп сайысымыздың алғашқы шарты «Өзін-өзі таныстыруда» екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.

Екінші кезеңде әр командаға үлестірме түрінде тапсырма беріледі. «Қазақстанның климаты»

  1. Температуралары бірдей барлық нүктелерді қосатын сызықтар (изотерма)

  2. Қазақстан теориясына аздаған жауын-шашын әкелетін ауа массалары (қоңыржай)

  3. Қазақстан климатына әсер ететін мұхиттар (Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиттары)

  4. Қазақстанның солтүстігінде шілде айының орташа температурасы (+140С)

Үшінші кезеңде «Сөзжұмбақ шешу». 5 минут уақыт беріледі. Сол кезде жүргізушінің жанкүйерлермен «Ең, ең ...» деген сауалғы сұрақтары жүргізілді.

  1. Әлемдегі ең үлкен тасбақа

  2. Дүние жүзіндегі ең үлкен термометр

  3. Дүние жүзіндегі ең үлкен глобус

  4. Ең жері үлкен мемлекет

  5. Ең көп таралған дін

  6. Астық дақылдарын ең көп жинайтын ел.

  7. Мұнайды ең көп өндіретін ел.

  8. Табиғи газды ең көп өндіретін ел.

  9. Көмірді ең көп өндіретін ел.

  10. Темір кенін ең көп өндіретін ел.

  11. Картопты ең көп өндіретін ел.

  12. Мақта талшығын ең көп жинайтын.

  13. Автомобильді экоспортқа ең көп шығаратын ел.

  14. Еуразиядағы ең үлкен түбек.

  15. Еуразиядағы ең биік тау.

Төртінші кезеңде «Кім жылдам?» сайысы өтті.

  1. Шетелге шығарылатын тауар (экспорт)

  2. Африканың 60 пайызын алып жатыр (жазық)

  3. Қаратопырақ Қазақстанның қай бөліктерінде? (солтүстігінде)

  4. Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның қаласы (Алматы)

  5. Жер шарындағы материктер саны (6)

  6. Кенді Алтайдың пайдалы қазбалары (полиметалл)

  7. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері (Ертіс, Есіл, Тобыл)

  8. Қазақстанның көне қалалары (Отырар, Тараз, сығанақ, Түркістан)

Әділ қазылар алқасы сайысты қорытындылады.

«Жас географ» сайысы

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болу - негізгі мақсатымыз. Оқушылардың пәнге қызығуын, ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету мақсатында «Жас географ» сайысын өткіздім.

Сайыскерлермен таныстыру.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады. «Бәйге», «Жорға», «Көкпар».

1-кезең, «Бәйге». Бұл кезеңнің шарты мынандай: 4 жауаптан тұратын 8 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 10 секунд уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Өзеннің басқа өзенге, көлге немесе теңізге құятын жері қалай аталады?

А) арна Ә) тасқын Б) саға В) сала

2. «Оттек фабрикасы» деп нелерді атайды?

А) құстарды Ә) жануарларды Б) адамдарды В) өсімдіктерді

3. Органикалық жолмен пайда болатын шөгінді жыныс

А) саз Ә) құмтас Б) бор В) әктас

4. География ғылымының атасы:

А) Геродот Ә) Эротосфен Б) Страбон В) Магеллан

5. Күннен 4-інші тұрған ғаламшар:

А) Марс Ә) Нептун Б) Меркурий В) Жер

6. Жаңа өмір эрасы:

А) мезозой Ә) палеозой Б) протерозой В) кайнозой

7. Су тамшыларының ауада шоғырлануы:

А) жаңбыр Ә) қар Б) бұлт В) тұман

8. Ең үлкен контингент:

А) Азия Ә) Африка Б) Еуразия В) Аустралия

ІІ-кезең: «Жорға» Бірінші кезеңде жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады. Алдарыңызға 6 ұяшық берілген, әр сайыскер ұяшықты таңдап, 1 минут уақытта оқылған сұрақтарға жауап берулері тиіс. Ойынды «Бәйге» кезеңінде ең көп жинаған ойыншы бастайды.

  1. Қазақстандағы ең биік нүкте (Хан Тәңірі)

  2. Көкжиек бағытын анықтайтын құрал (компас)

  3. Глобусты алғаш жасаған ғалым (Бехайм)

  4. Күнге ең жақын ғаламшар (Меркурий)

  5. Жердің неше полюсі бар? (2)

  6. Көлемі жөнінен екінші материк (Африка)

  7. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі (мм)

  8. Жердегі ең ұзын параллель (Экватор)

  9. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (гигрометр)

  10. Жер шарындағы ең көп жауын-шашын түсетін аймақ (Черапунджи)

Осы сияқты 5 ұяшықтардың өзінің сұрақтары болады.

ІІІ кезең. «Көкпар». Бұл кезеңге көп ұпай жинаған 3 ойыншы шығады. Алғашқы айнаымдардағы жинаған ұпайларыңыз сақталады. 4 тақырып берілген (20, 30, 40, 50 ұпайлардан тұратын). Әр сұраққа 15 секунд уақыт беріледі. Мұхиттар, Материктер, Тұлғалар, Қазақстан тақырыптары берілген.

Мұхиттар.

20-дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы (361 млн.шқ2)

30-Атлант мұхитындағы жылы ағыс (Гольфстрим)

40- «Поляр станциясы» атанған мұхит (Солтүстік мұхиты)

50-Тайфун мен цунамилер көп болып тұратын мұхит (Тынық)

Қалған тақырыптардың әрбір сұрақтары осылай белгіленеді.

Қорытынды: Жүлдегерлері марапаттау рәсімі.

© 2010-2022