Сабақ жоспары Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы

Раздел География
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:10

Сабақтың тақырыбы:Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы

Мақсаты :Оқушылардың дүниежүзі елдерінің мал шаруашылығы және балық шаруашылығы туралы білімдерін толықтыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға дүниежүзі елдерінің мал шаруашылығы және балық шаруашылығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен білім алуға, ізденімпаздыққа шығармашылық ой- өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, ұжымдылыққа, өздігінен іздене білуге тәрбиелеу

Сабақ түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, СТО

Көрнекіліктер: д.ж саяси картасы,бағалау парақшасы,сұрақтар салынған қорап,тест парақтары

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі :1.Оқушылармен амандасу 2.Оқушыларды түгендеу 3. Топтарға бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Қораптағы сұрақтар.( 8 минут)

1.Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларын ата (Дәнді дақылдар,техникалық, сергітпе,бау - бақша шаруашылығы жатады.)

2.Дәнді дақылдарды өсіруден алдыңғы орындағы елдерді ата. (Қытай,АҚШ,Үндістан,Ресей,Франция)

3.Дүниежүзінде бидайды неше ел өсіреді(70)

4.Күріштің шыққан жері және оны өсірумен неше ел айналысады? (Қытай 100 ге жуық ел)

5. Аса маңызды техникалық дақылдар ( майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәмтатымдық дақылдар жатады.)

6. Майлы дақылдарға қандай дақылдар жатады? (жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс, қытайбұршақ)

7.Талшықты дақылдарға қандай дақылдар жатады? ( мақта, зығыр,джут,табиғи каучук )

8. Картоп жинаудан бірінші орынды қай ел алады? ( Ресей)

9. Сергітпе дақылдарға қандай дақылдар жатады? (шай, кофе, какао )

10. Жеміс жидекті көп өндіретін елдер?( Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия )

11.Шайдың, кофенің отаны қай елдер? Шайдың отаны -Қытай, Кофенің отаны - Африка

12.Жүзім жинаудан қай елдер алдыңғы қатарда? ( Италия , Франция, Испания, АҚШ)

13.Қалампыр, бұрыш, лавр,зире, күнжіт,корице, ваниль, кардамон қандай дақылдарға жатады?

(Дәмтатымдық дақылдарға)

14. Қант қызылшасын өндіретін елдер? ( Франция, АҚШ, Ресей, Украйна, қоңыржай белдеу елдері)

15.Қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн өсіруден қандай елдер алдыңғы орында? Жержаңғақтан -

Үндістан, зәйтүннен Италия, Қытайбұршақтан өндіруден - АҚШ.

16. Ауыл шаруашылығы неше саладан тұрады?(2)

III Жаңа сабақ: Инсерт кестесі Қане ,балалар мал шаруашылығы туралы не білеміз? Енді не білгіміз келеді? 10 минут

Білемін

Білгім келеді?

Білдім

1 тапсырма

1 - топ. Мал шаруашылығы салалары

2- топ. Балық шаруашылығы

3.тапсырма «Номенклатура мен термин» сөздермен жұмыс 5 минут

Марикультура балықты қолдан өсіру

Меринос жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой

Цеце ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын шыбын

Шипстейшнз ірі қой шаруашылығы

Мойва балық

Страус түйеқұс

Голуберне Аустралияның қаласы

Селекция латынша іріктеу ,сұрыптау жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын шұғылданатын ғылым.

4. тапсырма «Сен -маған, мен -саған» Топтар бір -біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.5 минут

1 топ 2 топқа

1.Дүниежүзінде қой шаруашылығымен шұғылданатын аса ірі аймақ? ( Аустралия)

2.Дүниежүзінде етті көп өндіретін елдер? (АҚШ,Қытай, Ресей, Бразилия).

3. Неліктен Африкада ірі қара саны аз? (Себебі: ұйқы ауруын тарататын цеце шыбыны бар).

4.Сүт өндіру бағытындағы ірі қара қандай елдерге тән? (Қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда, әсіресе орман зонасында орналасқан елдерде дамыған).

5. Мал шаруашылығының барынша дамыған аудандарында қандай экологиялық проблемалар бар? Мал тұяғының әсерінен топырақ эрозияға ұшырауда , жайылымдардағы өсімдік жамылғысы жұтаңдануда, тіпті жойылуға жақындануда, Мал шаруашылығы жинақталған жерлерде (ірі қара, шошқа бордақылау, құс семірту) топырақ пен су және ауа да ластануға ұшырауда.

6. Марал шаруашылығымен айналысатын еліміздің экономикалық ауданы? ( Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы) Маралдың негізгі өнімі пантокрин алу үшін панты

2топ 1 топқа

  1. Дүниежүзілік мұхиттарда балықтар қай жерлерде көп кездеседі? (Материктік қайраңдар мен жылы және суық ағыстардың түйіскен жерінде көп кездеседі).

  2. Дүнежүзілік мұхиттарда ауланатын балықтардың жартысынан астамы қай елдерге тиесілі? (6 елге Жапония, Чили, Қытай,АҚШ, Перу, Ресейге).

  3. Балық аулаудың негізгі аудандары? (Тынық мұхиттың солтүстігі, ертеректе Атлант мұхитының солтүстігі болған)

  4. Марикультура яғни балықты қолдан өсірумен айналысатын ел? ( Қытай)

  5. Балық шаруашылығының қандай өнімдері жиі қолданыста?

Қорытындылау Тест тапсырмалары (3минут)

IV. Бекіту: Инсерт кестесін аяқтау(5 минут)

V. Бағалау: 3 минут

VI. Үйге тапсырма беру: 38 тақырып ,183 -186 беттер

Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы.

«Егер мен фермерлік шаруашылық қожасы болсам...» - эссе жазу



© 2010-2022