Авторлық бағдарлама «Өлкетану» 8 сыныпқа арналған

Түсінік хат «Балаларға Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды да, жауапты, қадірменді парызы» Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жалпы білім беретін орта мектептің 8 сыныбына ұсынылып отырған «Өлкетану» курсының бағдарламасы, оқушыларды өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады. Өз елінің географиялық орнын, оның...
Раздел География
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Авторлық бағдарлама «Өлкетану» 8 сыныпқа арналғанАвторлық бағдарлама «Өлкетану» 8 сыныпқа арналғанАвторлық бағдарлама «Өлкетану» 8 сыныпқа арналғанАвторлық бағдарлама «Өлкетану» 8 сыныпқа арналғанҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ

«КАКЕН АХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП» КММ







Авторлық бағдарлама


«Өлкетану»

8 сыныпқа арналған



Авторы: Темирбеков Фархат Еркинбекович





























Алғабас, 2015

Мекеме атауы:

«Какен Аханов атындағы орта мектеп» КММ

Мекен - жайы:

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Алғабас ауылы

Автордың аты - жөні:

Темирбеков Фархат Еркинбекович

Санаты:

Екінші санатты, география және информатика пәндерінің мұғалімі

Еңбек өтілі:

8 жыл

Білімі:

жоғары

2002 - 2006 жж С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «География бакалавры»

2011 - 2013 жж С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Мектептегі информатика, информатика мұғалімі»

2014 ж НОУ ВПО «Омская гуманитарная академия» магистрант

Авторлық бағдарлама:

Өлкетану

Сыныбы:

VІІІ сыныптарға арналған






















МАЗМҰНЫ


Кіріспе ...........................................................................................................................

3

Түсінік хат.....................................................................................................................

4

  1. «Өлкетану» курсына жалпы сипаттама..................................................................

5

  1. Өлкетану жұмысының түрлері................................................................................

5

  1. Өлкетану жұмысында өлкені зерттеудің барлық негізгі әдістері қолданылуы мүмкін, олар..................................................................................................................

6

  1. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар..................................

6

  1. Күтілетін нәтижелер................................................................................................

6

  1. «Өлкетану» курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары (8 сыныптарға арналған)........................................................................................................................

7

Қорытынды....................................................................................................................

8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................

9
































Кіріспе


Қазақстандық білім беру саясатының басты міндеті - мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның көкейкесті мол сұраныстарына сәйкес іргелі де сапалы білім беру. Балалар мен жастарды тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясат Елбасы Жолдауында көрініс тапқан.

Өлкетану сабағын жергілікті жермен, оның табиғатымен байланыстыра өту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен бірге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятып, табиғатты аялай білуге тәрбиелейді.

Осы бағытта жүргізілген жұмыс нәтижесін білу мақсатында оқушылар арасында жүргізілген сауалнама олардың табиғи ортаның аймақтық ерекшеліктерін зерттеу мәселелеріне қызығушылығын жоғары екендігін байқатты. Табиғи ортаның аймақтық ерекшеліктерін зерттеу жеке тұлғаны тәрбиелеуде маңызды орын алады. Алдыңғы қатарлы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер көп аспектілі шығармашылықты дамытуда, себебі, табиғи ортаның аймақтық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары оқушының зерттеушілік, танымдылық қабілетін дамытып, отансүйгіштікке, мәдениетке, қайырымдылыққа, әсемдікті бағалауға тәрбиелейді.

Өлкетанудағы зерттеушілік-ізденушілік жұмыстардың аспектілерін былай жүйелеуге болады.

  1. Аймақтық білім беру және тәрбиелеу маңызын анықтау;

  2. Аймақтық компонеттердің дәсүрлі аспектілерін жаңарту, жаңа аспектілерді жасау: әлеуметтік, экономикалық, этнографиялық, экологиялық, эстетикалық.

  3. Туристік - өлкетану жұмыстарындағы зерттеушілік жұмыстар элементі.

«Өлкетану» курсының мақсаты: Оқушыларға өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту. Жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру және отансүйгіштік сезім тәрбиелеу.

«Өлкетану» курсының міндеттері:

  • Өз елді мекенінің, өлкесінің тарихымен және қазіргі кездегі өмірімен, экономикасымен таныстыру;

  • Алынған білімді қазіргі кездегі экологиялық проблемаларды шешу барысында қолдана білу;

  • Ақпарат құралдарды пайдаланып оның ішінде: газет, журнал, интернет арқылы мәліметтер жинау;

  • Тақырыптық іс-шараларға және жобаларға, кітапханалардың, ұлттық-мәдени орталықтардың іс-шараларына, сайыстарға, олимпиадаларға қатысу арқылы туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру.

«Өлкетану» курсының өзектілігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, география пәні бойынша үлгермеушілердің болмауын қамтамасыз етеді және бірыңғай ұлттық тестілеуде географиядан емтихан тапсыруға тілек білдіретін оқушылардың санының өсуіне әсер етеді.



Түсінік хат


«Балаларға Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды да, жауапты, қадірменді парызы»

Қазақстан Республикасының президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жалпы білім беретін орта мектептің 8 сыныбына ұсынылып отырған «Өлкетану» курсының бағдарламасы, оқушыларды өзінің мекен етіп отырған жерінің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, ізденіс қабілеттірін дамытуға, қосымша мәліметтермен жұмыс істеуге дағдыланады. Өз елінің географиялық орнын, оның аумағын, шекаралас мемлекет пен аудандарын әрбір адам баласы білуі қажет. Өйткені ол өзінің туған топырағы, мөлдір таза суы, ата-бабасы мекен еткен жері. Өз елінің патриотты азаматы болу, ақпараттық қоғамда қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуді дамыту мақсаты болып отыр.

Бағдарлама бойынша 8 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат өткізіледі. Бұл бағдарлама мектепте оқытылатын география пәніне қосымша ретінде жасалған, сонымен қатар факультатив курста өткізуге болады. Бағдарламаға теориялық және практикалық сабақтармен қатар топсеруен, табиғатты бағдарлау жұмыстар енгізілген.

  1. Дәріс (дөңгелек үстел) - 22 сағат

  2. Экскурсия (Ауыл шежіресі, тарихи-географиялық ескерткіштер ) - 5 сағат

  3. Сарамандық жұмыс (Өз елінің шығу тегі, мәдени мұралары т.б тақырыптарда, қосымша материалдармен жұмыс істеу кезінде қолданылады) - 7 сағат




















«Өлкетану» курсына жалпы сипаттама


Өлкетану - белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар айналысады, себебі бұл аймақ оқушылар мен мамандар үшін (тарихшылар, биологтар, геологтар, архитекторлар, этнографтар, экологтар) туған өлке болып саналады.

  • табиғи-географиялық өлкетану (жергілікті жердің климаты, жер бедері, топырағы, өзен-көлдері, пайдалы қазбалары, экологиясы, экологиялық проблемалары)

  • әлеуметтік-географиялық өлкетану (халықтың тығыздығы, елді мекендердің орналасу сипаты, ұлттық қолөнер түрлері, басқа елді мекендерден, аймақтардан алшақтығы, байланыс құралдары);

  • әлеуметтік-демографиялық (ұлттық құрамы, жастық-жыныстық құрамы, көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты);

  • әлеуметтік-экономикалық (халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек ресурсы, кәсіби-мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі);

  • аймақтың экономикалық салаларының (ауылшаруашылық, құрылыс, тау-кен, химиялық т.б.), шығаратын өнімдері;

  • әкімшілік-саяси (өлкенің шекарасы мен аумағы, инфрақұрылымының түрлері, басқару органдарының қызметі және жұмысты ұйымдастыруы);

  • өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» - орын, жер, «онома» - атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ономастика (гректің onomastike - ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы) сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады. Демек, топонимдер тарихи, географиялық және лингвистикалық мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, ой-өрісі хақында, тіптен сезім сұлулығына дейін тамаша хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді;

  • өлкетану жұмыстары оқушылардың алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.


Өлкетану жұмысының түрлері:

  • саяхат;

  • экскурсия;

  • бақылау жүргізу;

  • кеппешөп жинау;

  • тәжірибелер жасау;

  • мамандық иелерімен кездесулер -тағы басқа практикалық іс-әрекеттерді оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құндылық көзқарастарын қалыптастыруға, білуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағыттау.

Өлкетану жұмысында өлкені зерттеудің барлық негізгі әдістері қолданылуы мүмкін, олар:

  • әдеби;

  • далада бақылаулар жүргізу;

  • картографиялық;

  • статистикалық;

  • көзбен шолу (визуалды);

  • әңгімелесу және сауалнама жүргізу;

  • фотосуретке және бейнефильмге түсіру.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  • Өлкедегі елді мекендердің дәрежесі мен маңызын;

  • Географиялық нысандарының атауларын

  • Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу;

  • Өлке аумағының жер бедері;

  • Өлкенің табиғи ресурстары;

  • Жергілікті жердің ауа райы және климаты;

  • Өлкенің сулары және оларды пайдалану;

  • Өлкенің топырағы;

  • Өлкенің және ауылдың өсімдіктері;

  • Өлкенің және ауылдың ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау;

  • Өлкенің, ауылдың шаруашылығы;

  • Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті.

Күтілетін нәтижелер

  • азимут бойынша жүруді;

  • географиялық нысандардың қарапайым планын түсіру (өзеннің бір бөлігінің, мектеп ауласының т.б.);

  • топографиялық карталарды оқу;

  • кеңістікте бағыт таба білу және бағдарлаудың жергілікті бес не одан да көп белгісін білу;

  • көз мөлшерімен қашықты жуықтап өлшей білу;

  • өзеннің енін, орташа тереңдігін, өзен ағысының жылдамдығын және су шығынын есептей білу;

  • ормандағы ағаштардың, бұталардың атауларын білу және оларға шаруашылық баға бере алу;

  • шалғын өсімдіктерінің атауларын, олардың емдік қасиетін;

  • жергілікті жердің ауа райына болжау белгілерін;

  • қардың орташа қалыңдығын, қардың тығыздығын және қардағы судың мөлшерін анықтай білу;

  • сыртқы белгілеріне қарап топырақтың механикалық құрамын анықтау;

  • баяндамалар жасай білу және жиналған материалды рәсімдеу.

«Өлкетану» курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары

(8 сыныптарға арналған)


Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Оқу іс - әрекеті

Мерзімі

Дәріс

Экскурсия

Сарамандыққ

жұмыс

Кіріспе. Өлкетану ұғымы, маңызы.

1

1




Өлкедегі елді мекендердің дәрежесі мен маңызы

2

2




Географиялық нысандарының атаулары. Алғабас ауылы

2

2




Туризм негіздерімен танысу және карталармен жұмыс істеу. Экотуризм. Географиялық бағдарлау

2

1

1



Өлке аумағының жер бедері. Қалбатау. Көктау

3

2


1


Өлкенің табиғи ресурстары. Алтынбастау, Талды кеніштері.

2

1


1


Жергілікті жердің ауа райы және климаты. Қызылқайың желі.

2

1


1


Өлкенің сулары және оларды пайдалану. Сібе өзені. Сібе көлдері: Садыркөл, Төртқаракөл, Шалқаркөл, Қоржынкөл, Әулиекөл.

4

2

1

1


Өлкенің топырағы

3

2


1


Өлкенің және ауылдың өсімдіктері. Көктау самырсын орманы.

2

2




Тарихи-географиялық ескерткіштер. Жоңғарлар қорғанының үйіндісі - Аблайкит.

2

2




Өлкенің және ауылдың ерекше қорғалатын аумақтары және табиғатты қорғау. Бәйші ерекше қорғалатын аумағы

3

1

1

1


Өлкенің, ауылдың шаруашылығы. Шаруа қожалықтары.

3

2


1


Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті

2

1

1



Қорытынды

1


1



Барлығы

34

22

5

7


Қорытынды

Шығыс Қазақстан облысының, оның ішінде Ұлан ауданының географиялық ерекшеліктері олардың әлемдегі төрт мұхиттың жағалауларнан бірдей қашықтықта, яғни, ұлы Еуразиялық континенттің дәл ортасынан орын алуында болып табылады. Бұл өлкені жер бетіндегі барлық жолдардың географиялық айлаққа немесе торапты станцияға теңеуге болады. Дәл осы Орталық Қазақстаннан бастыс Сібірдің ит тұмсығы өтпес орманын, Монғолия мен Қытайдың құмды шөл даласын кездестіруге болады. Сондай-ақ бұл өлкені бір күн араласаңыз күн нұрына малынған дала мен шыңдарын, қар мен мұз басқан таулардың бір-бірімен ұласып жатқанын байқар едіңіз. Өлкенің тағы бір ерекшелігі мынада: мыңдаған үлкенді кішілі өзендер мен көлдер, сәнді ауылдар мен кенттер, әсем қалалар айналаға көрік беріп тұрады, асау Ертіс пен қарт Қалбаның арасын мекендеген адамдар жасампаз еңбектерімен өз өлкесін даңққа бөледі.

Ауданның жер көлемі тым үлкенде емес, сондайлық шағын да емес - үш мың шаршы шақырым. Оны солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай арналы Ертіс өзені көмкеріп жатыр. Ауданның бір жағын қойнауынан сансыз мөлдір бұлақтар сылдырап ағып жатқан Қалба жоталары бөктеріп жатыр. Ол Ертістің сол жағасынан басталып 100-200 шақырым кеңдікпен 300 шақырымдай жерге созылған. Алайда, батыс және Оңтүстік Алтаймен салыстыранда, оның биіктігі 1608 метрден аспайды. Қалба жоталары жалаңаш әрі тайпақтау болып келген жартастары гранитті тастан тұрады. Мыңдаған жылдардың жүзінде мүжіліп біткен гранит жартастардың беттері табиғат құбылыстарының салдарынан әртүрлі жан-жануарларды, скульптуралық бейнелерді көзге елестетеді. Қалба қойнауының кереметін сөзбен жеткізу қиын, оны көзбен көрген абзал.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. «География және табиғат» журналдары 1998 - 2012 жыл

  2. «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 1 том 1998 жыл

  3. Орта мектепте «Өлкетану» курсын оқытудың әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 44 б.

  4. «Ұлан таңы» Ұлан аудандық газеті

  5. «Қазақстанның физикалық географиясы» 8 сынып/ Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков. - Алматы: Атамұра, 2004.

  6. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» І, ІІ бөлім. 9 сынып/ В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Забенова. - Алматы: Атамұра, 2005.

10


© 2010-2022