Жер қыртысының қозғалыстары

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Геогрфия. 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жер қыртысының қозғалысы. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғат құбылыстары туралы, жер қыртысындағы қозғалыстар туралы түсінік беру. Жер қыртысының құрылысы жайында біліктілігін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс жасауына, білім- біліктілігін арттыруына бағдар беру. Тәрбиелік: Қызықты мәліметтер бере отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта - тірек сызбалар, сөзжұмбақтар
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, ой толғау әдісі.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.«Кім жылдам?» ойыны.
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны.
1. Жер қыртысының қозғалысы.
2. Жер сілкіну.
3. Статистикалық мәлімет.
4. Кескін картамен жұмыс.
5. Қорытынды.
Жердің әртүрлі бөлігінде нәтижесі өрт және түтінмен жалғасатын жан шошырлық қираулар мен адамдардың өліміне әкеліп соғатын қатты дүмпелер болып тұрады.
1. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі. Жер қыртысы ешқашан тыныш жатпайды: оның бір жағы көтерілсе, екінші жағы шөгеді. Ғалымдар картаға түсіру кезінде Солтүстік Америкамен Еуропаның Атлант мұхитымен жақын жағы жаппай көтеріліп, ал Еуропаның Жерорта теңізі аймағы шөгіп жатқанын аңғарған.
2. Тау жасалу қозғалысы. Тау түзілу жер бетінде жиі болатын құбылыс - Жер сілкінулерге апарып соғады.
Жер сілкіну. Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысымен жоғарғы мантияның кенет ығысуы, жерасты думпілерімен жер бетінің тербеле қозғалуы. Сейсмологтар (жер сілкінуді зерттейтін ғалымдар) соққы толқындар күшін сейсмометрмен өлшейді. Жер сілкінісі бір балдан он екі балға дейін жіктеледі. Рейфтер шкаласы арқылы анықталады.
БАЛЛ
1 - 2 - 3 - 4 Елеусіз әлсіз елеулі сілкінулер
5 - 6 Күшті сілкіну
7 - 8 Өте күшті қиратушы сілкінулер
9 - 10 Жойқын сілкіну
11 - 12 Апатты сілкіну
Сейсмикалық станциялар
1927жыл - Алматыда Обсерватория
1939ж - Шымкентте
1934ж - Семейде 1971 - 1996жыл
Жаңа сөздер
Сейсмология - жер сілкінісі, олардың ошақтары және толқындардың жер қойнауында таралуы туралы ғылым.
Цунами - жапонша (қойнаудағы үлкен су)- теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.
Тайфун - қытайша (тай фын - үлкен жел)- тынық мұхиттың Оңтүстік Шығыс Азия жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл.
Жер сілкіну ошағы - жердің терең қойнауындағы жер сілкіну пайда болатын жер.
Жер сілкіну кезіндегі табиғи апаттар
Жер сілкіну құбылыстары
Теңіз тасқыны Сел. Құйын. Дауыл. Су тасқыны. Цунами. Жартастың құлауы. Жер шарында екі ірі сейсмикалық белдеу бар: 1. Альпі- Гималай белдеуі; 2. Тынық мұхит белдеуі.
Пысықтау сұрақтары:
1. Жер сілкіну ошағы деп нені айтады?
2. Жер сілкінудің эпицентрі деп нені айтады?
3. Сейсмикалық аймақтар жершарында қанша белдеу түрінде таралған?
4. Жер қыртысы қозғалысының екінші түрі қалай аталады?
5. Сейсмология қандай ғылым?
Үйге тапсырма: §21. Аса күшті жер сілкінулер және оның зардаптары жайында хабарлама. Кескін картаға жер сілкіну ошақтарын салу.

© 2010-2022