• Преподавателю
  • География
  • Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебі





Педагогикалық оқу

Тақырыбы:

ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.





География пән мұғалімі: Уалиева Дина Серикбаевна





2014 - 2015 оқу жыл

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

География пәні мұғалімі: Уалиева Дина Серікбайқызы

Туған жылы: 17.12.1986ж

Бітірген оқу орны: Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік

Университеті

Мамандығы: География пәні мұғалімі

Жұмыс өтілім: 6 жыл.

Көкейтесті мәселем:

Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдер арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыстануға, шығармашылыққа баулу.

Мақсатым:

Оқушыларды өз бетімен білімді игеруге, берілген тапсырмаларды орындаудың тиімді жолын табу арқылы саналы түрде орындауға, оқулықпен, картамен өздігінен жұмыс істеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушыларды өз бетімен білімді игеруге, берілген тапсырмаларды орындаудың тиімді жолын табу арқылы саналы түрде орындауға, оқулықпен, картамен өздігінен жұмыс істеуге үйрету.



Жоспар



Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру ерекшеліктері.

  2. Оқу процесіндегі өзіндік жұмыстардың орны.

  3. География пәніндегі өзіндік жұмыстар

  4. Оқулықтың, картаның, сарамандық жұмыстың өзіндік жұмыс жасаудағы

тиімділігі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі







Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің

География пәні мұғалімі Д. Уалиеваның

«География сабақтарында оқушылардың

өз бетімен жұмыс жасауының ерекшеліктері

мен тиімділігі» тақырыбындағы жұмысына

Пікір

Уалиева Дина Серікбайқызы заман қажеттілігі талап етіп отырған білім біліктілікті, жаңашыл ойды тәжірибеде қолданып келе жатқан жас ұстаз. «География сабақатарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауының ерекшеліктері мен тиімділігі» тақырыбындағы жұмысында өзі жүргізген сабақтары, сабақтарында пайдаланған әдістері арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу, ізденушілік қабілеттерін, өз бетімен меңгеру, жұмыстану қабілеттерін дамытатын жұмыстары қамтылған. Тақырыбында өз тәжірибелік жұмысын ашып, оқушылармен жүргізілген жұмыстарын көрсете білді. Алдағы уақытта оқушылардың білімін тереңдету үшін, жаңашылдығын аша білу керек.

Әдістемелік кеңес.



























Кіріспе


Жеке тұлғаның ой - өрісінің дамуы, белсенділігінің артуы, білім алу қажеттілігін түсінуі, оны өмірлік іс тәжірибесінде қолдана білуі, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешу құралының бірі болып оқушылардың өздік жұмысы саналады.

Оқушылардың өздік жұмысы мен өздігінен білім алу мақсатына Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтар ерекше назар аударған. «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыруы үшін «балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру» - дейді А.Байтұрсынов оқушылардың өзіндік жұмысының мәні жайлы.

Өздік жұмыстарға арналған дидактикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерде белгілі тәжірибе жинақталған: Л.Н.Алексашкина, Б.П.Есипов, В.В.Давыдов, Н.Г.Дайри, М.А.Данилов, Г.М.Донской, П.И.Пидкасистый т.б еңбектерінде өздігінше жұмыстың функциясы, оған қойылатын талаптар, оның анықтамасы мен критерийлері қарастырылған.

Оқушылардың өздігінен жұмысы оқытудың ең басты компоненттерінің бірі. Ғылыми педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде бүгінгі күнге дейін біртұтас жалпы қабылданған өздік жұымысы туралы анықтама жоқ. Педагогикалық әдебиеттерде өздігінше орындалатын жұмысқа түрлі анықтама берілген: Р.М.Микельсон «мұғалімнің бақылауымен, оқушының ешкімнің көмегінсіз тапсырманы орындауы» деп түсіндіріледі.

Көптеген анықтамалардың ішінде Б.П.Есиповтың өзіндік жұмысына берген анықтамасында: «Оқыту үрдісіндегі өздік жұмысы дегеніміз - мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын тапсырмасын орындау; сондай - ақ сапалы түрде қойылған тапсырманың мақсатына жету үшін оқушының тырысуы, онда өзінің күші және ойлау нәтижесінің формаларын немесе физикалық іс - әрекетін пайдалануы» - дейді. Ғалым өз еңбектерінде өздік жұмысының мәнін, оқушының оқу қызметіндегі орнын ашып көрсетеді, өздігінше жұмыс оқытудың тиімділігін арттыруға, оқушының білім, білік, іскерліктерін меңгеруге, ойлау және еңбек ету қабілетін дамытуға көмектесетінін нақты айқындап береді.

Профессор Т.С.Сабыров өздік жұмысты ұйымдастырудың негізгі жолдары мен шарттарын анықтай отырып былай деп атап көрсетеді: «Оқушылардың өздігінен білім алуға деген қажеттер мен дағдылары өзінен - өзі пайда болмайды. Мұндай қасиеттер мектепте мұғалім мен оқушылардың сабақ пен сыныптан тыс жұмыстарда бірлесе отырып, оқу таным әрекетін ұйымдастыру үрдісінде қалыптасады. Оқушылардың дербес білім алу дағдылары, ең алдымен, мектепте олардың өздігінен істейтін жұмыстарын ұйымдастыруға дағдыландыруға тығыз байланысты. Жоғарыда айтылған оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу - оларды дербес білім алуға дайындайды, соған дағдыландырудың негізі болып табылады».

Көптеген педагог ғалымдар, әдіскер ғалымдар өз еңбектерінде өздігінше ұғымның мынадай белгілерін: мұғалім жағынан көмектің болмауы, оқушының жұмыстың мақсатын түсінуі, өзінің белсенділігі, жаңа білімді игеруі, меңгеруі немесе білімді шығармашылықпен қайта өңдеуі т.б. атап көрсеткен.

Географияны оқыту үрдісіндегі, география сабақтарындағы оқушылардың өздік жұмысының басты міндеті - шәкірттерге білім жүйесін меңгерту, берілген тапсырманың тиімді жолын табу арқылы орындау, жаңа білімді өздігінше меңгеру қабілеттілігін арттыру.

Сонымен , өздік жұмыстары мектептегі бүгіндей оқу пәнінің курстың тақырыптық, сабақтың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін толықтай жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Сөйтіп, оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары - білімді терең меңгеруге, біліктерін қалыптастыруға, шығармашылық іс - әрекетін дамытуға ерекше септігін тигізеді.

Өздігінше жұмысты атқаруға оқу үрдісі мен тәрбиелік міндеттерді ойдағыдай жүргізуге мұғалім мен оқушының өзара белсенді әрекетінің, мұғалімнің басқарушы рөлінің арқасында жетуі мүмкін. Өздігінше жұмыстың тағы бір маңызды міндеті - оқушыда жеке тұлға ретінде шығармашылық танымдық қызметін қалыптастыруы болып табылады.






Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру ерекшеліктері.

Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс-тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасайды.

Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағдайы басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу т.б.) қалыптасуына әсер етеді.

Өзіндік жұмысты берерде оқушының бастапқы білімі мен іскерлік деңгейіне, материалдық түсініктілігіне, бірізділігіне, пәннің мазмұнын қамтитындай дәрежеде берілуіне үлкен мән беремін. Оны орындау барысында мынадай саналылық, бірізділік, жүйелілік ұстанымдары қамтамасыз етілуі тиіс:

  • білімнің күрделілігі дамудың жақын аймағына (Л.Выгодский) сәйкестігі;

  • пәннің логикалық жүйесі мен игеру деңгейіне қарай тапсырманың бірізді берілуі;

  • тапсырманың көлемі оқушының оқу мүмкіндігіне сай болуы;

  • әрекет деңгейіне бейімделіп берілуі т.б.

Өзіндік жұмыс - оқу үрдісінің бір бөлігі, оқытудың әдісі, оқу-танымдық әрекеттің тәсілі, сипаты, бірізділігі, типі, тексеру формасы жоспарланған кешенді, мақсатты оқу әрекеті.

Өзіндік жұмысты басқарудағы мұғалімнің әрекеті:

  • жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;

  • білімі мен тәжірибесін беру;

  • әрекетті ұйымдастыру;

  • өзіндік жұмысты жоспалау;

  • өзіндік жұмысты тексеру формасын анықтау т.б.

Өзіндік жұмыстың нәтижелі болуы оны ұйымдастыра білумен тығыз байланысты.

Ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар:

  • өзіндік жұмысты жоспарлау, кесте түзу;

  • оған кететін уақытты анықтау;

  • оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;

  • техникалық құралдар даярлау;

Оқушылардың білімін нығайтуда әр оқушының өз бетімен жеке жұмыс жасауының тиімділігі мен жауапкершілігін арттыру үшін мынандай бағыттарды алдым.

  • Оқушының тапсырманы өз бетімен саналы түрде орындауы;

  • Берілген тапсырманы меңгеру үшін тиімді жолын табу;

  • Оқулықпен және қосымша әдебиетпен өздігінен жұмыс істеуге үйрету;

  • Оқушылардың орындаған тапсырмаларын үнемі қабдағалап, дұрыс бағыттау;

  • Тапсырманы дұрыс және тез орындау тәсілдерін көрсету, қосымша түсінік беру, өзін - өзі бағалауға үйрету;

Оқушылардың танымдық әрекетіне байланысты өзіндік жұмыстары бірнеше түрге бөлінеді:

  • Репродуктивті түрі өткен материалдың жаңа материалмен байланысын қажет ететін тапсырмалардан тұрады. Оқытудың бұл түрі әр түрлі жаттығулардан тұрады.

  • Танымдық іздену түріне проблемалық ситуацияға байланысты тапсырмалар жатады.

  • Танымдық - практикалық түріне кесте, схема, көрнекі құралдар арқылы жасалатын тапсырмалар, сарамандық жұмыстар, картамен тапсырмалар кіреді.

  • Шығармашылық түріне оқушылардың өздігінен іздену арқылы орындалатын тапсырмалар, қосымша әдебиеттерді қолдану, сөздікпен жұмыс жасау, номенклатурамен жұмыс жасау іс - әрекеттері кіреді.

Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, алдымен, екіге бөліп қарастыру керек.

  • Сабақта орындалатын өзіндік жұмыстар;

- Сабақтан тыс орындалатын өзіндік жұмыстар.

1) Сабақта орындалатын өзіндік жұмыстарға тақырыптық, тәжірибелік және зертханалық сабақтар кіреді.

2) Сабақтан тыс орындалатын өзіндік жұмыстарға оқу материалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, үй тапсырмасын орындау.

Оқу процесінде өз бетіндік жұмыстың орны.


Өз бетіндік жұмыстар жаңа материалды түсіндіру кезінде (сұрақтар, іздену үшін тапсырмалар), бекіту және қайталау (картамен жұмыс), білімдерін тексеру (мәтінмен жұмыс)кезінде орындалады. Өз бетіндік жұмыстарға қойылатын талаптар: оқушылар мүмкіндіктеріне сай келетін, алған білім, іскерлік, дағдыларын шығармашылықпен қолдануға бағытталған, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған болуы керек, өз бетіндік жұмыстар жүйесі біртіндеп қиындайтын болуы керек, түрлендіріп отыру керек және жұмыс тексеріліп бағалануы керек.

Өз бетіндік жұмыстар жалпы физикалық географиядан мысалы, Азия бөлігінің солтүстік мұзді мұхитына құятын өзендерінің басын Алтай тауынан алатындарын кескін картаға түсіру, сандық көрсеткіштері негізінде климат типтерін анықтау.

Оңтүстік Американың батыс бөлігінің климат ерекшеліктерін көрсету. Оқулық пен қосымша әдебиет, атлас карталары негізінде жеке елдерге сипаттама беру.

Жаңа материалды өту барысында әр түрлі мазмұндағы өзіндік жұмыстар жүргіздім.

А) Шығыс Еуропа жазығы климатының ерекшелігі

Ә) Топырақ пен климат негізінде өз өлкесінің ауыл шаруашылығының мамандалуы

Б) дамыған және дамушы елдердің экономикалық даму белгілері.

Өзіндік жұмыс - бұл мұғалімнің оқушыларға беретін тапсырмасы. Өзіндік жұмыстың негізгі міндеті - бұл оқушылардың өздерінің жаңа білімдерін игеруі. География курсында оқушылар өзіндік жұмыс арқылы - жаңа білімдер жинақтайды, картаны оқиды және мәліметтерге сараптама береді.

6-сыныптың физикалық географиясы курсында оқушылар негізгі географиялық терминдерді үйренеді. Оқушылар өзіндік жұмыс арқылы терминдік сөздерді жаттайды. Мысалы, оқулықтың суреті арқылы көсетілген объектілердің, процестердің ерекшеліктерін түсінеді.

Оқушылар курс бойынша бірте-бірте жеке объектілерден жоспарлы объектілерге өтеді. Мысалы, алғашқы кезде Анд тауының географиялық орнын анықтаса, уақыт өте келе, оның табиғаты мен құбылыстарына сипаттама береді.

География пәніндегі өзіндік жұмыстар.


География сабақтарында оқушылардың таным белсенділігін арттыруға мүмкіндіктер мол. Себебі, бұл ғылымдар табиғат, туған өлке, туған жер, адамзат дамуымен тығыз байланыста болады.

Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі - өзіндік жұмыс жүйесін ұйымдастыру. Өзіндік жұмыстың мақсаты - географиялық білімді меңгерту ғана емес, оқушының өз ой-пікірін жүйелеп ұсынуға баулу, өз ізденісіне жол ашып, танымдық көзқарасын арттыру.

Қазақстанның физикалық географиясында «Қазақстанның табиғат зоналары» тақырыбының 1-сағатын қайталау сабағына арнап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне бөлдім.

Сабақты түрлендіріп, табиғат зоналары тақырыбынан алған білімдерінен қорытындылап, олардың ата мекенге, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен біліктіліктерін дамыту мақсатында халық педагогикасына негізделген бұл сайыс сабағында оқушыладың өзіндік жұмысын ұйымдастырдым.

Тақтаға: «Табиғатым-тағдырым», «Табиғаттың тарылтпайық, тынысын, Аәк табиғат жүректің ән-жырысың», «Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз», Жер бетінің ажары ол - сәніміз», «Табиғат - біздің үйіміз» деген нақыл сөздер жазылды.

Қазақстанның табиғат зоналарын 3 бөлікке бөліп, осыны оқушылардың есінде сақтау мақсатында 3 түске (қызыл, сары, көк,) боялып жасалған киіз үй макетін көрнекілік ретінде қолдандым. 3 түрлі конвертпен әр бөлікке байланысты сұрақтар жазылған карточкалар қойылды.

1-конверт.Орманды дала зонасының координатын анықтап, территорияны картадан көрсетіңіз және топырағын атаңыз?

2-конверт.

Дала зонасының координатын анықтап, территорияны картадан көрсетіп, жануарларын атаңыз?

3-конверт.

Шөлейт зонасының координатын анықтап, картадан көрсетіңіз және территориядағы облыстарды атаңыз?

Сабақтың екінші бөлімінде оқушылар өз беттерімен сарамандық жұмыстар орындады. 3-топқа түрлі сарамандық жұмыстар берілді.

1-сарамандық жұмыс. (Орманды дала зонасы)

(кестені толтырыңыз)

Өсімдік

Жануары

Облыстары


2-сарамандық жұмыс. (Дала зонасы)

(Кестені сұрақтарға сәйкес толтыр)

Реті

Сұрақтар

Жауаптары

1

Климатының сипаты

2

Өзендері мен алаптары

3

Топырағы мен өсімдігі

4

Қазіргі таңдағы шаруашылығы


3-сарамандық жұмыс. (Шөлейт зонасы)

(Иә, жоқ белгісі арқылы анықтаңыз)

Шөлдің түрлері

Климаты

Өсімдік, жануары





Сабақтың үшінші бөлімінде «ТАБИҒАТ» сөзжұмбағын шештірдім.

Шөлдің түрі (тасты)

Шөл жануары (ақбөкен)

С.Қазақстандағы жазық (Б.Сібір)

Шөлейт өсімдігі (изен)

Пайдалы қазба (ғаныш)

Даланың өсімдігі (атқонақ)

Солтүстік өзені (Тобыл)

Т.........

А.........

Б............

И...........

Ғ............

А............

Т.........

Сабақтың төртінші бөлімінде мақал-мәтелдер жарысы.

Орманды дала зонасы «Жер туралы»

«Жері байдың - елі бай», Жер-ырыстың кіндігі«, «Жер-байлықтың көзі».

Дала зонасы: «Су туралы»

«Су бар жерде өмір бар», «Су-дүниенің басы», «Сулы жер - нулы жер», «Су анасы - бұлақ».

Шөлейт зонасы: «Аң мен құс туралы»

«Көк құрақ-көлдің сәулеті, құс пен аң - елдің дәулеті», «»Қаз ұшып кетсе-көлді үйрек жағалар, «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл».

Шөл зонасы: «Табиғат туралы»

«Күте білсең - жер жомарт», «Қара жер қарыз арқаламайд», «Таза ауа ас емес, астан бірақ пәс емес».

Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағаладым.

Бұл сабақтың нәтижесінде оқушылар алған білімдерін әрі - қарай жетілдірді. Тапсырмаларды өз беттерімен орындау арқылы ой - өрістері, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артты. Оқушылар бір - бірімен жарыса оқыды.

Оқушылардың экологияға, Отанына, туған жерге ата мекеніне деген сүйіспеншілік қасиеттері артты.

Оқушы өз бетімен орындайтын тапсырмалардың бірі тақырыптық тесттер. Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін бекіту барысында әрбір сыныптарда қолданамын. Мысалы: 9 сыныптағы «Түсті металлуаргия» тақырыбын бекіту мақсатында тест тапсырмасын орындаттым. (1 - қосымша)

10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы. Сыныпта 16 оқушы. Нәтижесі:

«5» - 4 «4» - 7 «3» - 5

Бұл тест тапсырмасы арқылы оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерінің нәтижесін көрінді.

8 сыныпта 5 сұрақтан тұратын үй тапсырмасын еске түсіру бағытында тест тапсырмасын бердім. Сыныпта 14 оқушы. Тест қорытындысы 5 сұраққа түгел жауап бергендер 6 оқушы, қалған оқушылар 4 сұраққа дұрыс жауап берді.

Тест тапсырмаларын әр сыныптарда тақырыпты бекіту, тарауды бекіту, үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында оқушыларға өз бетімен орындау беремін.

Өзбеттік жұмыстың тағы бір көрініс ретінде 8 сыныптың «Қазақстанның топырағы» тақырыбында өткізілген сабағым

ІІ. Үй тапсырмасын сұрай отырып,жаңа сабаққа көшу.

Жұмыстың түрлері:

а) оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттарын тексеру.

ә ) тест жұмысы (1- қосымша)

б) Сөзжұмбақ шешу

1. Қазақстанның ең ұзын өзені.

2.Арал теңізі алабының өзені

3.Іле өзеніндегі бөген

4.Жер асты суы мол жер

5.Тұран Тақтасында орналасқан теңіз

6.Шипалы әсері бар минералды су

7.Іле өзені құятын көл.

Т

О

П

Ы

Р

А

Қ









ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақстанның топырағы

1. Мәтінмен жұмыс

а)Топырақ типтері.

б)Сортаңдар.

в)Топырақ және жер ресурстары.

г)Топ оқулықпен жұмыс жасап, мына сызбаға сәйкес жауап іздейді. Ол үшін топ жетекшілері өздеріне тапсырма суырады .

Климаттың әсері Тірі организмдердің әсері

Топырақ құрушы фактор

Адамның әсері Жер бедерінің әсері

Әр топта жұппен талдап, сосын топтасып бір спикер түсіндіреді.Қажет болған жағдайда басқа топ мүшелері көмектеседі.

ІҮ Бекіту.1. Венн диаграммасын толтыру тапсырылады.

Құрылымды Құрылымы жоқ

2.Қазақстанның топырақ түрлерімен таныстыру үшін қосымща әдебиеттерді, суреттерді пайдаланып, шаруашылық маңызын айтады. Атласты пайдалану арқылы оқушыларға өлкеміздің топырағын анықтауға тапсырма беріледі.

3.Өлкеміздің топырағын, оның түрлерін, таралуын түсіндіру үшін оқушыларға берілген шығармашылық жұмыстар тыңдалады.

Ү. Қорытынды

4 топқа СТО-дың "бір тақырыпқа әр түрлі жазу" стратегиясы бойынша тапсырмалар беріледі.

1-топ.Туған өлке тақырыбына 5 минуттық эссе жазу.

2-топ.Топырақ сөзіне 5 жолдық өлең құрастыру.

3-топ.Кескін картаға Батыс Қазақстан облысының топырақ белдемін түсіру.

4-топ. Топырақ қабаттарын түсіру (2 - қосымша)

Белгіленген уақыт ішінде әр топ өз жұмыстарын өз қиялдарымен әр түрлі пішінде көркемдеп, тақтаның белгіленген жеріне іліп, талдайды.

Бұл сабақта оқушылар өз беттерімен жаңа сабақты оқулық мәтінін, қосымша ақпараттарды пайдалану арқылы меңгеріп, тақырып бойынша өз беттерімен тапсырмаларды орындады. Сабақтың соңында оқушылар өз - өздерін бағалады, топтар бағаланды.

Оқулықтың, картаның, сарамандық жұмыстың өзіндік жұмыс жасаудағы тиімділігі.

Оқулықпен жұмыс.

Кітап - білім көзі. География оқулықтары мен қосымша әдебиеттерді пайдаланудың маңызы өте зор.

География оқулығы - оқушылардың білімі мен тәрбиесін жетілдіруде басты құралдардың бірі. Оқулық - географиядан берілетін білімнің бағдарлама талабына сай көлемін және жүйесін анықтайды, сондықтан ол мұғалімге және оқушыларға әрдайым оқып үйрену үшін қажет. Материалдың оқулықта қалай берілгеніне қарай оқушылар игеретін білім деңгейі де күрделене түседі.

География оқулығының басты бір ерекшелігі, текстік құрам бөліктен (компоненттен) басқа карталар, суреттер, фотосуреттер, сызбанұсқа, кестелерден тұрады. Осындай құрам бөліктерді қосымша қолданған кезде ғана жұмыс табысты болмақ.

Оқулықпен жұмыс істеу әдісінің көп бөлігі 5-6 сынптардың курсына кіреді, мұнда оқушылар осы әдістермен танысады, олардың өздігінен жұмыс істеуі жоғары 7-9 сыныптарда басталады.

Оқулықпен жұмыс жасаудың тәсілдері: а) мәтінмен жұмыс, ә) сұрақтар мен тапсырмалар мен жұмыс, б) иллюстрациялармен жұмыс, в)сандық материалдармен жұмыс.

География оқулықтары мәтіндерінің ерекшеліктері:

  1. География картамен байланыстылығы.

  2. Географиялық білімдердің олардың көрнекі бейнесін елестетуі.

  3. Географиялық атаулар мен сандық материалдың көптігі.

Мұғалімнің міндеті - оқулықпен таныстыру, оқулықпен өз бетінше жұмыс жасау жолдарын көрсету.

Оқулық мәтінімен оқушылар өз бетімен саналы түрде жұмыс жасау тәсілі.

Оқулықтың белгілі бір тақырыбы бойынша жоспар немесе конспект жасау, оқулық мәтінімен өздігінше оқып танысады. Оқушыларға тапсырманы қалай орындау керектігі жөнінде нұсқау беремін. Мысалы: 11 сыныптағы Франция тақырыбын алатын болсақ, сынып оқушыларын әр түрлі әдіс арқылы үш топқа бөліп, тапсырма бердім.

І топ Францияның экономикалық - географиялық жағдайы

ІІ топ Францияның табиғат жағдайы, табиғат ресурстары

ІІІ топ Францияның халқы, шаруашылығы

9 сыныпта Түсті металлургия тақырыбында тақырыпты өздігінен меңгеру мақсатында оқушыларды үш топқа бөліп мәтіндегі тақырыпшаларды бөліп бердім.

Оқушылар мәтінді пайдаланыоп өз бетімен жаңа сабақтың тақырыбын түсініп алды, бірі - біріне топтар түсіндірді.

Оқулық мәтінін пайдалана отырып оқушылыр өз бетімен «сәйкесін тап» кестесін тылтырттым. Мысалы 8 сыныптағы Қорықтар тақырыбы бойынша қорықтардың ерекшеліктерін білу, қорықтарды есте сақтау барысында кесте толтырту арқылы оқушылар өз бетімен жұмыс жасады. ( 3- қосымша)

Өз бетімен жұмыстануға оқушыларға кесте толтыру тапсырмаларын беремін.

  • Дунай мен Меконг өзендеріне салыстырмалы түрде сипаттама беру.

(4-қосымша)

Венн кестесін толтыру

  • с.е 40 градус бойынша табиғат аймақтарын салыстыру.

(5- қосымша)

Оқулықтағы тапсырма, сұрақтармен жұмыс.

Оқулықтаға сұрақтар мен тапсырмаларды өз бетімен орындау арқылы оқушылар географиялық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек ұғынады. Мұндай тапсырмаларды оқушыларға өз бетімен орындауға үй тапсырмасы ретінде беремін. Табиғат құбылыстарын зерттеу, бақылау жүргізуге арналған сұрақтар арқылы оқушылар өз бетімен бақылау жасауға дағдыланады.

Оқулықтағы иллюстративтік материалдармен жұмыс .Текстілік карталармен жұмыс, суреттермен жұмыс, схема, картосхемалармен жұмыс

Сандық көрсеткіш жұмыс. Сандық материалдар географиялық оқулықтарда негізгі географиялық нысандар бойынша беріледі.

5 - 6 сыныптарда температура графиктерін тұрғызу, 7-8 сыныптарда температуар, жауын - шашын, өзен теңіз, тау туралы, 9 сыныпта экономикалық, халық шаруашылық құрылымы, жол қатынасы, жүк тасымалы, 10 сыныпта сыртқа экономикалық байланыстар пайдалы қазбалар т.б сандық көрсеткіштер арқылы оқушылар өз бетімен жұмыстанады.

Оқулықпен өз бетінше үйде жұмыстану, әзір жауабы жоқ ойлауды, пайымдауды қажет ететін сұрақтар мен тапсырма түрінде беремін. Кескін картаны пайдалынып жұмыс жасау.

Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау, рефераттар жазу, шығармашылық жұмыстар орындауда, кезекші карталармен жұмыс.

5-сыныпта география сабағында оқушылар термин сөздіктермен танысады. Бұл - жұмыстың жауапты кезеңі. Сондықтан 5-сынып деңгейіндегі жұмыстың бұл түрі аса маңызды. Терминдер сөздігіне аса көңіл бөлу керек, егер таныс емес, жаңа термин кездессе, сөздіктің көмегімен анықтап алуына болады.

5-сынып оқушылары бастауыш физикалық география курсын оқу үрдісінде география оқулығымен жұмыс істеу ерекшеліктерімен қатар оның барлық құрам бөліктерін қолдану қажеттілігін географиялық карталармен байланысты біліп шығады.

Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыстар оқушылардың өз бетімен орындауына мүмкіндік береді.

Сарамандық жұмыстардың мақсаты - пәнге байланысты іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, картамен жұмыс жасау дағдысы, бақылау жасау, ауа райын бақылау құралдарымен жұмыс, «План және карта» тақырыбын өткенде қышықтықты өлшеу т.б.

Сарамандық жұмыстың мақсаты. Белгілі бір іскерлік пен дағдыны алу, бекіту. Практикалық жұмыстарды орындау тәсілін меңгергеннен кейін сарамандық жұмыстар өз бетіндік жұмысқа айналады. Практикалық жұмыстар оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға байланысты болса, өз бетіндік жұмысқа жаңа жағдайда қолдануға қажетті жаңа білімдерді меңгерту.

Сарамандық жұмыстың өткізілу тәсілдері.

  1. Сарамандық жұмыстар міндетті түрде теориялық материалды өткеннен соң жүргізіледі. Сарамандық жұмыс түрлері: а) ауа райына бақылау жасау, (6 қосымша). ә) өлшеу түрлері, б) жолды планға түсіру, в) карта түрлерімен жұмыс, г) статистикалық - экономикалық материалдармен жұмыс.

Сарамандық жұмыстар кескін картамен орындалады. Сарамандық жұмыстар орындау барысында нұсқау беремін, орындау үлгісін көрсетемін. Сарамандық жұмыстарды : жаттығу, беркіту, тексеру түрінде жүргіземін.

8 сыныптағы сарамандық жұмыс

№2 Жергілікті және белдеулік уақытты анықта.
Сабақтың мақсаты: Дүние жүзінің және Қазақстанның картасын пайдалана отырып белдеулік және жергілікті уақытты анықтауға арналған есептерді шығара отырып белдеулік уақытты анықтаудың жалпы және арнайы іскерлік дағдыларын қалыптастыру
Оқыту құралдары: Дүние жүзінің және Қазақстанның картасы. Глобус

І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
Шығарылуы:
Екі нүктенің арасындағы уақыт айырмасын білу үшін кез келген екі нүктенің орналасқанн бойлықтарын градус есебімен арақашықтығын 4мин көбейтіп, 60 мин - қа болса екі нүктенің арасындағы уақыт айырмасы шығады. Ескерту: егер нүктелер батыс және шығыс бойлықтарда орналасса градустарын бір - біріне қосады. Бір бойлықта орналасса бір - бірінен аласың.
1. 77ᵒ ш.б орналасқан Алматы қаласында 16 сағат болғанда 74ᵒб. б орналасқан Нью - Иоркте сағат неше болады?
(Ж: 74+77х4: 60= 10сағ 16 - 10 =6 ) Жауабы: Алматыда сағат 16. 00 болғанда, Нью - Иоркте таңғы сағат 6. 00 болады.
2. 77ᵒ ш.б орналасқан Алматы қаласында 10 қыркүйек таңғы сағат 8. 00 болғанда 117ᵒ. б. б. Сан - Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?
(77+117х4: 60 =13 - 8= 5 сағ. 24 - 5=19. 00) Жауабы: Алматыда 10қыркүйекте таңғы сағат 8. 00 болғанда, Сан - Диегода 9 қыркүйекте 19. 00 сағат болады
3. Оқулықтың 12бетіндегі картаны пайдаланып Алматыдан таңғы сағат 9 - да ұшып шыққан ұшақ 3сағаттан соң 2 - ші сағаттық белдеуде орналасқан Мәскеуге, 4 сағаттан соң 1 - ші сағаттық белдеуде орналасқан Берлинге қонды. Ұшақ қонған кездегі Мәскеудегі және Берлиндегі жергілікті уақытты анықта.
Жауабы: 9+3 =12 - 3= 9; 9+4 =13 - 4 =9
Сарамандық жұмыс
3. Оқулықтың 12бетіндегі картаны пайдаланып Алматыдан таңғы сағат 9 - да ұшып шыққан ұшақ 3сағаттан соң 2 - ші сағаттық белдеуде орналасқан Мәскеуге, 4 сағаттан соң 1 - ші сағаттық белдеуде орналасқан Берлинге қонды. Ұшақ қонған кездегі Мәскеудегі және Берлиндегі жергілікті уақытты анықта.

2 150гр. ш. б. меридиандағы жергілікті уақыт қанша болады, егер дәл осы уақытта 30гр. ш. б. меридианында сағат 8. 00
3. 16 беттегі 3 сұрақ
4. Жер беті ___сағаттық белдеуге бөлінген. Күн 1сағатта ___ градусты бойлайды. ҚР -______ сағаттық белдеулерде жатыр
5. Жергілікті уақыт дегеніміз не?
6. 77ᵒ ш.б орналасқан Алматы қаласында 10 қыркүйек таңғы сағат 8. 00 болғанда 117ᵒ. б. б. Сан - Диего қаласында қай күннің қай уақыты болады?
7. Егер Анадырда 22сағат болса Астананың белдеулік уақыты қанша болады?
8. Дата ауыстыру сызығы ____ бойлықта, ___ сағаттық белдеуде жүргізілген. Осы сызықтан _______ қарай жаңа дата басталады.

Сабақ соңында оқушылардың жұмыстары тексерілді. Қорытындысында, оқушылар жергілікті жердегі уақытты анықтауды өз беттерімен есептеу арқылы шығарып үйренді. Оқушылар бағаланды.

Картамен жұмыс

Географиялық карталар география сабақтарында көрнекі құрал ретінде үнемі қолданылып отырады. Географ Н.Н.Баранский «карта - мәтінмен салыстырғанда оқушының қабылдауына әлде қайда жеңіл географияның екінші «тілі» деп айтқан болатын. Картада жер бетіндегі географиялық орналасу жағдайы көрнекті түрде бейнеленеді. География сабақтарында оқушылар географиялық нысандарды картадан тауып, олардың географиялық орнын , көлемін, түрін, бағытын, қашықтығын көзбен анықтауға үйренеді. Карта бойынша жұмыс жасау оқушының географиялық білімдерді меңгеруін , есте сақтауларын жеңілдетеді, ақыл - ойын, ойлау қабілетін дамытады. Географиялық карталар оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылықтарын арттырудың, өз бетімен жұмыс жасауға үйренудің, география пәнін өмірмен байланыстырудың тиімді құралы. Географиялық карталармен жұмыс жасаудың педагогикалық мақсаттары:

  1. Оқушылардыкартаны түсінуге үйрету.

  2. Картаны оқуға үйрету.

  3. Картаны білуге үйрету.

Картаны түсінуге үйрету: масштабын анықтау, карта бойынша азимут бағытты айыра білу, шартты белгілермен жұмыс, географиялық ендік, бойлықтарды табу т.б. түсінуге үйрету.

Картаны оқуға үйрету: а) қарапайым оқу. Орталық Африка.т.б

ә) күрделі оқу. Орал тауы солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр т.б.

б) карта арқылы белгілі бір аймақ, ел туралы қорытынды жасай білу, сипаттама беру, салыстыру, ұқсастығын табу т.б.

Картаны білуге үйрету: Географиялық нысандарды көрсеткішпен дұрыс көрсету. Бағдарлау жүйесінің қалыптастырылуы.

Оқушылар өзен, көл, елдердің т.б. номенклатурасын жаттауда карта арқылы өз бетімен жұмыс жасайды.

Географиялық оқу атластары арқылы оқушылар сарамандық жұмыстарды, үй тапсырмаларын, әр түрлі тақырыпқа сай тапсырмаларды өз бетімен орындауға мүмкіндік бар.

Кескін карталармен жұмыс. 6 - 7 сыныптардағы сарамандық жұмыстардың көпшілігі кескін картамен жүргізіледі. Оқушылар кескін картаны картамен салыстырып жұмыс жасауға дағдыланады, кескін картамен жұмыс жасау тәртібін меңгереді.

Кескін картамен жұмыс жасау тәртібі:

  • Жұмыстың аты кескін картаның сол бөлігіндегі жоғарғы жағына жазылады. Оң жағына оқушының фамилиясы.

  • Атластан керекті нысанды табу, бағдарларын пайдаланып (градус, өзен торы) кескін картаны табу.

  • Атластағы жазулар үлгісіне сәйкес кескін карта бетіне географиялық нысандардың аттарын жазу.

  • Кескін картаға түсірілген белгілерді, сызықтарды, олардың бояу, түстерін легендада көрсету.

  • Жазуларды бояп болған соң жазу.

  • Кескін карта арқылы 1 жұмысты сыныпта орындатып, талдау жасау.

Мысалы: 8 сыныпта Қазақстанның қорықтары тақырыбында қорықтарды кескін картаға бейнелеу. «Қазақстанның топырағы» (7 қосымша)

Менің сөз соңында айтарым, әрбір география пәнінен сабақ беретін мұғалім жаңа сабақты ауызша әңгімелеп немесе баяндау берумен шектелмей, карта оқыту арқылы жүргізсе оқушының қызығушылық, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау қабілеттері жетіле түсері анық.

Оқушылармен жүргізілген әр түрлі өз беттік жұмыстар нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артты, өз бетімен ізденуге, жұмыстануға дағдыланды. Картаны түсініп, оқып, білуге деген қызығушылықтары арта түсті. Өзіндік жұмыстар оқушылардың тәрбиелік жағдайына да әсер етті. Оқушылардың жеке басының қасиеттерінің, яғни мақсат қоюшылық, ізденушілік, сөйлеу, ойлау, қызығушылық қабілеттерінің қалыптасуына әсер етті.

Оқушылар өз бетімен география пәнінен өткізілетін Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, сертификаттар иеленді. Сыныптан тыс білім сайыстарында өз білімдерін көрсетті. Мектепішілік, аудандық олимпиадаларға қатысты. Аудандық олимпиададан 11 сынып оқушысы Жақыпова Жанар Алғыс хатқа ие болды.



Қорытынды


Қорыта келгенде, өзіндік жұмыс - тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да өзіндік жұмыс оқушылардың білімін жетілдірудің негізгі бір тиімді жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығуды туғызуға, таным үрдісінің әдіс-тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеу мәдениетін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және ғылыми жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасайды.

Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағдай басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қоюшылық, ізденушілік, қызығу т.б.) қалыптасуына әсер етеді.

Өзіндік жұмысты берерде мен оқушының бастапқы білімі мен іскерлік деңгейіне, материалдық түсініктілігіне, бірізділігіне, пәннің мазмұнын қамтитындай дәрежеде берілуіне үлкен мән бердім.

Өзіндік жұмыс - кәсіби біліктілік көзі. Өзіндік жұмыс дегеніміз - мұғалімнің тапсырмасы оның әдістемелік жетекшілігімен, бірақ қатысынсыз орындалатын оқушылардың жоспарлы жұмыстары. Өзіндік жұмыс - тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену.

Қорыта келгенде, оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын үнемі және дұрыс ұйымдастырып отыру олардың жауапкершілігін, пәнге қызығушылығын арттырып, практикада қолдануына пайдасын тигізеді.





Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан Республикасының Білім заңы


  1. А.Байтұрсынов «Тіл ғылымы» - Алматы 1992


  1. Р.Я.Микельсон «О самостоятельной работе в процессе обучения» - М., 1940

  2. Есипов Б.П «Самостоятельная работа учащихся на уроке». - М., 1961


  1. Сабыров Т.С «Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімдерді даярлаудың теориялық негіздері» - Алматы.1996.


  1. Б.Асубаев, Г.Сүлейменова, К.Ысқақова, С.Көбенқұлова «Қазақстанның физикалық географиясы» /Оқыту әдістемесі/ А., 2004 ж.


  1. К.Қожахметова «Ұлттық мектеп қандай болу керек?» /Қазақстан мектебі 2000 №7, 68-бет/


  1. «Биология, география және химия» №4, 2001 жыл 3-бет


  1. Н.Қабылханова «Өздік жұмыстың бір түрі» /Биология, география және химия/ 1999, №6, 32-бет


  1. «География және оқыту әдістемесі» Е.Қаженбаев.

11. «География және табиғат» №5 2014жыл.

12. Қосымша ақпарат көздері.




1- қосымша

9 сыныптың «Түсті металлургия» тақырыбы бойынша тест тапсырмалары

1.Қара металлургияның шикізаты

а) мыс ә) қалайы б) темір в) алюминий

2. Темір кен орындары

а) Лисаков ә) Соколов - Сарыбай б) Қашар в) барлығы

3. Ауыр түсті металдар

а) қалайы, қорғасын, титан ә) мырыш, никель, магний

б) қалайы, мырыш, мыс в) титан, магний, алюминий

4. Қай жылы Алтайда (Томск уезінде) қорғасын мен мырыштың бар екендігі анықталды.

а) 1717ж ә)1771 б)1817 в)1917

5. Ауыр түсті металдар балқытатын зауыттар.

а) шикізатқа ә) темір жолға б) ғылыми орталықтарға в)машина жасауға

6. Дүние жүзінде қанша түсті метал балқытылады.

а) 50- ден астам ә) 70- тен астам б) 80 -нен астам в) 60 -тан астам

7. Қазақстан қай елге титанды экспорттайды

а) Ресей ә) Италия б) АҚШ в) Қытай

8. Қазақстан мыс қоры бойынша әлемде

а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4

9.Николаев кенішінен 1 тонна қорғасын алу үшін қанша тонна кенді өңдеу қажет. а) 100 ә) 200 б) 300 в) 400

10. Мыс + Қалайы = а) жез ә) қола б)мильхиор в) дюралюминий

Дұрыс жауаптары:

1.б 2.в 3.б 4.а 5.а 6.ә 7.б 8.в 9.ә 10.ә

8 сынып Қазақстан өзендері

1. Қазақстан астанасы орналасқан өзен:

а) Жайық б ) Есіл ә ) Ертіс

2. Рахманов бұлағы қайда орналасқан?

а) Алтайда б ) Қаратауда ә) Іле Алатауында

3Есіл өзеніндегі судың ең төмен кезі

А) жазда б) күзде ә) қыста

4. Солтүстік Мұзды мұхитының алабына жататын өзен.

а) Ертіс б) Іле ә ) Жайық

5. Қазақстандағы жер асты суының мол қоры:

А) Каспий маңы ойпаты ә) Мойынқұм б ) Шығыс Қазақстан


4- қосымша

Топырақ қабаттарын жазу

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

3- қосымша

«Сәйкесін тап» кестесі

8 сыныптың «Қорықтар» тықырыбы бойынша қорықтардың ерекшеліктерін табу.

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

8 сыныптың «Қазақстан топырағы»

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

4 - қосымша

Кесте толтыру

Дунай мен Меконг өзендеріне өзбетінше картаны пайдалану арқылы сипаттама беру.



Жоспары

Дунай

Меконг

1.Өзеннің географиялық орны

а) құрлықтың қай бөлігінде орналасқан.

ә) бастауы, ағыс бағыты, сағасы, ұзындығы

б) қай мұхит айлағына жатады

2. Ағыстың жер бедеріне байланыстылығы.

3. Өзеннің шаруашылықта пайдаланылуы.



5- қосымша


Венн кестесін толтыру



с.е 40 градус бойынша табиғат аймақтарын салыстыру.


Еуразия

Солтүстік Америка

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары






6 - қосымша

Ауа райының бақылау күнделігі

Бақылау орны

(мекенжай)

Бақылау мерзімі:

_______жылы,______айы


Күні

Сағаты

Ауа t

Жел

Бұлттылық

Жауын - шашын

Ерекше құбылыстар

бағыты

жылдам-дығы

м/с

түрі

мөлшері




















7- қосымша

Кескін картаға қорықтарды белгілеу.

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.


Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.

Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.


Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.



Педагогическое чтения на тему ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІ.



© 2010-2022