География Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «гидросфера» жайлы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру; Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру, теорияны  практикамен ұштастыра білу дағдыларын қалыптастыру; Оқушыларға суды қорғау, оның адам өміріндегі маңызын айта отырып, күнделікті өмірде тиімді пайдалануға үйрету. Жалпы сабақ барысында пайдаланылаты...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы 6

Тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «гидросфера» жайлы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру;

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру, теорияны практикамен ұштастыра білу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Оқушыларға суды қорғау, оның адам өміріндегі маңызын айта отырып, күнделікті өмірде тиімді пайдалануға үйрету.

Көрнекілігі: Глобус, кесте-плакаттар, суреттер

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдісі: баяндау, зерттеу, жинақтау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, СТО технологиясы

Пән аралық байланыс: биология

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасып

  • сабаққа дайындыған қадағалау

  • кезекші есебін тыңдау

  • топтарға бөлу

ІІ Ой қозғау

А) Өткен тақырыптар негізінде бірнеше сұрақтары бар кеспе-қағаздар тарату және ауызша талдау

  • Жазықтар дегеніміз не? Олардың түрлері

  • Таулар дегеніміз не? Олардың түрлері

  • Литосфера туралы түсініктеріңіз

Ә) «Литосфера» сөзін топтастыру

География Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы


ЛГеография Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымыГеография Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымыитосфера

География Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы

Б) Сәйкестендіру

АГеография Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымыГеография Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымытмосфера Тас қабаты

ЛГеография Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымыитосфера Су қабығы

ГГеография Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымыидросфера Тіршілік қабаты

Биосфера Ауа қабаты

В) Үйден орындап келген «Табиғатты қорғау» тақырыбындағы эссе, өлеңдерін оқыту

ІІІ Қызығушылықты ояту

Судың үш күйіне тәжірибе жасап, сұралады:

- Ал балалар, бұдан не байқадыңыздар?

Бұл тәжірибеде судың үш күйі анықталады.

ІҮ Мағынаны тану

Біздің ғаламшарымыздың басым бөлігін су алып жатыр. Жердегі жалпы су мөлшері өте үлкен,

1,4 млрд км, әрбір адамға 200 млн м су келеді, бірақ оның 97,5% тұзды екенін естен шығармау керек,

1,7% мұздықтар мен тұрақты қарлар, 1,7% жер асты сулары, 0,06% өзен, көл, батпақ, атмосферадағы

су болып табылады. Тұщы судың үлесіне 2,5% тиеді.

Су тұрмыста және ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады. Судың бірінші қасиеті: су - тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды баяу береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал жазда салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және алып өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды ерітеді.

Дүниежүзіндегі ең терең, ең үлкен мұхит - Тынық мұхиты. Оның терең жері Мариан шұңғымасы деп аталады. Тереңдігі 1022 м.

Ү Сергіту сәті

Жұмбақатар жасырылады

Тұрғанымен жырақ өзі

Таусылмайтын шырақ көзі (Күн)

Күн мен түннің кеңдігін

Жер шарының ендігін

Бөліп тұр әне тепе-тең

Жұмыр жердің белдігі (Экватор)

Үш жүз алпыс және алты құсы бар

Кезегімен бір-бірлеп ол ұшырар (жыл немесе календарь)

ҮІ Ой толғаныс

А) «Сандар сөйлейді» тапсырмасын орындау

1022 м Тынық мұхитындағы Мариан шұңғымасының тереңдігі

9 Еліміздің Дүниежүзінде жер көлемі бойынша алатын орны

2724,9 мың км² Қазақстан Республикасының жер көлемі

Ә) Географиялық диктантты оқулықты пайдалана отырып орындау

ҮІІ «Рефлексия»

- Айтыңдаршы , сабақта сендерге не қызық болды,не ұнады?Нені жақсарту қажет деп ойлайсыңдар? Стикерлерге сабақтан алған әсерлері бойынша «2 жұлдыз, бір тілек» арқылы рефлексия жасайды. Рефлексияға арналған плакат және стикерлер = екі ұнаған нәрсе; - жақсартуды қажет ететін нәрсе.

ҮІІІ Үйге тапсырма:

  1. "Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы" тақырыбын оқу.

  2. "Дүниежүзілік су айналымының жергілікті жердің экологиялық жағдайына әсері" атты қосымша материалдар дайындау



© 2010-2022