Орталық және Шығыс Азия елдері

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан Облысы Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Орталық және Шығыс Азия елдері»





География пәні мұғалімі: Смағұлова Ақгүл Қажмұханқызы










Өскемен қаласы

ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН САБАҒЫ

Смағұлова Ақгүл Қажмұханқызы



Шығыс Қазақстан Облысы Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі

Орталық және Шығыс Азия елдері

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын істі тындырар күшің бар да.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алға қойған мақсатың, ісің бар да!

Қазіргі уақытта елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңа үлгілері келуде. Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді қолдану үшін әр мұғалім өз пәніне сүйіспеншілікпен қарап, ерінбей еңбек етіп, қазіргі заман талабына сәйкес білім сапасын көтеруге күш салуы тиіс деп ойлаймын.

7 б сыныбында «Орталық және Шығыс Азия елдері» атты тақырыпта өткізілген ашық сабағымның сабақ жоспарын әріптестеріме ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер, жер бедерінің ерекшеліктері, әлемдік өркениеттің дамуындағы орны туралы оқушылардың білімін қалыптастыру.

2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың есте сақтау танымдық қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту, картамен сөйлей білуге баулу.

3. Тәрбилік мақсаты: ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: дәстүрлі емес

Сабақ түрі: танымдық ойын

Пәнаралық байланыс: биология, химия, тарих

Сабақ өткізу әдісі: интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап, ұжымдық, топтық түсіндіру, картамен жұмыс, илюстрация, демонстрация

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, Орталық және Шығыс Азия елдерінің картасы, Жарты шарлар картасы, электрондық оқулық, плакаттар

Сабақ барысы:

1) Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, журнал толтыру.

2) Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ - жауап


1. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің географиялық орнын салыстырып, табиғат жағдайларындағы басты белгілерді атаңдар?

2. Аймақтардың жер қойнауы пайдалы қазбаларға неге бай? Жауаптарыңды нақты мысалдармен толықтырыңдар,

3. Аймақтарда өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін атаңдар.

3) Үй тапсырмасын бекіту. Кестені толтыру.

Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

Оңтүстік Азия елдері

Пакистан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри Ланка, Мальдив Республикасы

Үндістер, бангладештер, пакистандықтар, бутандар

Шай, мақта, джут, күріш, қант қамысы, бидай өнімдері, Үнділер сиыр малын күш-көлік ретінде пайдаланылады. Қолөнер де халықтың күнкөріс көзі болып табылады.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері

Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней, Сингапур

Вьетнамдар, лао, тай, бирмалықтар, малайялықтар

Балық және теңіз өнімдерін аулау, бағалы ағаш сүрегін дайындау.

Төмендегі жоспар бойынша жаңа сабақ түсіндіріледі.

  1. Орталық және Шығыс Азия елдері құрамына кіретін мемлекеттер

  2. Жер бедерінің ерекшеліктері

  3. Әлемдік өркениеттің дамуындағы орны

Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдеріОрталық және Шығыс Азия елдеріОрталық және Шығыс Азия елдеріОрталық және Шығыс Азия елдеріОрталық және Шығыс Азия елдеріОрталық және Шығыс Азия елдері

Қытай ХР Монғолия ТМД құрамындағы Қаз Жапония Корей Р Корей ХДР

мен Орта Азия елдері

Ішкі айырмашылықтарына байланысты Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия бөліктеріне ажыратылады.


ООрталық және Шығыс Азия елдеріОрталық және Шығыс Азия елдерірталық Азия


Қытайдың көпшілік бөлігі Монғолия


Аймақ

Осы аймаққа кіретін елдер

Мекендейтін халықтар

Шаруашылығы

Орталық және Шығыс Азия

Қытай ХР, Монғолия, Жапония, Корей Р,

Қытайлар, монғолдар, жапондықтар, кәрістер

Бидай, қара бидай, күріш өсіреді, шай плантацияларын шығарады

Оқушыларды Қытай, Монғолия, Жапония деп үш командаға бөлу. Үйге тапсырма мен жаңа сабақ материалдарын пайдалану арқылы ойын түрлері ұйымдастырылады.

Сабақ төмендегі жоспар бойынша жалғастырылады.

  • І - тур. Таныстыру.

  • ІІ - тур. Кім жылдам?

  • ІІІ - тур. Шығармашылық жұмыс.

  • ІV - тур. Жеті жұмбақ.

  • V - тур. «Үндемес» ойыны.

  • VI - тур. «Ең, ең, ең...» сайысы.

  • VII - тур. Географиялық почта.

1. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады (әр топ өз тобының атын, төсбелгісін, газетін қорғайды). Жоғарғы бал 50 ұпаймен есептелінеді.

2. Кім жылдам? Көрсетілген жеті елдің астаналардың атын табу және оны картадан көрсету.

Қытай тобына:

Пакистан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри Ланка, Мальдив Республикасы,

Монғолия тобына:

Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин

Жапония тобына:

Малайзия, Бруней, Сингапур, Қытай ХР, Монғолия, Жапония, Корей Республикасы

3.Шығармашылық жұмыс. Бір елге сипаттама: географиялық орналасуы, табиғат ресурстары; ауыл шаруашылығы; астанасы.

«Қытай» тобы. Қазақстан Республикасына сипаттама береді.

«Монғолия» тобы. Корей Республикасына сипаттама береді.

«Жапония» тобы. Қытай Республикасына сипаттама береді.

  1. Жеті жұмбақ. Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Орталық және Шығыс Азия елдері

  1. (50) География. Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипелагын тауып, картадан көрсетіңіздер?

  2. (50) Химия. Темір, мыс, марганең, хромит, алтын, алмас, графит. Оңтүстік Азияның қай елдерінде өндіріледі?

  3. (50) Музыка. ҚР Тәулсіздігіне 20 жыл толуына арнап, бір шумақ ән орындау.

  4. (40) Биология. Қытай ХР 10 мыңнан аса сорты егіліп, өсірілетін дақыл?

  5. (40) География. Батыс Қытайдың әкімшілік жағынан Шынжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына енетін шөл-шөлейтті бөлігінде қандай ұлт өкілдері тұрады?

  6. (40) Қазақ тілі. Сан есімге байланысты сөйлем құрастыр.

  7. (30) Тарих Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері нешеге бөлінеді?

5. «Үндемес» ойыны. Үш командадан оқушылар шығып, Орталық және Шығыс Азия елдеріне байланысты объектілерді мимикамен көрсетеді. 1 топ айтады, басқалары тауып, атауларды тақтаға жазады. Осылайша қайталанып отырады.

6. «Ең, ең, ең...» сайысы. Берілген кестені толтыру. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді.

Ең, ең, ең ...

Жауаптары

1

Ең суық мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

2

Ең таяз мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

3

Ең жылы мұхит

Үнді мұхиты

4

Ең терең мұхит

Тынық мұхиты

5

Ең үлкен мұхит

Тынық мұхиты

6

Ең кіші мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

7

Ең енді мұхит

Тынық мұхиты

8

Тек солтүстік жарты шарда жатқан мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

9

Ең тұзды мұхит

Үнді

10

Ең тұздылығы аз мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит

11

Ауданы жөнінен 2-орын алатын мұхит

Атлант мұхиты


  1. Географиялық почта. Топ бойынша тесттерге жауап береді.

Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдеріҚытай тобына:

1. Жапонияның ең солтүстік аралы?

а) Гренландия ә) Хоккайдо б) Мадагаскар в) Ява

2. Үндістаннан Шри-Ланка аралына қалай жетуге болады?

а) Адам көпірі ә) Ұшақпен б) Машинамен в) барлық жауап дұрыс

3. Үндістанның үлкен қаласы?

а) Стамбул ә) Дели б) Калькутта в) Анкара

4. Жапонияның жылы ағысы?

5. Қытай астанасы? а) Улан-Батор ә) Севан б) Ашхабад в)Пекин

Орталық және Шығыс Азия елдеріМонғолия тобына:

1. Шайдың отаны? а) Қытай ә) Үндістан б) Түркіменстан в) Индонезия

2. Монғолия астанасы? а) Дели ә) Улан-Батор б) Тегеран в) Анкара

3. Мал шаруашылығы дамыған мемлекет?

а) Катар ә) Ирак б) Монғолия в) Тбилиси

4. Жапон аралдарында нешеге тарта жанартау бар?

а) 20 ә) 30 б) 100 в) 150

5. Фудзияма жанартауының биіктігі?

а) 3776 м ә) 2000 м б) 1500 м в) 2800 м

Орталық және Шығыс Азия елдеріЖапония тобына:

1. Қытайдың шығысындағы Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында қандай жазық орналақсан? а) Батыс Сібір ә) Ұлы Қытай жазығы б) Шығыс Сібір жазығы в) Еуропа жазығы

2. Тибеттің астанасы?

а) Лхаса ә) Жапония б) Корея в) Мадрид

3. Шығыс қытай елінде халықтың қанша % шоғырланған?

а) 60% ә) 40% б) 80% в) 90%

4. Қытайда өсірілетін негізгі дақыл - а) сұлы ә) арпа б) күріш в) тары

5. Жапонияның астанасы? а) Токио ә) Пекин б) Дели в) Сеул

Үйге тапсырма.

1. §28. Орталық және Шығыс Азия елдерін оқу.

2. "Азияның аймақтары мен елдері" картасын және қосымша мәліметтерді пайдаланып, өз бетіңмен Солтүстік Азия елдерінің қысқаша сипаттамасын құрастыр. 3. Қалауың бойынша Үндістан, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия, Жапония, Ресей, Израиль елдерінің бірін таңдап алып, қосымша әдебиеттер мен ақпарат құралдарын пайдаланып, оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама құрастыр.

Бағалау

Оқушыларды бағалау кестесі.

Топтың аты

І-тур

ІІ-тур

ІІІ-тур

ІV-тур

V-тур

VI-тур

VII-тур

Қорытынды

Қытай



Монғолия



Жапония



Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдері

Орталық және Шығыс Азия елдері


© 2010-2022