Табиғаттағы күштер 5 сынып

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы күштер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды табиғаттағы әр түрлі күштермен таныстыру және теориялық материалдарды іс жүзіндегі жұмыстармен ұштастырып отыру.

Дамытушылық: Әр түрлі табиғаттағы күштерге мысал келтіре білу.

Тәрбиелік: Тұрмыстағы кездесетін әр түрлі күштердің пайдалану барысында қауыпсіздік техникалық ережелерді сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекі қүралдар: оқулық, атлас, суреттер.

Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабақтың жоспарымен таныстыру.

2 . Өткен тақырыптан сүрау және тексеру:

  1. Мехеникалық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Тепе-теңдікке мысал келтір.

Жаңа тақырып бойынша:

I Қызығуды ояту Жұмбақтар шешу ( 2 мин).

Күнде қарап жатпайды,

Пышақтарды баптайды. ( қайрақ)

Табанға тақтым,

Жалпаң кақтым,

Зырлап бақтым. (коньки)

1. Кіріспе сөз - Мұғалім: Біздің такырыбымыз - осы жұмбақтардың шешулеріне байланысты.

- Күш деген ұғым алғашқыда - жүкті көтеру, тасты лақтыру, садақтың жебесін керу кезіндегі бұлшық еттердің жиырулына байланысты шыққан. Бұлшық еттердің керілу дәрежесі «күш» ұғымымен бағаланатын болған. « Күшті адам», « менің күшім жетпейді» деп жатады. Ал жануарлар және табиғат құбылыстары туралы - «піл - күшті жануар», «күшті жел», «күшті ағыс» дейді. Байқасаңдар бұл жағдайлардың барлығында бір дененің екінші денеге әсері туралы айтылады.

Дене басқа денелермен әсерлеспесе, өзінің жылдамдығын өзгертпейді және тыныштық қалпында қала береді. Ал әсерлесу денелердің жылдамдықтарының өзгеруін тудырады.

II Ой шақыру: «Күш» дегенде сендерге қандай ой келеді? «Күш» туралы білетін ойларыңды дәптерге жазыңдар. (жеке жұмыс).

- Жұптасып негізгі ойларыңызды ортаға салыңдар. (1 оқушы).

ІІІ - Мағынаны тану - Мәтінмен жұмыс:

1- ші топ.- Үйкелес күш.

2 - топ - Тартылыс күш.

Негізгі ойларын дәптерге жазады (жеке 10 минут).

Үйкелес күші. Денелердің әсерлесуін сипаттайтын физикалық шама КҮШ деп аталады Табағатта күштердің түрлері көп, солардың бірі үйкелес күші. Бұл - бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда пайда болатын күш. Үйкелес қозғалыс бағытына қарама - қарсы бағытталып, қозгалысқа кедергі жасайды. Мысалы: Еңбек сабақтарында, түрмыстық жұмыстарды істегенде - егеумен, электірлі қайрақпен, жұмыс істеп тұрған станок. Үйкелесті азайту, бөлшектерді тозудан сақтау үшін, арасын майлау қажет. Қазырғы кезде кішкентай шариктер қоятын әдіс ойлап тапқан- подшипниктер. Егер сендер партаның үстіндегі кітапты жай қозғасаңдар ол бірден қозғала қоймайды. Оған себеп болған үйкелес күшінің әсері. Егер кітапты катты қозғасақ ол бір бағытта сврғанай бастайды. Үйкелес күшінің әсерінен кітап тоқтайды. Кез келген дененің үстіңгң беті біз ойлағандай теп тегіс бола бермейді. Оны микроскоп арқылы байқауға болады. Дененің беті бұдыр болып келсе ұйкелес куші жоғарлайды. Бәтенкелеріңнің табанына қарап көріңдерші, нені байқайсыңдар.неге табандары бұдыр - бұдыр болып келген? Не себептен? Оқушылардың жауаптары.

Тартылыс күші - табиғаттағы негізгі күштерінің бірі.

Егер біз бір нәрсені қолдарымыздан түсіріп алсақ, ол әрдайым жерге құлап түседі. Тартылыс күш болмаса жер бетіндегі денелер (ағаш, үй, адам, жануарлар) ғарыштық кеңістікке ұшып кеткен болар еді осыдан 300 жыл бұрын ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бүкіләлемдік тартылысЗаңын ашты. Жердегі барлық денелер бірін - бірі тартады. Жердің жасанды серігі Жерді айналып қозғалады, өзендердегі сулар ағады. Айдың тартылысы Жердегі теңіздер мен мұхиттардың тасуы мен тартылуын туғызады. Күн жүйесі планеталары Күнді айнала қозғалады. Мұның барлығы Жердің тартылыс күшіне байланысты. Осы күш Жер атмосферасын ұстап тұр.

Табиғаттағы әр түрлі күштер: Ауырлық күш - жаңбыр тамшылары, қар түйіршіктері, ағаштан үзілген жапырақ - бәрі жерге тартылады.

Үлкен адам отырған тақтай майысып барып, қайта жиырылады, адам құламайды. Жүк ілінген жіп созылады, ауырлық күші әсер етсе де жүк құламайды. Үй төбесіне жиналған қар, ауырлық күші әсер етсе де, құламай, тұрып қалады. Себебі, үйдің төбесінде де, тақтайда да, жіпте де СЕРПІМДІК КҮШ пайда болады.

Ауырлық күшін , серпімдік күшін ДИНАМОМЕТРДІҢ көмегімен өлшеуге болады.

Тақырыпты бекіту: РЕФЛЕКСИЯ. Оқушыларға жеке жеке бір парақ ақ қағаз беріледі - әр топ өздері оқыған күштер туралы сүрет салады 10 минут. Тақтаға шығып оны қорғайды.

Сабақты қорыту - оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы:_Оқу._____________________________________________



© 2010-2022