Геокруиз сыныптан тыс жұмыс

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Геокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмысГеокруиз сыныптан тыс жұмыс

Шақа жалпы орта білім беру мектебі




География пәнінен сыныптан тыс шара

«Геокруиз»






Геокруиз сыныптан тыс жұмыс






География пәнінің мұғалімі: Садвакасова А.К.









Павлодар, 2015


География пәнінен сыныптан тыс іс -шара «Геокруиз»


Мақсаты: Оқшылардың оқу -тәрбиелік әсерлерін арттыру, география пәніне деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.

Ойынға екі топ қатысады, тақтаға аралдары бар теңіздің және екі желкеннің суреттері ілінеді. Топтың атын оқушылар ойлап табады.

Круиз Білім теңізі және теңіздің аралдарын аралау арқылы өтеді:

  1. Ойландия аралы

  2. Жұмбақтар аралы

  3. Автомобильдер

  4. Аспаздық

  5. Теңіз қарақшыларының кемені жаулап алуы

  6. Қара жәшік

Ойын барысы

І. Сыныпты ұйымдас тыру

ІІ. Оқушыларға ойынның міндетерін және ойынның өту барысын түсіндіру

ІІІ. Ойынды өткізу

Ойланландия аралы:

Бұл аралда оқушылардың көптеген географиялық терминдер мен түсініктерде қалай бағдар жасайтындықтары тексеріледі.


  1. Географиялық анограммалар:

Көмек кеңестерді пайдалана отырып керекті сөздерді тап

1.Топ:

  • удар р........(пайдалы қазба) руда

  • ажр ж.......(өзен жағасындағы тік баурай) жар

  • марасқыра с.......(құлама су) сарқырама

  • пенал Н..... (Азия мемлекеті) Непал

  • ғазайнай н......( атмосфералық құбылыс) найзағай

2.Топ:

  • игра Р.......(Латвия астанасы) Рига

  • арба а.......(ұлт) араб

  • Сало Л ......(Үндіқытай түбегіндегі ел) Лаос

  • Тиски Т .....(Лаптев теңізіндегі порт) Тикси

  • ыңшы ш.......( таудың ең жоғарғы бөлігі) шыңы

2.Геологика

Берілген анықтамалар бойынша географиялық терминді не түсінікті тап.

Шапшаң жауап берген топ жеңімпаз болып саналады әрбір дұрыс жауапқа (1 ұпайдан беріледі)

Сұрақтар барлығына бірдей қойылады:

  • Жылы, суық, жұлдызды, қышқылды, соқыр, сұйық, мөлдір (жаңбыр)

  • Алтын түстес, түйіршіктелген, ірі, ұсақ, теңіздік, жағалық (топырақ)

  • Қарлы, шаңды, құмды, (дауыл)

  • Материктік, вулкандық, құмды, теңіздік, шөлді, тіріліксіз (арал)

  • Жер асты, жер үсті, тыныш, кең, ұзын, таулы ( өзен)

3.Бір сөзбен ата:

1. Топ:

1.Теңіз, өзен, көл -тоғандар

2.Ессентуки, Анталия, Шармаль-Шейх, Мойылды -курорттар

3.Берн, Москва, Дели- астаналар

4.Игуасу, Анхель, Виктория - сарқырамалар

5.Губа, лиман, фьорд - шығанақтар

2.Топ:

1. Бог Огня, Фудзияма, Этна - жанартаулар

2. Гобби, Қарақұм, Қызылқұм - шөлдер

3. Невада, Индиана, Техас - штаттар

4. Ебі, сайқан, арыстанды Қарабас- желдер

5. Марқакөл, Ақсу - Жабағлы, Наурызым, Үстірт - қорықтар

Келесі аялдамамыз мақалдар аралы. Бұл ойында оқушылар географиялық терминдері бар мақалдарды естеріне түсірулері керек.

Жұмбақтар аралы.

Топтарға жұмбақтар жазылған парақтар таратылады.Жұмбақтардың шешуін табулары керек.

1-Топ:

  1. Мекені көкте екі ару

Бір-бірін көруге зәру (күн мен ай)

  1. Аспанды жағып өтеді

Бірақ бізге жетпейді (метеорид)

  1. Көкте жастық сөгілді,

Әппақ мамық төгілді.(қар)

2-Топ:

  1. Үлкен-үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп (Тау)

  1. Теңізбен жүріп, жүріп

Жағаға келіп құлайды. (Толқын)

  1. Не басы, не аяғы жоқ

Не алды, не арты жоқ

Жас та, кәрі де біледі

Оның үлкен шар екенін. (Жер)

Автомобильдер .

Екі тоақа бірдей сұрақтар беріледі. Тез әрі бірінші болып жауап берген топ жеңімпаз болады.

  1. Қай елде 1908 жылы «Дженерал Моторс» коорпорациясының негізі қаланды? (АҚШ)

  2. Италиялық Туринда автомобильдердің қай түрі шығарылады? (ФИАТ)

  3. Қай елде ХХ ғасырдың 30 жылдарында барынша қарапайым және әрбір жанұяға қолжетімді «халық» автомобилін шығару идеясы туындады.Шығарылған автомобильдер қанқызға ұқсас болды, осыған байланысты «жучок» деген атқа ие болды. Бұл қандай автокөлік? (Фольксваген (Германия))

  4. Қай елде 1913 жылы «Ниссан» фирмасының негізі қаланды? (Жапония)

  5. «Ролс-Ройс» фирмасы қай елдің нышаны болып табылады? (Великобритания)

  6. Қандай автокөлік «Шведский чемодан» атағына ие болды? (Универсал Вольво )

Аспаздық.

Әр топқа меню беріледі, мұндағы тағамдар құпия. Топтардың міндеті меню құрастыру.

Меню 1-топ:


  1. Бұл сусын бүкіл әлемге әйгілі, оның отаны Оңтүстік -батыс Қытай (шай)

  2. Қандай тәтті тағам француз қаласы Пломбьер атымен аталған (пломбир)

  3. Нені Африкада негрлік нан деп атайды? (банан)

  4. Ортасынан екі бөлінген домалақ тоқаштың ортасындағы еттен жасалған котлеті бар тағам Германия қаласының құрметіне аталған. (Гамбургер,Гамбург)

Меню 2-топ:

  1. 875 жылы Эфиопияның Кафа провинциясында табылған бір өсімдіктердің дәндерінен сергітетін сусын жасаған. Бұл қандай сусын? (Кофе)

  2. Бұл сусын сүтсіз, ағылшындар бұл сусында жай ғана шөп деп есептейді (шай)

  3. Бұл соус франциялық Майон қаласының құрметіне аталған. Қандай соус жайлы айтылған? (Майонез)

  4. Бразилиялық үнділер оны «НАНА» деп атайды, ал бізде ол қалай аталады? (Ананас)

Теңіз қарақшыларының кемені жаулап алуы

(дүниежүзінің физикалық картасын альбос парағына желімдеп, сосын оны бірнеше бөлшектерге қиып тастау, алдын ала Саргасс теңізі мен Атлант мұхитын крестик арқылы белгілеп қою. Бұл жерден теңіз қарақшыларына қазынаны табу керек). Оқушылар картаны тез арада құрастырулары керек. (кім жылдам).

Қара жәшік

Бұл затты ежелгі Египетте фениктерден жасаған, ал ежелгі Русьте оны үйеңкінің шәрбатынан, қанттан, балдан, ал Еуропада қантталған кептірілген жемістерден жасаған. Бұл не? (кәмпит)





© 2010-2022