Тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе қаласы № 35 орта мектебі география пәнінің мұғалімі Тлеугабылова Гулханым Ертлеуқызы

Пәні:жаратылыстану Күні: 09.03.2013 Класы:5

Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Сабақтың мақсаты: а) Мәдени өсімдіктердің түрлері, жабайы өсімдіктерден айырмашылығы және мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарының дәлелдері туралы мағлұмат беру

ә) оқушылардың сабаққа белседіліктерін, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру

б) Туған жерін сүюге, құрметтеуге, оқып үйренуге, байлықтарын, экологиясын қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Білім-білік дағдыларын қалыптастыру Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі А) Сынып тазалығын бақылау Ә) Оқушыларды түгендеу Б) оқушылардың назарын сабақа аудару

Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ! Досың - жер, су, мөлдір ауа, өсімдік. Ала жүріп осылардың сыйлығын, Осыларды қорлау деген не сұмдық!

(Х.Ерғалиев) I тур. «Кім жылдам» II тур. «Білгім келеді…» ІІІ Тест ІҮ тур. Топтастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру I тур. «Кім жылдам» 1) Қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер? 2) Мәдени өсімдіктердің адам қажетіне өтейтін бағалы дақылдар туралы сипаттама 3) Азық - түлік, мал азықтық, техникалыққа жататын өсімдіктерді атаңдар 4) Бидай неге «негізгі азық-түлік өнімі» деп аталады? 5) «Картоп - екінші нан» деп неге аталған? 6) Көкөністік дақылдардың маңызы 7) Өздерің тұрған жерде көкөністік дақылдарының қай түрлері өсіріледі?

3. Кестені толтыру

Мәдени дақылдар

Мәдени дақылдарға жататын өкілдер

II тур. «Білгім келеді…»

Жаңа сабақ: Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Мәдени өсімдіктердің сан алуандылығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н.И.Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүниежүзінің 52 елдерінде болды. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық үрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1000-ға түрін зерттеді.

Қазақстан селекционерлерінің еңбектері де аз емес. Қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Ол кандидаттық және докторлық диссертациясын Ленинградта академик Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған. Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетті.

Вавилов алғашқыда 8 орталық бар деп есептеді. Кейінгі еңбектерінде негізгі 7 орталықты ажыратып жазды. Олар мыналар:

Мәдени өсімдіктердің орталығы

Қай өсімдіктердің отаны

Қай елдер


Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты.сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталады. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылыми келді.

Жинаушы кезеІріктеме Қолтұқым Селекция ғылымы (іріктеу, сұрыптау)

ІІІ Тест

1) Дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктердің шығу тегін зерттеп, мәдени орталықтарын ашқан ғалым А) И.Мичурин ә) Н.Вавилов б) В.Ковалевский в) Г.Карпеченко 2) Қайсысы мәдени өсімдік А) Жуа ә) Жусан б) Тары в) Ебелек 3) Сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір түр дараларының жиынтығы А) Іріктеме ә) Жинаушы кезең б) Қолтұқым в) селекция 4) Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекциясын зерттеуді өркендетуші А) С.Я.Шабаев ә) А.Б.Бұқтыбаева б)И.Г.Цыганков в) К.Мыңбаев 5) Жануарлардың қолдан шығарған түрі қалай атаады? А) Іріктеме ә) Қолтұқым б) Селекция В) Жинаушы кезең 6) Вавилов еңбегінде неше орталықты ажыратты А) Алты ә) Сегіз б) Жеті в) Тоғыз 7) Картоптың отаны А) Оңтүстік Америка ә) Солтүстік Америка б) Азия в) Иран

Жауабы: 1-ә, 2-б, 3-а, 4-в, 5-ә, 6-б, 7-а

IV тур. Топтастыру

Ү.Бағалау : оқушыларды бағалау

ҮІ .Үйге тапсырма: §36. «өзіміздің жерде өсетін мәдени өсімдіктердің түрлері» туралы альбом жасау











© 2010-2022