Ауадағы су буы. Бұлттар. Атмосфералық жауын-шашын

Мақсаты білімділік: оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, оқушыларға атмосфералық жауын- шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, іздені...
Раздел География
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ауадағы су буы. Бұлттар. Атмосфералық жауын-шашын.

Мақсаты білімділік: оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, оқушыларға атмосфералық жауын- шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру

Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Оқу құралдары: интерактивтік тақта, тест, кестелер

Сабақ түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап

Сабақтың жоспары:

І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - өткен тақырыпты сұрау (16 мин)

ІІІ кезең - жаңа тақырыпты түсіндіру, білім мен икемділіктерін бекіту (21 мин) ІV кезең - бағалау кезеңі (2 мин) V кезең - қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сынып әкіміне сабақ соңында параққа түсіріп жазып беруін сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру

І - топ

Жел дегеніміз

сол бағыттың атымен аталады солтүстік желі, солтүстік-батыс желі, шығыс желі, т.с.с.

Желдің пайда болу себебі

жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта
бір жерден екінші жерге ауысуы.

Жел көкжиектің қай жағынан соқса

ауа қысымының жер бетіне әркелкі
таралуы.

ІІ- топ

Тұрақты

бағытын тәулігіне 2 рет өзгертеді.

Жел жылдамдығы м/сек

жер бетіндегі қысым белдеулеріне байланысты

Бриз

Желбағар (флюгер) құралымен анықтайды

ІІІ - топ

Дауыл

бағытын жылына 2 рет өзгертеді.

Муссон

Масштаб бойынша күн саны белгіленеді (1км-0,5см).


Жел өрнегі

жылдамдығы 19-30м/сек.


Тамшылар бір-біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының нәтижесінде іріленеді. Сөйтіп олар ауада қалықтап жүре алмайтын халге келеді де, салмағымен құлдилап құлайды,

яғни ЖАҢБЫР жауады

Жаңбыр бұлты жоғары өрлеген жерге тап келсе, ондағы су тамшылары өте үлкен биікке көтеріліп кетеді де, қатып мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады әрі үлкейе түседі. Соның нәтижесінде

жерге БҰРШАҚ жауады.

Қыста үлкен биіктікте бұлттағы су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір-бірімен жабысып ҚАРҒА айналады

Күзде, қыста және көктемде жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен жанасқанда бойындағы су тамшылары мұз қатып, шөп, бұта т.б. байланысқанда ҚЫРАУ пайда болады

Қалың түманда немесе қатты аязда ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су буы мұз түйіршіктеріне айналып, ұсақ қиыршық мұз сымғағ ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалады. Оны ҚЫЛАУ деп атайды.

Жаз күндері күндіз булану күшті жүретіндіктен ауаға су булары көп жинақталады. Жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен (шөп, бұта, т.б.) жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни ШЫҚ түседі

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар атмосфералық жауын- шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік алады.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға «жауын-шашын», оның түрлерін жазыңдар деген тапсырманы береді.

Балалар тапсырманы орындайды.

ІV

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.





І- тапсырма. Сәйкестендір

1-топқа.

Термометр ауа ылғалдылығы

Анероид барометр ауа қысымы

Озон газы тропосферада

Ауа райы түзіледі стратосферада



І- тапсырма. Сәйкестендір

2-топқа

Атмосфера озоносфера

Стратосферадағы маңызды қабат 21 %

Бүкіл ауаның 80% қай қабаттта 78%

Оттегі тропосфера

Азот ауа қабаты



І- тапсырма. Сәйкестендір

3-топқа

Көмірқышқыл газы сызық

Тропосфераның шекарасы 50-55 км

Стратосфераның шекарасы 15-18км

Изотерма 760 мм

Қалыпты атмосфералық қысым 1%



ІІ-тапсырма. Кестені толтыр

Сағ 0100

Сағ 700

Сағ 1300

Сағ 1900

ТОТ

-200С

-230С

-160С

-190С


І апта

ІІ апта

ІІІ апта

IVапта

АОТ

100С

80С

00С

-40С


Қыс

Көктем

Жаз

Күз

ЖОТ

-160С

50С

250С

80С


ІІІ - тапсырма. Географиялық диктант

1-топқа

  1. Су буы салқындағанда қайтадан ... күйге ауысады.

  2. Бұлттардың аспанды торлауы ... деп аталады.

  3. Бұлттар пішініне қарай ... деп бөлінеді.

  4. 2 км биіктікке дейін ...түзіледі.

  5. Бұлттылық мөлшері ... белгіленеді.

2-топқа

  1. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда ... түзіледі.

  2. ... үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды.

  3. Жауын - шашын жаумайтын бұлт ...

  4. ... бұлт 800-1000 м биікте түзіледі.

  5. Жер бетінен жоғары көтерілген ауа шоғырланып ... құрайды.

3-топқа

  1. 6 км биіктікте ... бұлт түзіледі.

  2. ... бұлтта жазда нөсер жаңбыр жауады.

  3. Қыста жапалақтап қар жауатын ... бұлт

  4. ... бұлт мұз кристалдарынан тұрады.

  5. Ұзаққа созылатын ақ жауын ... жауады.

IV- тапсырма. Кестені толтырыңда.

Жауын- шашын түрлері

Қандай ауа- райында түседі?

Жылдың қандай мезгілінде түседі?

Қандай бұлттардан түседі?

Жаңбыр

Бұршақ

Қар

V - тапсырма. Жұмбақтар шешу

Түбі тесік шелектен

Суы тамшылап тұрғандай,

Басталып еді ол еппен

Ақтарылды түк қалмай (Жаңбыр)

Құлағы мен көзі жоқ,

Тіпті жоқ қол мен аяғы.

Бірақ, ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою салады

(Қырау)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Олай болса, бүгінгі сабақ тақырыбы: «Атмосфералық жауын - шашын »

Слайд- шоу музыкамен көрсету. (2 мин)

Топтарға тапсырма беру.

І-топ. Қар, жаңбыр, бұршақ туралы.

ІІ-топ. Қырау, қылау, шық туралы.

ІІІ-топ. Жауын - шашынды өлшеу.

Әр топ өз тапсырмаларын тақтаға шығып қорғайды.

Жауын - шашынның жер бетінде таралуы туралы айтамын. Картамен түсіндіру.

Астана - 411 мм

Алматы - 629 мм

200с.е 200о.е - 2000мм

Тынық мұхитындағы - Гаваи аралдарында

Гималай тауында 12.000мм

Қазақстанда 200 - 300 мм мұхиттан булану-буланушылық

Қорытынды.

Үйге тапсырма: Атмосфералық жауын - шашын. Өздерің тұрған жердің

жылдық жауын - шашын мөлшерін біліп анықтау.

ІІІ - тапсырма. Географиялық диктант

1-топқа

  1. Су буы салқындағанда қайтадан ... күйге ауысады.

  2. Бұлттардың аспанды торлауы ... деп аталады.

  3. Бұлттар пішініне қарай ... деп бөлінеді.

  4. 2 км биіктікке дейін ...түзіледі.

  5. Бұлттылық мөлшері ... белгіленеді.



ІІІ - тапсырма. Географиялық диктант

2-топқа

  1. Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда ... түзіледі.

  2. ... үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды.

  3. Жауын - шашын жаумайтын бұлт ...

  4. ... бұлт 800-1000 м биікте түзіледі.

  5. Жер бетінен жоғары көтерілген ауа шоғырланып ... құрайды.





ІІІ - тапсырма. Географиялық диктант

3-топқа

  1. 6 км биіктікте ... бұлт түзіледі.

  2. ... бұлтта жазда нөсер жаңбыр жауады.

  3. Қыста жапалақтап қар жауатын ... бұлт

  4. ... бұлт мұз кристалдарынан тұрады.

  5. Ұзаққа созылатын ақ жауын ... жауады.

ІІ-тапсырма. Кестені толтыр

І - топ

Сағ 0100

Сағ 700

Сағ 1300

Сағ 1900

ТОТ

-200С

-230С

-160С

-190С






ІІ-тапсырма. Кестені толтыр

ІІ - топ

І апта

ІІ апта

ІІІ апта

IVапта

АОТ

100С

80С

00С

-40С






ІІ-тапсырма. Кестені толтыр

ІІІ - топ

Қыс

Көктем

Жаз

Күз

ЖОТ

-160С

50С

250С

80С




IV- тапсырма. Кестені толтырыңда.

Жауын- шашын түрлері

Қандай ауа- райында түседі?

Жылдың қандай мезгілінде түседі?

Қандай бұлттардан түседі?

Жаңбыр



IV- тапсырма. Кестені толтырыңда.

Жауын- шашын түрлері

Қандай ауа- райында түседі?

Жылдың қандай мезгілінде түседі?

Қандай бұлттардан түседі?

Бұршақ






IV- тапсырма. Кестені толтырыңда.

Жауын- шашын түрлері

Қандай ауа- райында түседі?

Жылдың қандай мезгілінде түседі?

Қандай бұлттардан түседі?

Қар




© 2010-2022