География пәнінен сабақ жоспары Апатты табиғат құбылыстары

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Аймихан Маржангүл

Ақмола облысы Макинск қаласы

Балуан Шолақ атындағы мектеп лицейі

2 Апта

Сабақ

8-сыныпта

Оқушының саны 27

Сабақтың атауы

Апатты табиғат құбылыстары

Сілтеме

Бейсенова Ә,Карпеков Қ 8-сынып оқулығы. 235-236 бет

Жалпымақсаты

Табиғаттың апатты жағдайлары туралы түсінік беру.

Табиғаттағы апаттардың шығу тегіне қарай бөлінуі, табиғаттағы апаттардың түрлері шығу тегі мен таныстыру.

Міндеттер:

1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа ақпаратты жан-жақты беру арқылы оқушыға ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

1.Табиғаттағы апаттардың қаншалықты күрделіекендігіне түсінік қалыптастыру ;

2.Жаңа ақпаратты беру арқылы оқушыға табиғаттағы апатты жағдайлар туралы ұғымды қалыптастыру.

3.Жаңа сабаққа деген қызығушылығын тудыру;

Тапсырмалар

1. оқулық 235 бет оқу.

2. интернет желісінен табиғатта болатын апатты құбылыстар туралы мәлімет әкелу.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Қызғушылықты ояту.

Слайд.видеороликтен әлемдегі апатты жағдайларды көрсету.

Мұндай апаттар елімізде Алматыда 1889-1911 жылдары болған су тасқыны, жер сілкінісі көрінісін көрсету

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

ІІ. Мағынаны тану

-Мұндай апатты жағдайлардың алдын ала болжауға болама?

-Еліміздің астанасын неге Алматыдан Астанаға көшірілді ?

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

Тапсырма -Жеке /1 мин /

Слайдтан көргендеріңді, білгендеріңді жеке, жұпта талдау жасап, флипчартқа түсір.

Шағын топта топтастырып түсіреміз /3 мин /

- Сыныпта қорғаймыз / 1 мин /

Мәтінмен жұмыс өзің үшін жаңа ақпараттарды дәптерге теріп жазып ал.

Тапсырма: 1. Жеке оқы/1мин / Слайд 4/1

2.Топта талқылап, филпчартқа қосып жаз

3. Сыныпта қорғау /1 мин /

Рефлексия

ІІІ. Ой қорытынды

Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не болды?

(Жоғарыдағы тақырыпты жазу бос орнына тақырыпты қоямыз)

Үйге тапсырма: Тақырып бойынша қосымша материал жинап келу.

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

Бағалау: /3мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала

Белсенділігін бағала

Мұғалімнің бағалауы


1


2


3


4


















4-сабақ. «Апатты табиғат құбылыстары және олармен күресу шаралары» болжау

Мұнда рет сандары арқылы алдын ала топқа бөліп отырғызамын. Бұл 8-сыныпта өтілген төртінші сабақ болғандықтан жеті модулдың барлығын да мүмкіндігінше қолдану. Бүгінгі сабақты өз көшбасшылығыма алдым.Қызығушылықты ояту кезеңіде бүгінгі сабағымды әлемдегі болған талай адамның өмірін қиып,қаншама қауіп-қатер төндірген табиғаттың апатты жағдайларынан бейне фильмдер көрсетемін. Өйткені ондай апаттарды сөзбен айтып балаға сендіру , сезімін ояту мүмкін емес. Сондай апатты құбылыстар біздің елімізде Алматыда 1889-1911 жылдары апатты жер сілкінісінің болғанын көрсетемін де, сұрақ қоямын. Мұндай апатты жағдайлардың алдын ала болжауға болама? Оқушылардың жауабынан кейін.Қауіп қатерді,әсіресе құрылықтағы бауырмен жорғалаушылар, тау- тастарды паналап өмір сүретін және жер астын мекендейтін хайуанаттар екенін тағыда видеороликтен көрсетемін.

Мағынаны тану. Берілген мәтінді оқып өз үшін жаңа ақпараттарды дәптерге жазғызамын. ( оқулық 235-236 бет ).

Ой қорыту.Оқушыларға апатты жағыдайларда сен табиғатқа қандай үлес қосар едің ойларын жеке, жұпта,шағын топта талқылап,флипчартқа түсіріп, сыныпта әр топта бір оқушы қорғауға тапсырма беремін. Қортындылап болған соң сонда бүгінгі күнгі тақырып не болғанын сұрап тақырыпты тақтаға жазамын.Сабақ соңында әдеттегідей оқушыларды өзін-өзі бағалау әдісін бойынша бағалатып,өзімнің қойған бағаммен қарастыра отырып бағалайтынымды айтып.Үйге тапсырма жазғызамын.

  • Неге еліміздің астанасын Алматыдан Астанаға көшірілді?

  • Кескін картаға Қазақстандағы апатты құбылыстар жиі байқалатын аудандарды түсіріп келуге тапсырма беремін.

Сабақ соңында кері байланыс әдісі арқылы сабақтың ұнағаны немесе ұнамағанын, келесі сабаққа ұсыныстарын білу үшін алдын ала дайындалып, ілінген көңіл-күй нышанына стикерлер жабыстыру арқылы білемін.

Қолданылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

8-ші сынып оқулық,әдістемелік құрал .

Интернет желісі.



4-сабақ. «Апатты табиғат құбылыстары және олармен күресу шаралары» талдау

Сабағымды сандары арқылы алдын ала топқа бөліп отырғыздым. Бұл 8-сыныпта өтілген төртінші сабақ. Бүгінгі сабақты өз көшбасшылығыма алдым.

Қызығушылықты ояту .слайд №1. Бүгінгі сабағымды әлемдегі болған талай адамның өмірін қиып,қаншама қауіп-қатер төндірген табиғаттың апатты жағдайларынан бейне фильмдер көрсеттім.Өйткені ондай апаттарды сөзбен айтып балаға сендіру, сезімін ояту мүмкін емес. Сондай апатты құбылыстар біздің елімізде Алматыда 1889-1911 жылдары апатты жер сілкінісінің болғанын көрсеттім.Диалогтық оқыту тәсілдерін қолданып оқушы -мұғалім арасында диалог өткіздім.

-Мұндай апатты жағыдайлардың алдын ала болжауға болама? Табиғи апат болатын кезде жануардың мінез қылығында қандай өзгеріс болатындығын білетіндерін,естігендерін сұрадым. Зерттеудегі Арман акварумдегі балықтардың қалай тынышсызданатынын Жапонияның бір аз елдерінде арнайы осы тәсілді қолданатыны жайлы айтып оқушыларды таң қалдырды. Оқушылардың жауабынан кейін.Қауіп қатерді,әсіресе құрылықтағы бауырмен жорғалаушылар, тау- тастарды паналап өмір сүретін және жер астын мекендейтін хайуанаттар екенін тағыда видеороликтен көрсетіп отырып солардың ішіндегі ең алдыңғы қатарда ит,мысық, балықтардың жалпы жануарлардың мінез қылығында қандай өзгешеліктер болатындығын әңгімелеп айтып бердім.Осы жерде диалогтық әдісі өте жақсы шықты.

Мағынаны тану кезеңінде . Берілген мәтінді оқып өз үшін жаңа ақпараттарды дәптерге жазғыздым. ( оқулық 235-236 бет ).

Ой қорыту кезеңінде

-Оқушыларға апатты жағыдайларда сен табиғатқа қандай үлес қосар едің? ойларын жеке, жұпта,шағын топта талқылап,флипчартқа түсіріп, сыныпта әр топта бір оқушы қорғауға тапсырма бердім.Бұл тапсырма орындалу барысында зертеудегі көп сөйлемейтін Мереке өзі жазған эссені топ алдында қорғап берді. Қортындылап болған соң сонда бүгінгі күнгі тақырып не болғанын сұрап тақырыпты тақтаға жаздым. Сабақ соңында әдеттегідей оқушыларды өзін-өзі бағалау әдісін бойынша бағалатып,өзімнің қойған бағаммен қарастыра отырып бағалайтынымды айтып. Бүгінгі сабақ оларға қызықты өтіп, өздеріне көп мағұлмат алғандарын айтты.

Үйге тапсырма жазғыздым.

-Неге еліміздің астанасын Алматыдан Астанаға көшірілді?

-Кескін картаға Қазақстандағы апатты құбылыстар жиі байқалатын аудандарды түсіріп келуге тапсырма бердім.

Сабақ соңында кері байланыс әдісі арқылы сабақтың ұнағаны немесе ұнамағанын, келесі сабаққа ұсыныстарын білу үшін алдын ала дайындалып, ілінген көңіл-күй нышанына стикерлер жабыстыру арқылы білемін.

Қолданылған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

8-ші сынып оқулық,әдістемелік құрал .

Интернет желісі



© 2010-2022