Сотүстік Американың ішкі сулары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың ішкі сулары

Мақсаты: Оқушыларға Солтүстік Американың ішкі сулары, өзен-көлдері, алаптары жөнінде түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Солтүстік Американың ішкі сулары, өзен-көлдерін, олар кіретін алаптарды меңгерту.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

1. Ұйымдастырушылық кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу.

2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

1)«Бинго ойыны» . Құтының ішіндегі сұрақтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.

1. Материктің климатын қалыптастыратын факторларды ата?

2. Материкке әсер ететін ауа массаларын ата?

3. Материкті кесіп өтетін климаттық белдеулерді ата?

4. Торнадо дегеніміз не?

5. Ураган дегеніміз не?

6. Гренландия аралындағы қаңтардың орташа температурасы?

7. + 20 ˚ С - бұл температура нені көрсетеді?

8. Материктегі жауын- шашын ең көп байқалатын жер?

9. Материктегі шілденің солтүстіктегі және оңтүстіктегі орташа температуралары қанша?

2) Оқушыларға берілген жеке тапсырма бойынша кітапта берілген қалалардың жауын- шашын және температура картасына талдау жасату.

3) Оқушыларға берілген жеке тапсырма бойынша торнадо және ураган туралы видео көрсету.

3. Жаңа сабақ кезеңі

1) Сабаққа кіріспе. Адасқан әріптерді құрастыру.

МИССИСИПИ- ИСПИСИМСИ

МИССУРИ- ИСМУРСИ

МАКЕНЗИ- КАЗМЕНИ

Өздерің байқағандай бұл Сотүстік Америкадағы өзендердің атаулары, ендеше тақырып Солтүстік Америка көлддері.

2) Картамен жұмыс. Оқушылар атлас карталарын пайдаланып

1- топ - Өзендерді

2- топ - Көлдерді

3- топ- Сарқырамаларды табу керек.

3) Постер құрастыру

1- топ - Атлант мұхиты алабының өзендеріне сипаттама беру және оларды картадан көрсету.

2- топ - Солтүстік мұзды мұхиты алабының өзендеріне сипаттама беру және оларды картадан көрсету.

3- топ- Тынық мұхиты және ішкі тұйық алабының өзендеріне сипаттама беру және оларды картадан көрсету.

4) Конверттегі сұрақтар

1- топ - Сотүстік Америкада көлдердің қандай типтері таралған?

2- топ - Ұлы көлдер жүйесіне қандай көлдер кіреді?

3- топ- Ниагара сарқырамасына сипаттама беріңдер?

Сергіту сәті.Бүгін бізде «Африка», «Антарктида», «Еуразия».

4.Сабақты бекіту

1) Семантикалық карта

Атаулар

Өзен

Көл

Сарқырама

Миссисипи

Ниагара

Эри

Онтарио

Миссури

Макензи

Гурон

Мичиган


2) Сұрақ- жауап әдісі (доп арқылы)

1. «Су атасы» дегенді білдіретін өзен?

2. Үндістер «Үлкен өзен» деп қай өзенді атайды?

3. «Тұнбалы өзен» деген атауға ие өзен?

4.Үндістер тілінде «Гүрілдеуік су» деген мағынаны білдіретін не?

5. Ниагара сарқырамасының ені мен биіктігі?

6. Бойында 20- дан астам СЭС салынған өзен?

7. Миссисипи өзенінің Миссуримен қоса есептегендегі ұзындығы?

5. Бағалау.

Бағалау картасы арқылы әркім өзін бағалайды

Аты- жөні:

Үй тапсырмасы

Картамен

жұмыс жасауы

Топпен жұмысы

Семантикалық

картамен жұмысы

Бекіту сұрақтарына жауабы

Қорытынды бағасы


6. Үйге тапсырма. Солтүстік Американың ішкі суларын оқу, мазмұндау. Өзендері мен көлдері туралы қосымша деректер әкелу.

© 2010-2022