Азияның жетекші елі Жапония

Сабақтың мақсаты:   Біліктілік: Жапонияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бедерін,сипатын, экономикалық  және экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.  Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, әрі логикалық ойлау, есте сақтау, көру қабілетін дамыту. Тәрбиелік:  Оқушыларды өз елін, жерін  сүюге, құрметтеуге, әрі интернационалдық, экологиялық тәрбие беру. Көрнекілігі: Саяси карта, атлас,  тірек-сызба, суреттер, әдебиеттер т.б Сабақтың түрі: Қалыптан тыс Сабақтың әдіс- тәсілі: Тірек-сызба түрінде баяндау, сайыс түрінде ойын элементін жалғастыру.
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚО, Түлкібас ауданы

М.Шаханов атындағы ШЖЖОМ

География, биология пән мұғалімі

Бектұрсұнова Сұлужібек Оңалбекқызы



Пән аты: География Сыныбы : 11

Сабақтың тақырыбы: Азияның жетекші елі Жапония

Сабақтың мақсаты:

Біліктілік: Жапонияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бедерін,сипатын, экономикалық және экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, әрі логикалық ойлау, есте сақтау, көру қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құрметтеуге, әрі интернационалдық, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Саяси карта, атлас, тірек-сызба, суреттер, әдебиеттер т.б

Сабақтың түрі: Қалыптан тыс

Сабақтың әдіс- тәсілі: Тірек-сызба түрінде баяндау, сайыс түрінде ойын элементін жалғастыру.

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, химия, математика.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: а. Оқушыларды түгелдеу.

б. Керекті құралдарын әзірлеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру: Азияның кеңістігіне тән басты ерекшеліктерді атаңдар. Азияның жолбарысы атанған елдеріне сипаттама. Тест сұрақтарына жауап беру.

3.Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру: Неліктен Жапонияны «Күншығыс елі» деп атайды ? Жер бедері қандай ? Қанша аралдан тұрады?

4.Жаңа сабақты сапалы игеруге дайындық.

5.Жаңа сабақ: Тірек-сызба түрінде түсіндіру.

Жапония мен Қазақстанның арасындағы қарым-қатынас. Жапония мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас нығайып келеді. Жапондықтар Арал теңізінің экалогиялық жағдайын жақсартуға, Семей өлкесінің табиғатын орнына келтіруге, Ертіс өзеніне көпір салуға, сондай-ақ медициналық көмек беруде көптеп қаражат бөлді. Сондай-ақ Батыс Қазақстанның автомобиль жолдарын, Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға миллиондаған қаражат бөліп келеді. Арал теңізі мен Арал маңында экологиялық жағдайды жақсартуға көмектесуде. Қазіргі Жапон ғалымдары экологияны тазарту бағытында жұмыс істеп жатыр.Келешекте мұнайды қолданбау мүмкіндігін қарастыруда. 6. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары: 1.Жер аумағының көлемі бойынша Жапонияны қандай елдермен салыстыруға болады? 2.Жапония шаруашылығының дәстүрлі саласы қандай? 3.Елде негізгі неше дін бар?

4.Халықтың орташа орналасу тығыздығының көрсеткіші қандай?

5.Жапония халқының құрмет тұтып, құлшылық ететін орны?

7. Жаңа сабақты ойын түрінде жалғастыру. География саласы бойынша оқушылардың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз. Сабағымызда әр оқушы жеке сайысқа түсіп жарысады. Соңынан жеңімпаз анықталады. Сол үшін оқушылардың сайысын саралайтын әділқазы алқасы керек,сондықтан әділқазыны өз орнына отырғызсақ. Білім деген биік шың, бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақыл шың, қиындықтан өткізер-деп оқушыларымыздың өздері дайындаған ойын элементіне назар аударалық. 1-ші оқушы-«Білім биржасы» ойыны. 1.Бұл ойынның шарты: Тақтаға әр түрлі түстегі конверттерді іліп қояды, оларда әр түрлі деңгей-дегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы өз қалауы бойынша тапсырма алып, дайындалып жауап бере-ді. Оқушы-"акционер", ал мұғалім "банкир", жауаптары "акциямен" бағаланады. Толық емес жауап- сары түсті акция, дұрыс жауап-жасыл түсті, жартылай дұрыс жауап-қызыл түсті. 1-ші деңгейлік сұрақтар қояды. 1.Жапонияның ақша бірлігі (иена) 2.Жапондық жекпе-жек өнері.(каратэ) 3.Жапонияның ұлттық діні.(Синтоизм) 4.Жапонияның халқының саны.(127 млн) 5.Жапонияның мемлекеттік құрлысы.(Монархия) 2-ші деңгейлік сұрақтар қояды.

1. Жердің кішкентай бөлігі ғана ауыл шаруашылығына жарамды. Осыған қарамастан жапондар өздерін бұл өніммен толық қамтамасыз етеді. 2.Жапондар бұл өнімді шығару кезінде алдымен белгілі бір мемлекеттің климатын, жолдарын тұтынушылардың сатып алу қабілетін зерттеп аналитикалық- статистикалық есеп жүргізеді.

3.Жапон әйелдерін бұл киімсіз елестету мүмкін емес. Осыдан 11 ғасыр бұрын қандай болса қазірде сондай ?

4. Жапондар табиғатты сүйеді, әрі нәзік сезіммен қабылдайды. Олар жыл мезгілдерінің ауысуына ерекше мән береді. Бұл мерекеде көктемнің келгенін білдіреді.

5. Ерте кезде жапондар бақытгүлді өте жоғары ұстаған. Ол гүл жоғары даңқты білдіретін. Бақытгүлдің суреті жапондардың киімінде болған және император үйінде, эмблема ретінде қолданылған. Қазір бақытгүлді не ретінде қолданады? (елтаңба) 2-ші оқушының ойыны: Кез-келген мемлекеттің туларын қай мемлекеттіке екенін анықтап картаға жабыстыру. 3-ші оқушының ойыны:"Қызықты әңгімелер" 1. Жапония-әлемдегі ең ірі капиталды экспортқа шығарушы мемлекет. Өйткені ол алтын валюта қорының біршама көп бөлігін иеленеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы 10 банкінің 7-уі жапондық.

2. Хонсю аралындағы Фудзияма жанартауының биіктігі 3776м.Синтоизм дінін ұстанушыларға Фудзи-қасиетті тау. Жыл сайын мыңдаған адамдар шың басындағы ғибадатханаға сапар шегеді.

3. Жапония алдында әскери мақсатқа мамнданған шаруашылығын бейбіт өмірге лайықтап қайта құру міндеті тұр. Жеңіске жеткен америкалықтардың озық техникасымен едәуір сапалы жақтарын басып озу мақсатын алға қойды. 4-ші оқушының ойыны: "Географиялық диктант" 1.Жапония аумағының негізін топ аралдар құрайды, олардан ең ірілері ………, …….., ……., ………, бұдан басқа……….енеді. 2.Жапонияны "Ішкі теңіз" Сикоку аралының батыс жағалауын, …… аралының оңтүстік-шығысын және ……….аралының солтүстігін шайып жатыр. 3.Жапондар арасында кең тараған діндер …………мен………… 4.Букет құрау- икебана …………елінің өнері. 5.Жапония жерінің әрбір ………..жер сілкінісі болып тұрады. 5-ші оқушының ойыны: «Географиялық шынжыр» Интерактивті тақтаны пайдаланып отырып, цифрларды анықтау.

300012800000060037764760000000400

Жауабы: 3000 оңтүктік-батыстан солтүстиік шығысқа қарай ұзындығы. 128000000 - Жапония халық саны. 600-ден астам балық мекендейді. 3776 м - Фудзияма жанартауы. 47- префектура. 60000000 - Токайдо мегаполисінде тұратын халық саны. 400 - табиғи саябақтар.

Сабақты қорытындылау: Не білем? 1.Жапонияның географиялық орны 2. Жапонияның экономиясы 3.Табиғаты 4.Жапонияның экологиялық жағдайы Не білгің келеді? 1.Жапонияның жер өлшемі 2.Жапонияның қазіргі халқының саны

3.Жапонияның тілі 4.Жапонияның валютасы Нені білдім? 1.Жапония туралы мәлімет алдым 2.Басқа елдерден ерекшеліктері 3.Жапонияның даму дәрежесі, дамыған ел екендігін білдік. VІ. Әділ қазы алқасы жеңімпаз оқушыны анықтайды. VII. Оқушыларды жинаған ұпай санына қарай бағалау, марапаттау. VIІІ. Үйге: Жапон халқының салт -дәстүрі бойынша мәлімет жинап келу. IX. Сабаққа қатысқандарыңызға, назар аударғандарыңызға рахмет.

© 2010-2022